Каспий теңізі аумағындағы экологиялық дағдарыс ошақтары:
Кен орындарының қалдықтары жанып жатқан теңіз жағалауы ( Түркменстан аумағы).
“Теңіз” мұнай кен орнындағы ауаның жоғары температуралық ауытқуы.
Мұнаймен ластанған шалшықтар (Жанаөзен маңы).
Баутин порты айлағының ластанған айдыны.
Мұнайлы Тастар аралдарындағы (Әзербайжан) мұнай өндіру кәсіпшілігі нысандары.
Мұнайлы Тастар аралдарындағы жанып жатқан кен қалдықтары.
Арал теңізі
Арал апатына себеп болған факторларға:
Жергілікті жердің тарихи – табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
Ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;
Суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;
Жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;
Табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.
Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялық дағдарысқа әкелді. Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын тарылуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде.
Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялық дағдарысқа әкелді. Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын тарылуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде.
Теңіз түбінен көтерілген улы тұздың мөлшері жылына 13-20 млн. тонна деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауыл шаруашылығына зардабын тигізуде.
Арал теңізі деңгейінің өзгеруі
Арал теңізін құтқару жөнінде бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар. Олар:
Сібір өзендерін Қазақстанға бұру.
Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту.
Арал теңізін жартылай сақтап қалу.
Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу.
Жер асты суларын пайдалану.
Арал теңізінің өздігінен табиғи реттелуін немесе толысуын күту.