Табиғат абаилдаев


олардың деңгейін к теріп, тиімділігін арттыру



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата06.03.2017
өлшемі5,7 Mb.
#7798
1   2   3   4   5   6   7

олардың деңгейін к теріп, тиімділігін арттыру 

қажеттігін баса айтты.  зге аудандардан 

да осындай маңызы зор қоғамдық кеңестер 

ұйымдастыру қажеттігіне тоқталды. Ең 

бастысы,  облысымызда қоғамдық келісім мен 

саяси тұрақтылық нығая түскендігін жеткізді.  

Суреттерді түсірген 

Ақәділ РЫСМАХАН.

2

27  а тар, 2015 жыл



www.akjolgazet.kz

ӨТІРІКТІҢ ҚҰЙРЫҒЫ 

ӨТІРІКТІҢ ҚҰЙРЫҒЫ 

БІР-АҚ ТҰТАМ

«СЕРІК АХМЕТОВ ӨЗ-ӨЗІНЕ ҚОЛ САЛДЫ» 

ДЕП ГУЛЕТКЕН «МАЕКЕЕВ» ҚОЛҒА ТҮСТІ 



«Жалған ақпар жарға жығады». Иә, әлеуметтік желілердің 

бірінде «Еліміздің бұрынғы Премьер-министрі Серік Ахметов дүние 

салды» деген ақпарат тараған болатын. Сол жалған «жаңалықты» 

жер әлемге жар сала таратқан күдікті қолға түсті, деп жазады 

отандық бірнеше ақпараттық сайттар.

Жергілікті ішкі істер департаменті мен Ұлттық қауіпсіздік 

комитеті қызметі 24 жастағы Т.Рысқұлов ауданы, К гершін 

ауылының тұрғыны Жандос Байшемиров сондай қадамға барғанын 

растапты. Ол  зінің «В контакте» желісінде фейк аккаунт ашып, 

оған «Руслан Маекеев» деген ат қойғанын, осылайша «Серік 

Ахметов шейіт болды» деген ақпарат таратқанын мойындап отыр. 

Құқық қорғау органдарының  кілдері аталмыш азаматтың 

компьютер және ұялы телефонның «Уатсап» қызметі арқылы 

әлгі ақпаратты таратқанын алға тартады. Тұрар Рысқұлов 

ауданына қарасты К гершін ауылының тумасы күдікті Жандос 

Байшемировтің бұл әрекетіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

274-баптың 2-тармағы бойынша айыпталып отырған оған жалған 

ақпарат таратқаны үшін 5000 АЕК к лемінде айыппұл салынуы 

немесе екі жыл мен бес жыл аралығында бас бостандығынан 

айырылуы мүмкін. 

Дайындаған Табиғат АБАИЛДАЕВ,

«Ақ жол».

НҰРЛЫ  ЖОЛ  -  БОЛАШАҚҚА  БАСТАР  ЖОЛ

ҚАЗАҚСТАН

АҚПАНДА ҚАЗАҚСТАНДА АИ-92 ЖАНАРМАЙЫ 

АРЗАНДАУЫ МҮМКІН

ҚР Энергетика министрі Владимир Школьник ақпан айында 

АИ-92 жанармайы бағасының т мендеуі мүмкін екенін жоққа 

шығармайды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Парламент Мәжілісіндегі Үкімет 

