Табиғи және техногендік сипаттағы апаттық оқиғалардың салдарынан болған шығынды бағалау


Өнеркәсіптегі шығынның көлемін (Yөн) бағалау



бет9/14
Дата03.12.2023
өлшемі111,98 Kb.
#133082
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
6.11 Өнеркәсіптегі шығынның көлемін (Yөн) бағалау
39. Есептеуге қатысты шығыс деректеріне төмендегілер жатады:
– Nөн – бұзылған өнеркәсіптікобъектілердің саны, бірлік;
– Сөнғ – өнеркәсіптік мақсаттағы бұзылған ғимараттарды орнына келтірудің құндық бағасы, мың теңге;
– Сжаб – бұзылған өндірістік жабдықтардыорнына келтірудің құндық бағасы, мың теңге;
– Сдө – бұзылған дайын өнімдіорнына келтірудің құндық бағасы, мың теңге;
– Сш – бұзылған шикізаттыорнына келтірудің құндық бағасы, мың теңге.
40. ТЖ объектілері нақты деректер ұсынған кезде шығынның өлшемін бағалау төмендегі сомамен бағаланады:
Yпр= Сөнғ + Сжаб + Сдө + Сш , (23)


Болжамдық шығынды бағалау әдістемесі


Жарылыс жүктемелерінің әсері кезінде ғимараттардың қирауын болжауға қатысты есептерді жүргізген кезде, әдетте, қираудың шамалы, орташа, қатты, толық сияқты төрт деңгейін қарастырады.


Жер сілкінісі кезінде ғимараттың қирауының шамалы бұзылыс, орташа бұзылыс, ауыр бұзылыс, жекеленген бұзылыс, опырылу сияқты бес деңгейі қарастырылады.
Халықаралық модификациялық сейсмикалық межелікке (MMSK – 86) сәйкес ғимараттардың қирауын жіктеу мен сипаттау А қосымшасында берілген. Ғимараттар қирауының осы жіктемесі мен сипаттамасы әсер етудің барлық түрлері мен көздері үшін әмбебап ретінде қабылданылуы мүмкін.
1. Бірдей әсер ету кезіндегі ғимараттардың қирауының деңгейі конструктивтік шешімдерге байланысты болады.
MSK–64 сейсмикалық қарқындылықтың межелігі мен Халықаралық модификациялық сейсмикалық межелікке (MMSK – 86) сәйкес конструктивтік шешімдер бойынша ғимараттарды жіктеу Б қосымшасында берілген.
2. Әрбір елді мекенде (аумақта) MSK–64 және MMSK–86 салынған қағидаттардың негізінде ғимараттың нақты типтері мен серияларын көрсететін өзіндік жіктемесі әзірленіп, қабылдануы мүмкін. Ондай жіктеме Алматы қаласын салудың мысалыменВ қосымшасында көрсетілген.
3. Ғимараттарды орнына келтіру бағасының орташа мәні, олардың конструктивтік шешімдеріне тәуелсіз, орнына келтіру бағасының үлесінде көрсетілген олардың қирауының деңгейіне сәйкес 1–кестеде берілген.
1–кесте

1–деңгей (W1)

2–деңгей (W2)

3–деңгей (W3)

4–деңгей (W4)

5–деңгей (W5)

0,015

0,15

0,50

0,85

1,1

4. Нақты елді мекенде (аумақта) жүргізілген сараптама мен зерттеулердің негізінде, ғимараттың нақты типтері мен серияларына байланысты қираудың (шығынның) өзіндік матрицасы әзірленіп, қабылдануы мүмкін. Ондай матрица Алматы қаласын салудың мысалымен В қосымшасында көрсетілген.
5. Есептеуге қатысты шығыс деректері:
– Кij – ТЖ аймағында қираудың і (i=0,1,...5) деңгейіне ие, j типті (j =А, Б, В, С7, С8, С9) ғимараттың саны (0 бұзылыстың жоқтығы сәйкес келеді, 1 – бірінші деңгей ж.с.с.);
 5
– Кj =  Кij – ТЖ аймағындағы j типті ғимараттың саны;
i=0
– Dij – қираудың і деңгейіне ие, j типті ғимараттың үлесі;
– Dij= Кij / Кj – үлес осы типті ғимараттардың барлығына қатысты есептеледі.
– Sj – қарастырылатын аумақтағы j типті ғимараттың сомалық ауданы;
– Сj – j типті ғимараттың 1 м2 орнына келтірудің бағасы. Г қосымшасында ғимараттың 1 м2 орнына келтіру бағасының ірілендірілген көрсеткіштері туралы ақпарат берілген.
– Кт – жиналып қалған тозықты ескеретін коэффициент. Ғимараттың 10 жылға дейінгі қызмет ету мерзімі кезінде 1–ге; 11–20 жыл арасындағықызмет ету мерзімі кезінде – 0,9–ға; 21–40жыл арасындағықызмет ету мерзімі кезінде – 0,7–ге; 40 жылдан асатын қызмет ету мерзімі кезінде – 0,5–ке тең етіп қабылдауға болады.
6. ТЖ аймағында ғимараттың бұзылуының құнын анықтау (Uғ) мына формула бойынша анықталады:
5
Uғ= Wi×Dij×Sj×Сj×Кт , (24)
 j i=1
7. Сол аймақтағы тұрғын және өндірістік ғимараттардың аудандары туралы ақпарат бар болған кезде, шығынды бағалау тікелей тұрғын ғимараттар (Uтғ) және өндірістік ғимараттар (Uөнғ) бойынша жүргізіледі.
8. Аналогтық бағалауды қарастырылатын аумақтағы аудандардың жалпы көлеміндегі тұрғын сектордың үлесі (dт) туралы ақпарат бар болған кезде орындауға болады.
Бұл жағдайда өндірістік ғимараттардыңшығынын бағалау мына формула бойынша анықталады:
Uөғ = Uғ× (1–dт) , (25)
9. Жалпы шығынды бағалауға қажетті өнеркәсіптегі шығынның басқа құрамдастарын (Yөн) бағалау үшін Uөғ, Uжаб, Uашжәне Uсшамаларының арасындағы а1= Uжаб / Uөнғ; а2= Uаш / Uөнғ; а3= Uс / Uөнғ коэффициенттерінің көмегі арқылы белгіленетін корреляциялық байланыс қолданылуы мүмкін. Шығынды болжау кезінде бұл коэффициенттердің мәндерін а1 = 0,5; а2 = 0,2; а3 = 0,25 етіп алуға кепілдеме беріледі; ТЖ кезінде бағалау үшінUжаб1× Uөғ; Uгп2× Uөғ;Uс3× Uөғқабылданады.
10. Өнеркәсіптегі жанама шығындарды (Uж) анықтауға арналған шығыс деректер:
– Siөғ – қираудың i = 3 және одан да артық деңгейіне ие өндірістік ғимараттардың ауданы, ш.м.;
– Сөн – өндірістік ғимараттардың 1 м2 орнына келтіру бағасы;
– Кжаб – машинаның, жабдықтың, беру құрылғыларының және басқа негізгі құралдардың бағасын ескеретін коэффициент. Негізгі қорлардың орташа салалық құрылымының есебімен 1,5 өлшемінде қабылдануы мүмкін;
– Кқб – қор берудің орташа салалық коэффициент, 0,1 тең етіп қабылданады.
11. Өнеркәсіптегі жанама шығын мына формула бойынша анықталады:
Uж = Sөғ × Сөн × Кжаб × Кфо , (26)
12. Қабылданған бағалардың есебі бар өнеркәсіптегі толық шығын (Yөн) төмендегіні құрайды:
Yөн = 1,95×Uөғ+ Uж , (27)
13. Шығынды болжау кезінде инженерлік коммуникациялардағы (сумен жабдықтау және кәріз, электрмен жабдықтау желілері, байланыс) шығынды бағалауды (Uик) ТЖ аймағындағы (Uғ) ғимаратбұзылысын құндық бағалаудың 10–15% өлшемінде қабылдауға кепілдеме беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет