Табиғи экожүйелер және олардың деградациясы. Экологиялық пирамида



бет2/3
Дата06.11.2022
өлшемі2,43 Mb.
#47897
1   2   3
Экология ( лат. оіkos – үй, баспана; logos – ілім) – жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің, организмдер қауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Экология терминін ғылымға енгізген. Э. Геккель (1866 ж).
Қорықтар- қоршаған ортаның табиғи эталондар, реликтілері, ғылыми зерттеулерге, ағарту білім беру ісіне, туризмге және рекреацияға арналған нысандары ретінде экологиялык, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы. Қорықтардың басты мақсаты - табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен коса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау. Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар арасында 16 -шы орын алады. Дегенмен, республика жерінің көлеміне шақканда корықтар үлесі жөнінен 13 -ші орында. . Қазіргі кезде нақты 10 қорық жұмыс істейді. Қазақстандағы қорықтардың барлық ауданы 1 610 973 га.
3) Экология пирамидасының түрлері
Экологиялық пирамида ережесі – экожүйедегі консументтер, продуценттер және редуценттер арасындағы олардың массасымен өрнектелген арақатынас заңдылықтары [1]. Осының нәтижесінде бір трофикалық деңгейден екіншісіне өткен сайын биомасса, сандық құрамы мен энергия азайып отыратыны анықталған. Бұл заңдылықты кезінде эколог Ч.Элтон зерттеп, өзінің есімімен «Элтон пирамидасы» деп атаған. Экологиялық пирамида ережесі көбіне бағана түріндегі сызбанұсқалар арқылы беріліп, табиғи бірлестіктердің белгілі бір өнімділігі арқылы ерекшеленеді. Ол массалық не энергиялық өлшем бірлігі арқылы өлшенеді. Экологиялық пирамиданың 3 типі бар: Сандық пирамида, Биомасса пирамидасы, Энергия пирамидасы
  • Сандар пирамидасы – әрбір қоректік тізбек деңгейлеріндегі организмдер саны арақатынасының заңдылығы. Сан пирамидасы диаграммасының биомасса мен энергия пирамидаларының диаграммасынан басты ерекшелігі – оның төменгі деңгейлеріне қарағанда жоғары деңгейлері бірте-бірте ұлғая түседі.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет