- Мекен ету ортасы: тұщы, ащы, лодтық (тоқтау) және ленттік (ағынды) суларда, гигрофиттер (ылғалды жерлерде), эпифиттер (ағаш діңдерінде);
- Балдырлар –өте ежелгі өсімдік болғандықтан құрылысы өте қарапайым.
- Денесі мүшелерге, ұлпаларға салаланбаған. Мұның себебі не?
- Денесі таллом немесе қатпаршақ деп аталады. Таллом бір, көп жасушалы болады.
Хламидомонада мен хлорелланың салыстырмалы сипаттамасы - 1.Хлоропластарында a және b хлорофилдері каратиноидтар мен ксантофиллдарға қарағанда көп.
- 2.Хлоропластары құрылысы жағынан жоғары сатыдағы өсімдіктерге жақын.
- 3.Негізгі қор заты-крахмал.
- 4.Жасуша қабықшасы-жасунық.
- 5.Жыныстық және жыныссыз ұрпақтың кезектесуі (изогамия,оогамия,гетерогамия).
Хлорелла - Балдырларды ұзақ уақыт тірі күйінде сақтау үшін Прат ортасы қолданылады.
- Құрамы: 1л суда 0,1г KNO3, 0,01гK2HPO4, 0,01г MgSO4, ,0,05г FeCl3 тұздары ерітіледі;
№1зертханалық жұмыс Тақырыбы: Бір жасушалы балдырлардың құрылысы - Мақсаты: бір жасушалы жасыл балдырлардың құрылыс ерекшеліктерімен танысу
- Құрал-жабдықтар: микроскоп,балдырлы су үлгілері,жабын әйнек
- Реактив: йод ерітіндісі;
- Жұмыс барысы:
- 1.Заттық шыныға хламидомонадасы бар бір тамшы су тамызып,жабын әйнекпен жабамыз.
- 2. Хламидомонаданың пішіні мен қозғалысына назар аударамыз!
- 3. Жасуша қабықшасын,цитоплазма,ядро,хроматофорды табамыз,хроматофордың түсі қандай, ол немен байланысты?
- Стигманы тауып, оның атқаратын қызметін анықтаймыз.
- 4.Микропрепаратты йод ерітіндісімен бояп, балдырдың түсінің өзгеруінің себебін түсіндір!
- 5.Хламидомонаданың суретін салып, негізгі бөліктерін көрсет!
Достарыңызбен бөлісу: |