сағатынан соң журналистер министрден 

« А қ п а н   а й ы н д а ғ ы   б а ғ а   қ а ң т а р ғ а 

қарағанда т мен болады деуге үміт 

бар ма?» деп сұрады. «Мен солай деп 

үміттенемін. (...) Т рт облыста қазірдің 

зінде бағаның арзандап жатқанын 

білемін», - деп мәлімдеді ол. Министр 

Үкіметтің әрбір май құю бекетінде бағаны қолдан ұстап тұра 

алмайтынын, тек шектік бағаны ғана белгілеуге болатынын айтты. «Біз 

желтоқсан айында бағаны екі рет т мендеттік. Бүгінде қолданыстағы 

жанармайды 109 теңгеден құя аласыз, қазір к птеген облыста оның 

құны т мендеп жатыр, яғни біз бағаны одан әрі к теруге болмайтынын, 

одан т мендетуге болатынын белгіледік. Сондықтан мемлекет әрбір 

жанармай бекетінде  з бағасын белгілей алмайды, бірақ мынадай 

шамадан асыруға болмайды деп айта алады, одан әрі олар  здері 

бәсекелесіп, бағаны т мендете берсін», – деді министр. Журналистер 

Школьниктен «Осы айда немесе ақпан айында жанармайдың шектік 

бағасын т мендету жоспарланып отыр ма?» деген сұрақтың жауабын 

нақтыламақ болды. «Бұл мәселе қаралып жатыр, бірақ басқа да 

мәселелер бар, арзан бензин қаптап кетеді де, біздің зауыттарымыз 

бәсекеге қабілетті болмай қалады деген қауіп бар, сонымен бірге, егер 

біреуіне рұқсат бермей қойсақ, тапшылық болады, біз 30 пайызын 

сырттан әкелеміз», - деді ол. 

КАНАДА



АДАМНЫҢ ҒАРЫШТА ҚАЛАЙ ЖЫЛАЙТЫНЫ 

БЕЛГІЛІ БОЛДЫ 

Канада ғарыш агенттігінің астронавты Крис Хэдфилд адамдардың 

ғарыштағы тіршілік ету салтымен таныстырды. Оның 

бейнебаянын, түрлі қызықты роликтерді орыс тіліне аударумен 

айналысатын Vertdider.com ресурсы тәржімалап берді. 

« А д а м д а р   ғ а р ы ш т а   қ а л а й 

ж ы л а й д ы ? »   д е п   а т а л а т ы н 

б е й н е б а я н д а   Х э д ф и л д 

ғарышкерлердің к з жасы қалай 

шығатынын к рсетіп, әңгімелеп 

б е р е д і .   О н ы ң   а й т у ы н ш а , 

салмақсыздықта адамның к з жасы 

әдеттегідей жерге ағып түспейді. 

«К з жасы ақпайды, ол к зден шыққан кезде сол шыққан жерде 

тұра береді, осылайша қанша жас аққанын к ре алатын боласыз», – 

дейді астронавт. Хэдфилд, сонымен қатар, ғарышкерлердің басқа да 

тұрмыстық мәселелері туралы айтып берді. «Ғарышкерлер ғарышта 

қалай ұйықтайды?» деп аталатын бейнебаянда ол адамдардың арнайы 

ұйықтау камераларында, қабырғаға ілінген ұйықтау қабының ішінде 

демалатынын түсіндіреді. «Жастықтың қажеті жоқ, тіпті басты да ұстап 

тұрмау керек. Тек дененің әр бұлшық етін босаң ұстау керек, қолды бос 

қойса, олар алдыңызға жайылады, ал бас алда болады», - деді астронавт.

ГРЕЦИЯ

ДЕМИС РУССОС ӨМІРДЕН ӨТТІ

Грецияда белгілі әнші Демис Руссос 26 қаңтар күні 68 жасында 

дүниеден озды. Бұл ақпаратты шоумен Никос Алайас таратқан. 

12 наурыз күні Мәскеуде шығармашылығының 50 жылдығына 

арналған концертін  ткізуі тиіс әншінің неден қайтыс болғаны 

нақтылануда. 

Д е м и с   Р у с с о с   1 9 4 6   ж ы л ы 

Александрияда  нерлі отбасында 

дүниеге келген. Болашақ әртістің  

анасы әнші болса, әкесі классикалық 

гитарада ойнаған. Руссос музыкалық 

мектепте оқи жүріп, гитара, контрабас, 

труба, органдарды да меңгерген. 1950 

жылдардың ортасына қарай Грецияға 

к шіп келген. Небәрі 15 жасынан 

бастап мейрамханаларда белгілі әндерді орындай жүріп, отбасы үшін 

ақша тапты. Ал үлкен танымалдылыққа Парижде Rain & Tears әні 

арқылы ие болды. Алғашқы жеке альбомы 1971 жылы «On The Greek 

Side Of My Mind» деген атпен шыққан болатын. 1975 жылы үш бірдей 

күйтабағы он үздік альбомдар қатарына енді. Демис Руссос әлем халқы 

тыңдаған  барлығы отызға жуық күйтабақ шығарған. 

ҚЫТАЙ

ҚАЗАҚТЫҢ ХАЛЫҚ МЕДИЦИНАСЫ 

ҚЫТАЙДЫҢ МӘДЕНИ МҰРА ТІЗІМІНЕ ЕНГІЗІЛДІ

ҚХР-дың Шыңжаң Ұйғыр автономиялы  лкесінің Алтай 

округінде қазақ ұлттық медицинасы мен қазақтың ұлттық ойыны 

– ат спорты мемлекеттік санаттағы материалдық емес мәдени 

мұраның кеңейтілген тізіміне ресми түрде енгізілді.

Қазақтың халық медицинасы мен ат спорты ойындары қазақ 

ұлты шоғырланған Алтай  лкесінде кеңінен  ріс алған. Ежелгі халық 

медицинасы – қазақ халқында ұрпақтан-ұрпаққа тарап келе жатқан 

үрдіс. Халық емшісі  тебойдақ Тілеуқабылұлы ХV ғасырда халық 

медицинасы туралы жинақталған білімді қорытындылап, жүйелеп 

кітап етіп шығарды. Алтай қазақ медицинасы ауруханасының  кілі 

қазақи ем-дом қалыпты дәрілермен қоса, диетотерапия және жарық 

терапиясы сияқты  згеше емдеу тәсілдерін қамтиды. Ауруханада 

қазақ халық медицинасы мен заманауи медициналық технологиялар 

үндестіріле қолданылады.

Интернет материалдары бойынша дайындалды.

ша

рт



ар

ап

шартарап



Махметғали 

САРЫБЕКОВ, 

М.Х. Дулати 

атындағы Тараз 

мемлекеттік 

университетінің 

ректоры, педагогика 

ғылымдарының 

докторы, профессор.

Жолдауда білім беру саласына да айрықша 

назар аударылды. Елімізде, оның ішінде 

облысымызда да апатты жағдайдағы мектеп 

санының азаймай тұрғандығы белгілі. Осы 

мәселені шешу үшін Елбасы тапсырмасымен 

Ұлттық қор тарапынан білім саласына 2015-2017 

жылдар аралығында  қосымша 100 миллиард 

теңге б лінетін болды. Оның ішінде 70 миллиард 

теңге орта мектептерді дамытуға арналмақ. 

Еліміз бойынша анықталған индустрияландыру 

шеңберінде ғылымның экономика салаларымен 

байланысы бар мамандар даярлайтын он бірдей 

жоғары оқу орнының материалдық-техникалық 

әлеуетін қалыптастырып, нығайту жұмыстарына 

да қомақты қаражат бағытталғалы отыр.

Елбасы ендігі жерде экономикалық саясатты 

қайта бағдарлауда қолдауды экономикалық 

с і м   м е н   ж ұ м ы с п е н   қ а м т у д а   а с а   ү л к е н 

мультипликативті тиімділік беретін салалар 

алуы тиістігін атап к рсетті.  Шағын және 

орта бизнесті дамыту ісі де одан әрі жалғаспақ. 

Осы күнге дейін Ұлттық қордан шағын және 

орта бизнесті дамытуға 100 миллиард теңге 

б лінген. Нәтижесінде елімізде жаңа 4 500 жұмыс 

орны пайда болды. Несиелеу және «Бизнестің 

жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 

облысымызда да жұмысын жаңадан бастап 

жатқан кәсіпкерлерге жергілікті қазынадан 

3 миллион теңге к лемінде гранттар б лініп, 

олардың  з ісін дамытуына, қосымша жұмыс 

орындарын ашуына мүмкіндік берілген болатын. 

Елбасының тапсырмасы бойынша осы күнге 

дейін атқарылып келе жатқан шараларға 

қосымша кәсіпкерлерге пайызы жеңілдетілген 

несие беру де  қарастырылған. Бизнесті 10 

жылға бар-жоғы 6 пайызбен несиелеудің бұрын-

соңды болмаған шарты жасалды. Мұның 

барлығы да елді мейлінше бақуатты ету жолында 

жүзеге асырылып жатқаны белгілі.  леуметтік 

мәселелердің шешімі – елдің бейбіт   Е л б а с ы 

Жолдауын ТарМУ-дың профессор-оқытушылар 

құрамы да, студенттер де үлкен ықыласпен 

қабылдады. Қазіргі уақытта университет 

деңгейінде түрлі ақпараттық-насихаттық топтар 

құрылып, жастарға Жолдаудың мән-жайын 

толыққанды түсіндіру жұмыстары басталды. 

Елбасы ұсынған «Нұрлы жол – болашаққа 

бастар жол» Жолдауын жұмыла жүзеге асыратын 

боламыз. Атап айтқанда, жастар саясаты, 

еңбек, рухани-адамгершілік және эстетикалық 

тәрбие беру бағыттарындағы жұмыстар биыл 

да қарқынды жалғастырылмақ. Мемлекет 

басшысының «Қазақстанның әлеуметтік 

жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына 

қарай 20 қадам» тұжырымдамасында халықтың 

әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға, 

әл-ауқатын арттыруға ерекше назар аударылып, 

Үкімет алдына таяу мерзімде жүзеге асыру 

үшін 20 тапсырма жүктелгені белгілі. Елбасы 

тапсырма беріп қана қоймай, қазіргі кездегі 

қоғамдық қатынастарға терең талдау жасап, 

тапсырманың орындалуы бойынша ай сайын 

сараптама жасап отыратындығын да нақты 

айтты. Осы тапсырма арқылы Елбасы біздің 

қоғамда азаматтарды еңбекпен қамту қазіргі 

ең басты міндеттердің бірі екенін атап к рсетті. 

Елбасы бұл істі шағын және орта бизнесті одан 

әрі дамыту арқылы шешуге болатындығын баса 

айтты.  Біз осы жоспарды орындау бойынша 

нақты іс-шараларды атқаратын боламыз. Бұл 

тұрғыда әлеуметтік еңбек қатынастарының тиімді 

модульдерін қалыптастыру қажет. Сондықтан 

зін- зі жұмыспен қамтыған белсенді халықтың 

жағдайын және еңбекпен қамту саласының 

мүмкіндіктерін саралай отырып, жұмыспен 

қамтуға қарай ойысу, жұмыссыздық деңгейін 

айқындаудың әдісін жетілдіру бүгінгі күннің 

бірінші кезекте шешілуі тиіс міндеттерінің біріне 

айналып отыр.

Біздің студенттеріміз де ендігі жерде тек білім 

алумен ғана шектелмей,  «Жасыл Ел» еңбек, 

сондай-ақ, студенттік құрылыс жасақтарының 

құрамында шыңдалудан  тіп, еңбектің мәні мен 

мағынасын терең ұғынып  сетін болады. Биылғы 

жазғы демалыс кезеңінде  ңірімізде жол, к пір, 

әлеуметтік нысандар құрылыстары ауқымының 

бұрнағыдан да ұлғайтылатыны бізді де қуантып 

отыр. Соған сәйкес,  зіміздегі құрамында жеті 

бастауыш жастар ұйымы бар жастар комитетінің 

жұмыс жоспарлары «Жастар саясатының 

концепциясы» негізінде қайта қаралып, 

толықтырылды. Жалпы, студент жастардың 

қоғамымыздың толыққанды мүшесі ретінде 

қалыптасуы мен дамуына жан-жақты үлес қосу – 

басты міндетіміз. Ұжым мен студенттер арасында 

жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар университеттің 

жағымды имиджінің қалыптасуына  зіндік оң 

ықпалын да тигізуде. Бұл істе оқу орнымызда 

былтыр құрылған «Кураторлар мектебінің» де 

үлесі мол болып отыр. Кураторлар және тәрбие 

жұмысы ж ніндегі Кеңестер жоспарларына 

сәйкес, университет бойынша академиялық топ 

кураторларымен оқу-тәрбие жұмысына қатысты 

мәселелерді бірлесе талқылау, студенттердің 

үлгерімі, сабаққа қатысуы, жүріс-тұрыс тәртібі, 

университеттің қоғамдық  міріне қатысуы ұдайы 

назарда болады. Мұның барлығы да Елбасы 

Жолдауында белгіленген міндеттердің нақты 

іс жүзіне асырыла да бастағандығының нақты 

дәлеліндей.

Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы 

– Елбасының таяудағы халыққа арнаған 

Жолдауының да негізгі арқауы болып  рілді. 

Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 

басымдықты к рсете отырып, ел экономикасын 

одан әрі дамытумен қатар, қоғамдық сананы 

да ортақ мақсат т ңірегіне топтастыруға 

үндейтін, «Қазақстан-2050» Стратегиясында 

к зделген түпкілікті мақсаттарға жетудің жолын, 

бағдарын к рсеткен Мемлекет басшысының 

тұжырымдамасы – тек Үкіметтің алдағы 

атқарылуы тиіс тапсырмаларын нақтылап беруі 

ғана емес, бүкіл қоғамды елдікке, бірлікке, 

болашақты бірге жасауға шақыруы, үндеуі деп 

түсінгеніміз абзал.

ЖОЛДАУ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ

ЖОЛДАУ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ

ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ МЕН САЯСИ 

ТҰРАҚТЫЛЫҚ НЫҒАЯ ТҮСТІ

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: ТАПСЫРМА МЕН ТАЛАП



Эльвира ЖАРЫЛҚАСЫНОВА,

«Ақ жол».

БАҚ – ХАЛЫҚ ПЕН БИЛІК АРАСЫНДАҒЫ ДӘНЕКЕР. ДЕГЕНМЕН, МҰНЫ БАРЛЫҚ БАСШЫЛАР 

ЕСКЕРЕ БЕРМЕЙТІН СЕКІЛДІ. ОЛАЙ ДЕУІМІЗГЕ КЕЙБІР  ЛАУАЗЫМ ИЕЛЕРІНІҢ  ТІКЕЛЕЙ ЭФИР 

АРҚЫЛЫ ХАЛЫҚПЕН ЖҮЗДЕСУГЕ НЕМҚҰРАЙДЫЛЫҚ ТАНЫТУЫ СЕБЕП. МӘСЕЛЕН, БЫЛТЫР 

БІРІНШІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТЫҢ ЖОСПАРЫ БОЙЫНША ТЕЛЕДИДАР АРҚЫЛЫ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРГЕ 

5 БАСҚАРМА БАСШЫСЫ, 4 АУДАН ӘКІМІ ШЫҚПАЙ ҚАЛҒАН. 

Ертеңгі күнге зор үміт артатын, болашаққа бағыт-бағдар 

беретін Елбасының жыл сайынғы кезекті Жолдауын Қазақстан 

халқы асыға күтетіні белгілі.   р жыл сайынғы Президент Жолдауы 

з жаңалықтарымен, құнды идеяларымен, еліміздің жаңғыруына, 

ркендеуіне негіз болатын салмақты тұжырымдармен 

ерекшеленеді.  йткені, Перзидент Жолдауы – еліміз үшін жыл 

сайынғы басты құжат.

Біз – мәртебелі жолдың жолаушыларымыз. Елбасы, «Нұр 

Отан» партиясының Т рағасы Н.Назарбаевтың бүгінгі Қазақ 

еліне арнаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты 

Жолдауы ел тұрғындарына, әсіресе, жастарға  те әсерлі болуы 

шарт. Себебі, жаңа Жолдау экономикалық саясаттың жалғасы 

iспеттi. Онда қазіргі таңдағы қиындықтарға т теп беру, орын 

алған экономикалық жағдайдан шығу жолдары айқындалған, 

орындалуы тиіс нақты іс-шаралар ұсынылып,  ел экономикасын 

дамытудың басты салаларына айрықша к ңіл б лінген. 

Шағын және орта бизнесті, к лік, энергетика, индустриялық 

инфрақұрылымды дамытуға, қолжетімді тұрғын үй, мектептер 

мен балабақшалар құрылысына мемлекет қорынан қыруар 

қаржы б лінуде. Осы іс-шаралардың орындалуы халқымыздың 

әлеуметтік жағдайының  суіне септігін тигізеді деп ойлаймын. 

Бүгінгі күнде іске асырылып жатқан жұмыстың жемісін біз ғана 

емес, біздің ұрпағымыз да к ретініне мен кәміл сенемін.

Сондай-ақ, Жолдауда авто, темір, әуе жолдарының салынуы 

жайлы айтылды. «Қазақстанның барлық аймақтары темір 

жолмен, тас жолмен, әуе жолымен  зара тығыз байланысуы 

керек. Аймақтардың  зара байланысын жақсарту – елдің ішкі 

әлеуетін арттырады, облыстардың бір-бірімен сауда-саттығын, 

экономикалық байланыстарын нығайтады», деді Мемлекет 

басшысы. 

сіресе, осы жолғы Жолдауында Елбасының жалға берілетін 

баспана құрылысын салу тәжірибесін қайта қарау туралы берген 

тапсырмасы к ңілге қонымды болды.

Биылғы Жолдауда белгіленген басым бағыттар мен міндеттерді 

жүзеге асыру, еліміздің баянды болашағы жолында аянбай бірлесе 

еңбек ету, еңбектің берекелі зейнетін к ру бүгінгі күні әрбір 

қазақстандық азаматтың қасиетті парызы болып қала бермек. 

Демек, Президентіміздің биылғы Жолдауы мүмкін нәрселерді 

қамтамасыз ету жолындағы басты құжат болып табылады. Оған 

атсалысу – барлығымыздың міндетіміз. Сондықтан біз бірігіп, 

түсінісіп, ақылға салып іс қылсақ, барды бар деп бағалай білсек

бағалай отырып, әрқайсымыз  з саламызда тер т ге еңбек 

етсек, оны  згелерге үйретіп, насихат етуді жолға қойсақ, біздің 

экономикамыз тұрақты, тәуелсіздігіміз мәңгілік болады.



Ләззат  БІШЕВА, 

облыстық әділет департаментінің 

б лім басшысы.

БАЯНДЫ БОЛАШАҒЫМЫЗДЫҢ БАҒЫТЫ

ЕЛБАСЫ ЖЫЛ АЙРЫҒЫНДА ТАЯУ ЖЫЛДАР ІШІНДЕ 

КҮТІЛЕТІН ЖАҺАНДЫҚ СЫНАҚТАР КЕЗЕҢІНЕН ЛАЙЫҚТЫ 

ӨТУДІҢ НАҚТЫ МІНДЕТТЕРІ БЕЛГІЛЕНГЕН ЕЛІМІЗДІҢ 

ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫН ЖАРИЯ ЕТТІ. 

ХАЛЫҚҚА АУЫРТПАЛЫҚ ТҮСІРМЕЙ, ӘЛ-АУҚАТЫН, 

ӨМІР САПАСЫН ЖАҚСАРТУДЫ КӨЗДЕГЕН БАҒДАРЛАМА 

БИЫЛҒЫ ЖЫЛДЫҢ АЛҒАШҚЫ КҮНІНЕН БАСТАП ЖҮЗЕГЕ 

АСЫРЫЛА БАСТАЙТЫН БОЛАДЫ. ДӘСТҮРЛІ ЖОЛДАУДЫҢ 

МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ЖАРИЯЛАНУЫ ДА СОДАН.

u

ДІНІҢ ТҰРСЫН 



ДІН АМАН

(Соңы. Басы 1-бетте).

Біздің еліміз зайырлы да демократиялық мемлекет ретінде діни 

т зімділік пен келісімді ынтымақты ұстанатынын білеміз. Елбасы 

2012 жылы «Қазақстан - 2050» Стратегиясын жариялап, одан кейінгі 

Жолдауында да сол стратегияны іске асырудың негізгі бағыттарын 

белгілеп берді. «ХХІ ғасырда Қазақстанда дін қандай болу керек?» 

деген тарауда Елбасы- «Біз - мұсылманбыз, оның ішінде  бу Ханифа 

мәзһабын ұстанатын сүннеттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол 

ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген. Ендеше, 

бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін – ислам дінін қадірлей отырып, 

ата дәстүрін ардақтағаны абзал». Бірақ бізде зайырлы қоғамның 

дәстүрлері де бар екенін, Қазақстан зайырлы мемлекет екенін 

ұмытпауымыз керек», – деді Ерқанат Нұрбапаұлы.

