MMSK–86 сәйкес конструктивтік шешімдер бойынша ғимаратты жіктеу
Антисейсмикалық іс–шараларсыз салынған ғимараттар:
А типі – жергілікті ғимараттар. Қабырғалары жергілікті материалдардан соғылған ғимараттар: саз–балшықтан, сабаннан немесе өңделмеген кірпіштен соғылған, іргетасы жоқ, кірпіш
немесе бетон іргетасы бар; саз, әк, цемент немесе күрделі қоспадағы жырым тастардан жасалған, бұрыштары тұрақсыз немесе тұрақты қаланған; сабан немесе сазбен
толтырылған ағаш қаңқалы, ауыр жер немесе саз шатырлары бар ғимараттар.
Бтипі–жергілікті және типтік ғимараттар. Сабан немесе сазбен толтырылған аған қаңқалы және жеңіл жабындары бар ғимараттар. Күйдірілген кірпіштен, қашаланған тастан немесе әк, цемент немесе күрделі қоспадағы бетон
блоктардан салынған ғимараттар, ағаш қалқан үйлер.
В типі–жергілікті және типтік ғимараттар. Ағаш бұтаулы үйлер, темірбетон, қаңқалы, ірі панельді және арматураланған ірі блоктық үйлер.
Антисейсмикалық іс–шаралармен салынған ғимараттар:
С7типі – 7 балл есептік сейсмикалыққа арналған антисейсмикалық іс–шаралары бар типтік ғимараттар мен барлық түрдегі (кірпіш, блоктық, панельді, бетон, ағаш, қалқанды ж.б.) имараттар.
С8 типі–8 балл есептік сейсмикалыққа арналған антисейсмикалық іс–шаралары бар типтік ғимараттар мен барлық түрдегі имараттар.
С9 типі – 9 балл есептік сейсмикалыққа арналған антисейсмикалық іс–шаралары бар типтік ғимараттар мен барлық түрдегі имараттар.