Балқаш экожүйесінің одан әрі нашарлануына Іле өзені бойына салынған Қапшағай су қоймасы да әсер етеді. Ол Іле суын бөгеу үшін 1970ж салынған. Іле өзенін қоректендіріп отырған Шелек өзені Бартоғай бөгетімен бөгелді, Үлкен Алматы каналы салынды.
Бұрынғы кездері Аягөз, Биен, Сарқанд және Басқан өзендері Балқашқа құйып, оның табиғи су деңгейін сақтап отырған. Ал қазір бұл өзендер Балқашқа құймайды.
Балқаш экожүйесінің бұзылуының зардаптары:
Іле – Балқаш экожүйесіндегі өзгерістер Іле тоғайын, өзен жағасындағы шұрайлы жайылымдар мен оның сағасындағы қамыс-қоғаның жойылуына себеп болды.
Көлдің жағалаулары кеуіп, тұзды шаң жиі көтеріледі.
Ауа райы өзгеріп, қуаңшылық пен аңызақ желдер үдеді.
Іле – Балқаш экожүйесінің фаунасы мен флорасы зардап шегуде.
Балық аулау 5 есе төмендеді, уылдырық шашу тіпті азайды.
Балықтардың Іле бойындағы егіс, көкөніс алқаптарына пайдаланылған пестицидтер, гербицидтер және минералды тыңайтқыштар қалдықтарымен улануы жиі байқалуда.
Көл жағасындағы тіршілік ететін құстардың түрлері де азайып кеткен.
1999 жылы “Балқаш көлін құтқару, оның бүгінгісі мен болашағы” атты халықаралық деңгейде экологиялық форум өтті. Онда Балқаш көлін құтқару мәселелері қаралып, нақты шешімдер қабылданды.
1999 жылы “Балқаш көлін құтқару, оның бүгінгісі мен болашағы” атты халықаралық деңгейде экологиялық форум өтті. Онда Балқаш көлін құтқару мәселелері қаралып, нақты шешімдер қабылданды.