Бұдан кейін облысымыздың ҚМДБ бойынша  кілі, «Һибатулла 

Тарази» орталық мешітінің бас имамы Данияр қажы Алимұхамедұлы 

«Мәуліт арабша «туылу», «туылған уақыты» деген мағыналарды 

білдіреді. Адамзаттың асылы, пайғамбарлардың ардақтысы 

Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туған уақытына байланысты тойланатын 

мейрам Мәуліт мерекесі деп аталады. Қиямет күнгі шапағатшымыз, 

ұлы ұстазымыз, жолбасшымыз пайғамбардың (с.ғ.с.) туған күнін 

атап  ту – құптарлық жақсы амал» дей келе, жиналған жұртшылыққа 

қала тұрғындарына ізгі тілегін жолдады.

«Асыл мұра»  нер орталығының  нерлі жігіттері кеште тағылымы 

мол қойылымдар қойып, к рермендердің к ңілін бір серпілтті. Атап 

айтар болсақ, «Ана мен бала», «Үрей мен Үміт» секілді сахналық 

қойылымдар к пшілікті ізгілікке шақырып отырды. Сонымен қатар, 

Майлықожаның термелері  орындалып, Абайдың қара с здерінен 

мысалдар келтірілді.

Сондай-ақ, кеште бас имам Данияр қажы дін саласында 

қажырлы еңбек атқарғаны үшін Қордай, Т.Рысқұлов, Талас және  

Байзақ аудандарының имамдарын алғыс хатпен марапаттады. 

Кешті ұйымдастырып отырған «Һибатулла Тарази» мешіті Мәуліт 

мерекесіне арналған рухани кешті тамашалауға келгендерге 

Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с.)  мірі туралы жазылған үш 

томдық кітап және «Иман» журналы салынған 800 пакетті сыйға 

таратты. Ақжаулықты әжелеріміз шашу шашты. Кеш соңында 

«Зікірулла» әні орындалды.

МЕЙІРІМ


МЕЙІРІМ

 МЕРЕКЕСІ

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚА

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚА

 

ҚОЛ ЖЕТКІЗІЛДІ



Кеше Ақордада Мемлекеттік хатшы Г.  бдіқалықова дүниежүзілік 

Банктің тұрақты  кілі Л. Буткомен кездесті. Сондай-ақ, кездесуге 

Білім және ғылым министрі А. Сәрінжіпов пен Ұлттық экономика 

вице-министрі М.  білқасымова да қатысты. 

Кездесу барысында Мемлекеттік хатшы Елбасының «Нұрлы жол 

– болашаққа бастар жол» атты Жолдауын жүзеге асыру барысында 

бірлескен инвестициялық жобалардың маңыздылығына тоқталды. 

Сонымен қатар, елімізде экономикалық білімді қалыптастыру үшін 

ғылыми әлеуетті күшейтіп, инновациялық жобалар шеңберінде білім 

мен технологияға бағытталған трансферттерді жеделдетіп, ұлттық 

инновациялық жүйенің тиімділігін арттыру қажеттілігін тілге тиек 

етті. 


Тараптар дүниежүзілік банк пен Қазақстан арасындағы әріптестік 

туралы  ткен жылдың мамыр айында қол жеткізілген деңгейлік 

келісімге сәйкес, сол жылы қыркүйек айында қабылданған 

Ынтымақтастық бағдарламасын іске асыруға байланысты бірқатар 

мәселелерді талқылады. 

Кездесу қорытындысында адам капиталын дамыту, ғылым мен 

инновацияны ынталандыру, еңбек нарығының талаптарына сай 

келетін еңбек дағдыларын дамыту ж ніндегі бірлескен жобалар 

бойынша ынтымақтастықты тереңдету бойынша уағдаластыққа қол 

жеткізілді. 



«Ақ жол-Ақпарат».

ЗАҢ ЖӘНЕ ЗАМАН



3


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет