Табиғи экожүйелер және олардың деградациясы. Экологиялық пирамида


Сандар пирамидасының құрылуы мына факторларға байланысты



бет3/3
Дата06.11.2022
өлшемі2,43 Mb.
#47897
1   2   3
Сандар пирамидасының құрылуы мына факторларға байланысты:
Кез-келген экожүйеде ұсақ жануарлар саны жағынан ірі жануарлардан басым болады және тезірек көбейеді.
Кез-келген жыртқыш жануар үшін оның жемтіктерінің көлемінің төменгі және жоғарғы шегі бар. Жоғарғы шегі жыртқыштың өз денесінің көлемінен әлдеқайда ірі жануарға шамасы жетпейтіндігімен, ал төменгі шегі – жемтігінің көлемі тым кішкентай болғанына байланысты оны аулаудың мәнінің болмауы. Өйткені, жыртқыштарға ұсақ жануарларды көбірек аулауға тура келеді. Сондықтан да жыртқыштардың әр түріне оптимал көлемді жемтіктері азық болады
  • Биомасса (гр. bios - өмір және масса) – бір түрдің,түрлер тобының немесе бүтіндей бірлестіктердің (өсімдік,микроағза және жануарлардың) тіршілік ететін мекенінің бірлік бетіне не көлеміне келетін жалпы құрғақ массасы ; аудан немесе көлем (г/м2 немесе г/м3) бірлігіне салмағы бойынша өрнектелген тірі ағзалар мөлшері. Өлшем бірліктері: кг/га, г/м2, г/м3, кг/м3, т.б. Өсімдіктердің биомассасы фитомасса, жануарлардың биомассасы зоомасса деп аталады.

  • Биомасса пирамидалары – биомассалардың сандық арақатынастарын егер ағзалардың көлемі жағынан айтарлықтай айырмашылықтары болмаса, онда әр трофикалық деңгейдегі даралардың биомассасын көрсете отырып сатылы пирамида құруға болады.
    Биомасса пирамидасы экожүйедегі коректік қарым-қатынасты сипаттайды. Бұл пирамиданың нысаны сан пирамидасының нысанына ұқсас үш бұрышты болады. Тұтынушылардың биомассасы продуценттердің биомассасына қарағанда екі еседей аз. Биомасса пирамидасы биомассалардың азаюын, ал энергия пирамидасы фитобиомассалардың азаюына байланысты энергияның төмендеуін көрсетеді. Продуценттер фотосинтез процесінің нәтижесінде жалпы биоөнімнің — фитомассаның негізгі мөлшерін жасайды. Өсімдіктердің өзінде заттек алмасу процесіне, яғни метаболизмге бастапқы түзілген фитомассаның 40%-ы жұмсалады. Өсімдіктерді қоректік заттек ретінде бірінші қоректік деңгейдегі өсімдік коректі жануарлар фитофагтар немесе тұтынушылар пайдаланады. Фитофагтарды әрі қарай жыртқыштар пайдаланады.
  • Энергия пирамидасы – экологиялық пирамидалардың талқыланып отырған үш типінің ішіндегі бірлестіктің функционалдық құрылымы туралы ең толық көрініс беретін түрі, себебі әр трофикалық деңгей әр түрлі жағдайларда тіршілік ете алатын ағзалардың санымен массасы ілгері тұрған деңгейдегі осы сәтке жинақталған энергияның мөлшеріне емес, азықтың өндірілу жылдамдығына тәуелді. Энергия пирамидасы азық массасының қоректік тізбесі арқылы өту жылдамдығын көрсетеді.

  • Энергия пирамидасы – қоректік тізбектегі бірінші деңгейден келесі әрбір деңгейге берілетін энергия мөлшерінің заңдылығы. Бұл энергия мөлшері де бір деңгейден екінші деңгейге өткенде 10 еседей азая береді.
    Энергия пирамидасының маңыздылығына тоқталатын болсақ, экожүйедегі энергия ағынын бақылай отырып, біздің көптеген экологиялық қауіптің алдын алу мүмкіндігіміз бар. Өйткені, осы аталған үш пирамидалық көрсеткіштер тіршілік қауіпсіздігін сақтауға қажетті факторлар немесе процестерді анықтауға көмектесе алады

Қорытынды:
Қорыта айтсақ, экологиялық пирамидаларды жүйелей отырып, жердегі зат алмасу, фотосинтез, тіршілік процесінің тұрақтылық деңгейін анықтауға болады. Ал ол экологиялық мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарады. Сол себепті экологиялық пирамидаларды бақылау, олардың көрсеткіштерін анықтау арқылы қазіргі әлемдік деңгейде өзекті болып отырған бірқатар экологиялық мәселелерді шешуге болады.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер:
  • Экология. Оқулық. -Алматы Экономика, 2002 Т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университеті ISBN 9965-532-69-9

  • 2. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә.Нысанбаев. – Алматы. – «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том
    3. М.Ш.Алипов. Экология және тұрақты даму. Алматы 2012 ISBN 978-601-7275-58-7

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет