(Spirogyra)-тұщы суларда, суға жасыл түс беретін, сырты сілемей,жібі бір қатарға орналасып, ұзын жасушалардан құралған, хромотофоры орама пішінді көп жасушалы балдыр;
Улотрикс (Ulothrichales)-дене пішіні жіп тәрізді, ағынды суларда субстратқа бекініп тіршілік етеді.Әрбір жасушадағы жасыл түсті хромотофоры жалпақ білезік пішінді;
Улотрикс (Ulothrichales)-дене пішіні жіп тәрізді, ағынды суларда субстратқа бекініп тіршілік етеді.Әрбір жасушадағы жасыл түсті хромотофоры жалпақ білезік пішінді;
Жасыл балдырлардың көптүрлілігі
Жасыл балдырлар. Жоғарғы қатар: хламидомонада, хлорелла, микрастериас, қос пішінді сценедесмус ,домаланғы (вольвокс).
Төменгі қатар,солдан оңға: спирогира, улотрикс, ульва, каулерпа, кладофора
Қандай балдырларда бақалшақ бар?
Диатом балдырлардың құрылысынмен Брекса өзенінен алынған үлгідегі диотемеялардың мысалында танысамыз
Диатом балдырлар:су түбінде тіршілік етеді.
Жасушаның іш жағынан пектинді қабық, ал сыртынан кремнеземнен құралған екі жақтаулы сауыт қаптап тұрады. Пектинді қабық құрылымсыз, жұқа, жасушасы бір ядролы, хромотофорасында хлорофилдің a , c пигменттерінен басқа қоңыр-фукоксантин,сары-каротин болуымен сары түсті болады. Қор заты-полисахарид лейкозин және май. Пиннулярияны белдеу жағынан қараса,онда оның екі жақтауы айқын көрінеді. Оның ішкі жақтауы-гипотека,оны жауып тұратын сыртқы үлкен жақтауы-эпитека.
саңылаулар
Хлоропластары қоңыр таспа тәрізді
эпитека
гипотека
ядро
Тіршілігін жойған диатом балдырларының бақалшықтары су түбіне шөгіп,тығыздалып, диатомит және трепел минералдарын түзеді.
Тіршілігін жойған диатом балдырлары және олардың сынықтары
Диатом балдырлар. Жоғарғы қатар, солдан оңға: қос хетоцерос , жұқа диатомея , фрагилярия, талассиосира , рабдонема . Төменгі қатар,солдан оңға: көгілдір мастоглора , мелозира , табеллярия, теңіз навикуласы, пиннулярия
Қандай балдыр ең ірі?
Жапырақтәрізді тақташасы таспа тәрізді,үлкен, 50см дейін жоғары созылған бөлім,онда интеркалярлы меристеманың жасушалары үнемі бөлінгендіктен жапырақ таспалары түсіп, көктемде ауысады.
Негізгі қор заты: ламинарин (паренхимада)
Пигмент түрлері: хлорофилл a және c, бетакаротин,ксантофилл, қоңыр фукоксантин;
Саргассум (Sargassum)
қоңыр балдыры
Мексика шығанағында жидекті саргассум көптеп. тараған. Жидектері іші ауаға толы көпіршіктер.
Балдырлар солардың көмегімен суда жүзуін тездетеді, сөйтіп Гольфстрим ағысымен алыс мұхиттарға тез таралады.
Қоңыр балдырлар. Жоғарғы қатар,солдан оңға: фукус, постелсия , макроцистис, саргассум. Төменгі қатар,солдан оңға: ламинария, жапон аналипусы , шоғырлы пельвеция , цистозейра
Ең тереңде өсетін қандай балдырлар ?
1984ж Атлант мұхиты, Сан-Сальвадор аралының жағасынан 269м тереңдікте тіршілік ететін қызыл балдырлар табылды.Олар су бетіне түсетін жарықтың 0,001% алады.
Осындай тереңде тіршілік етуі жасуша құрамындағы ерекше пигменттер құрамына байланысты;
Қызыл балдырлар
1.Хромотофорларында а-хлорофилінен басқа d-хлорофилі, каратиноидтар,ксантофилл,фикоцианин бар. Мұндай фотосинтездеуші пигменттердің болуы қызыл балдырлардың спектрдің барлық түстерін қабылдап, тереңде (270м) тіршілік етуіне мүмкіндік береді.
1.Хромотофорларында а-хлорофилінен басқа d-хлорофилі, каратиноидтар,ксантофилл,фикоцианин бар. Мұндай фотосинтездеуші пигменттердің болуы қызыл балдырлардың спектрдің барлық түстерін қабылдап, тереңде (270м) тіршілік етуіне мүмкіндік береді.
2.Негізгі қор заты- багрякалы крахмал (әдеттегі крахмалдан құрылысы, химиялық құрамы жағынан өзгеше) және май.
3.Жасушасы қатты қабықтан тұрады, сілемейлі жасуша қабырғасы әктен құралған.
4.Тіршілік кезеңдері: гаплоидты гаметофитті, диплоидты карпоспорофитті және диплоидті тетраспорофитті.
бұл ұсақ микроскопиялық балдырлардың әр түрлі субстратқа бекінген топтары.
Ғылыми жоба: Әр жыл мезгілінде судың құрамындағы балдырлар тобы бойынша су тазылығын анықтау
мақсаты: судың үлгісінде балдырлардың түрін,санын олардың су тазалығына әсерін анықтау.
I-топ. Мыс зауытының қалдықтары төгілген Глубочанка өзенінен алынған үлгі;
II-топ. Тихая өзенінен алынған судың үлгісі;
III-топ. Брекса өзенінен алынған судың үлгісі;
Топтық жұмыстың нәтижесі
1топ: Глубочанка өзенінің перифитонды бірлестік құрамында балдырдың 43 түрі анықталды.Соның ішінде 35 түрі диатом – Navicula viridula и Navicula cryptocephala балдырлар.Жасыл балдырлардың 6 түрі,көк-жасыл балдырлар бөлімінен 2түр.
Маусымдық динамика: балдырдың көптүрлілігі жаз айларына қарағанда күз айларында байқалады.Диатом балдырлар альгофлораның негізгі массасын құрады.2010ж сапробты индекс 1,93-бұл бойынша Глубочанка өзені суының тазалығы III кластық сапа көрсеткіште.
ГЛУБОЧАНКА ӨЗЕНІНДЕГІ БАЛДЫРЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ БӨЛІМІНІҢ КӨПТҮРЛІЛІГІНІҢ МАУСЫМДЫҚ ӨЗГЕРІСІ
2-топ
Тихая өзенінің альгофлорасын зерттеу кезінде балдырдың 73 түрі , яғни:53 диатом Ceratoneis arcus, Achnanthes minutissima. 17жасыл. Clamidomonas sp .Судың 1 м.ағысында 55түр, екінші метр ағысында 62 түр анықталды.
Маусымдық динамика:күз айларында көптүрліліктің заңды түрде өсуі.(81%диатом)
Жаз айларында жасыл балдырлардың түр санының өсуі-32%.
ТИХАЯ ӨЗЕНІНДЕГІ БАЛДЫРЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ БӨЛІМІНІҢ КӨПТҮРЛІЛІГІНІҢ МАУСЫМДЫҚ ӨЗГЕРІСІ
3топ
Брекса өзенінің альгофлорасын зерттеу кезінде диатом балдырдың 58 түрін, жасыл балдырлардың 15 түрін анықтадық.
Перифитондық бірлестіктің сапробиологиялық сараптауы көрсеткендей жаз-күз айларында балдырларының мынадай түрлерінің Achnanthes minutissima, Cymbella ventricosa, Ceratoneis arcus, , Stigeoclonium tenue, Synedra ulna var. contracta.
Брекса өзеніндегі перифитон түрлерінің маусымдық өзгерісі
Брекса өзеніндегі балдырлардың негізгі бөлімінің өкілдерінің көптүрлілігі
«Балдырлардың көп түрлілігі» тақырыбына арналған бақылау жұмысы
Барлығы 36 ұ
I-Төменде берілген балдырларды хромотофордағы бояғыш заттың түріне байланысты жіктеп, қандай бөлімге жататынын анықта!(әр дұрыс жауапқа 1ұ)
1.Саргассум 2.Улотрикс
3.Хондрус 4.Коралина
5.Кладофора 6.Нереоцистис
7.Бангия 8.Турбинария 9.Каулерпа 10.Филлофора
11.Ульва 12.Грациллярия
13. Спирогира 14.Немалион
15.Макроцистис 16.Анфельция
17.Фукус 18.Плюмария
19.Ламинария 20.Порфира
II. Төменде берілген сипаттама қандай балдырларға тән екенін анықта:(9ұ)
1.Бұл балдырлардың мекен ету ортасы теңіз,мұхит сулары.Тұщы суларда тек 3 түрі кездеседі. Олардың талломының мөлшері өте кішкене немесе өте үлкен.Қор заттары ламинарин, маннитол және май тамшылары. Фотосинтездеуші пигменті фукоксантин деп аталады.Одан басқа балдырдың жасушасында хлорофилл –а,с пигменттері де бар.
2.Бұл балдырлардың өкілдеріне тән бояғыш заттары олардың терең теңіздердің түбінде мекен етуіне мүмкіндік береді.(каротиноидтар мен түрлі фикобилиндер,d-хлорофиллі,) Қор заты- багрянкалы крахмал.Жасуша қабырғалары ізбестен тұрады.Көбею жолдары күрделі.
3. Бұл балдырлардың кей түрлеріне стигма тән. Хлоропластарында басқа пигменттерге қарағанда a b хлорофилдері тән.Қор заты крахмал. Жасуша қабырғалары күрделі көмірсу жасунықтан, кей түрлерінде ксилан мен маннаннан құралған.
III-«Теңіз орамжапырақтары » мен ақ қауданды орамжапырақ бірдей ағзаға жата ма? Егер солай болса қандай ұқсастықтары бар, ал олай болмаған жағдайда қандай өзгешеліктермен ерекшеленеді? Жауабыңды толық , дәлелді бер.(10ұ)