Табиғи өнім күш қуаттың кепілі



Pdf көрінісі
бет2/10
Дата03.03.2017
өлшемі6,75 Mb.
#6033
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Бақыт ТОҚСАНБАЕВА,

Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді 

дамыту бөлімінің басшысы.

 

„

Қр Үкіметінің 2010 жылғы 23 ақпандағы «Жамбыл облысы 



тараз қаласының және Байзақ, Жамбыл аудандарының әкімшілік 

шекараларын өзгерту туралы» №113 Қаулысымен тараз қаласының 

аумағына Байзақ, Жамбыл аудандары есебінен 5954,0 га жер телімі 

еніп отыр.

ЖЕр БайлыҒы – 

Ел БайлыҒы

 

„

Жер бетінде қанша мемлекет болса, сонша 



рәміз бар. ал біз үшін оның қаншалықты 

маңызды екенін Елбасы н.назарбаев: 

«тәуелсіздік - алтын күмбез дейтін болсақ, 

сол күмбезді тіреп тұрған төрт белгі бар. 

Оның біріншісі - көк байрақ, екіншісі - 

Елтаңба, үшіншісі - Әнұран, төртіншісі - қазақ 

тілі», -деп атап көрсеткен болатын. 

ҚР Конституциялық заңына сүйенер болсақ, ұлттық стандартта бекітілген 

мемлекеттік рәміздерге қойылған талаптар міндетті болып табылады екен. 

Жуырда, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, Мемлекеттік рәміздер 

жөніндегі республикалық комиссия отырысы хаттамасының шешімін орын-

дау мақсатында 2014 жылдың 15 мамырында ҚР СТ 989-2008 «Қазақстан 

Республикасының  Мемлекеттік  Елтаңбасы.  Нысаны,  өлшемдері  және 

техникалық талаптар» орнына ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының 

Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» ұлттық стандартын бекітті. 

Министрлік Елтаңба авторларымен және тиісті құзырлы органдармен келісе 

отырып, ҚР Мемлекеттік Елтаңбасын сапалы дайындауға мүмкіндік беретін 

жаңа стандартына  бірқатар өзгерістер енгізгенін мәлімдейді. Яғни, 15527-ші 

ГОСТ бойынша «Л63» маркасына мыс-мырыш қорытпасы (латунь)  түсімен 

сипатталатын алтын түс параметрлерін қайта қарау бойынша ҚР Мемлекеттік 

Елтаңбасын көлемдік дайындауға қойылатын негізгі талаптар:

-өлшемдер мен түс шақтамаларына допускілер қаралды;

-дайындаушылар үшін қажетті өлшемдері толық көлемде белгіленді;

-Мемлекеттік Елтаңбаның шығарылуына стандартты бақылау әдістері 

енгізілді;

-кемінде 3 жылды құрайтын кепілдік пайдалану мерзімі белгіленді. 

Енді министрлік қолданыстағы Мемлекеттік Елтаңбаны жоғарыда аталған 

ҚР СТ 989-2014 ұлттық стандартын 2016 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа 

енгізу моделін ұсынды. Біріншіден, бұл шара дайындаушыларға өз өндірістерін 

жаңа стандартпен шығару тәсіліне бейімделуге уақыт береді. Екіншіден, 2016 

жылдың 1 қаңтарына дейін дайындалған және орналастырылған Қазақстан 

Республикасының Елтаңбасына ҚР СТ 989-2008 «Қазақстан Республикасының 

Мемлекеттік Елтаңбасы. Нысаны, өлшемдері және техникалық талап-

тар» ұлттық стандартын қолдану мерзімі 2017 жылдың 1 шілдесіне дейін 

белгіленген. 

Сонымен 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап ауыстырылатын, жаңа алы-

натын Елтаңба тек қана жаңа стандартқа сай болуы керек. 

Асқар БЕЙСЕНБАЕВ,

Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Жамбыл облысы 

бойынша департаментінің бас маманы.

Жаңа нұсқадағы Елтаңба

Қала аумағына енген барлығы 5954,0 га жер телімінің ішінде 

Бас жоспарға сәйкес тұрғын үй құрылысына жарамдысы 2534,0 

га болып табылады, ал қалғаны 6 ауылдық округтің және 37-ге 

жуық саяжай алқаптарының жерлеріне кіреді. Осы аталған 2534,0 

га жердің 1913,0 га жер телімі шаруа қожалықтарының иелігінің 

пайдалануында.

Бас жоспарға сәйкес, 2011-2015 жылдары 844,4 млн. теңгеге 

155 шаруа қожалығының 629,1 га жері мемлекет мұқтажы үшін 

қайтарылды.

Таразда жер телімдерін алу да, беру де өзекті мәселелердің 

біріне айналып отыр. Жер телімін берудің құзыретті органдар 

бекіткен өзіндік тәртібі, заңдық нормалары бар. Жерді бөлу 

тәртібі тек  ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 1 тамыздағы №726 

Қаулысымен бекітілген ережеге сәйкес жүргізіледі. Ереже бой-

ынша азаматтарға берілетін жер телімдері тиісті және қажетті 

инженерлік инфрақұрылымдармен қамтамасыз етілген, беруге 

лайық алаңдар болған жағдайда ғана бөлінеді. Десек те, өтініш 

жазған азаматтар арнаулы есепке алынып, жер комиссиясының 

қорытындысы негізінде кезекке қойылады. Бүгінгі күні жеке 

тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін кезекте 60065 азамат тұр. 

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президентінің 

2007 жылғы 20 тамыздағы № 383 Жарлығына сәйкес, құрылыс 

салынатын аудандарда тиісті инженерлік-коммуникациялық 

инфрақұрылымдардың: жылумен, сумен, газбен және электрмен 

жабдықтайтын орам ішіндегі инженерлік желілердің, кәріздің, 

инженерлік құрылыстар мен жолдардың болуы салынып жатқан 

тұрғын үйді пайдалануға уақытылы беруді қамтамасыз етудің 

негізгі факторы болып табылады. 

2013–2014 жылдары «Көлтоған» мөлтек ауданынан көлемі 

250 га жерден 1232 жер учаскесі 2005 жылдан бастап жеке тұрғын 

үй құрылысын жүргізуге кезекте тұрған азаматтарға берілген.

Жергілікті бюджетке Қазақстан Республикасының Жер 

Кодексінің 48 - бабына және сәйкес ҚР Үкіметінің «Жер учаскесін 

немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-

саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру және 

өткізу ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 13 қарашадағы                      

№1140 Қаулысына сәйкес жер учаскелерінің аукцион арқылы 

сату, жалға пайдалану жөніндегі ашық конкурстар арқылы, 

жерді жеке меншікке  және жалға жер пайдалану құқығын сату 

бойынша 2015 жылы 354 529 600 теңге қаражат түскен.

Елбасы өз Жолдауында Қазақстан ұшқан құстың қанаты 

талатын ұланғайыр аумақтың иесі екендігін атап өтті. Сондықтан, 

жер  ресурстарын  тиімді  пайдалану  –  басты  стратегиялық 

бағыттардың бірі болып табылатындығын ескеруіміз керек.

Бақытжан СҮГІРБЕКОВ,

Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің 

басшысы.

 

„

Қр Президенті н.Ә.назарбаевтың 



«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: 

өсім, реформалар, даму» атты халыққа 

Жолдауы – қазіргі әлемдік экономикалық, 

саяси, рухани дағдарыс жағдайындағы ел 

тағдырын тығырықтан алып шығар уақыт 

талабына сай бағытталған тарихи құжат.

Ғылым мен білім заманы

Жолдау негізінен, дағдарысқа қарсы басты үш міндетті – өсім, рефор-

ма, даму бағытын көрсетіп, жаңа жаһандық нақты ахуалдағы еліміздің 

келешек беталысын айқындап берді. Сондай-ақ Елбасы осы жолғы Жол-

дауында Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы 

үшін ұзақ мерзімде орындалатын бірнеше міндет қойды.

Мемлекет  басшысы  Жолдауда  атаған  басты  төрт  тарау  арқылы 

Қазақстан жастарын «білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға, 

жұмыс пен сұранысы бар өңірге батыл қадаммен баруға, шеберлікке 

қол жеткізуге» шақырып, жоғары оқу орындары мамандарына, педагог 

ғалымдарға білім беруде, кәсіби маман даярлауда үлкен жауапкершілік 

жүктеп отыр. Жолдаудағы: «Қазір… ғылым мен инновацияның күні туған 

заман. Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген… адам озады» деп 

бағыт сілтеуі – студенттер мен оқытушылардан ғылыми ізденіс пен кәсіби 

шеберлік, біліктілікті талап еткені. Бұл үшін білім жүйесін инновациялық 

технологиялармен жабдықтап, білім алу мен білім берудің, оқытудың 

халықаралық талаптарын меңгертудің маңызы зор.

Осы орайда республикамыздағы ең ірі мемлекеттік жоғарғы оқу 

орындарының бірі саналатын М.Х.Дулати атындағы ТарМУ 2005 жылы 

ИСО – 9000-2001 Халықаралық стандартына сәйкес сертификатталған. 

Сонымен қатар бірнеше шетелдік оқу орындары мен ғылыми, мәдени 

орталықтарымен байланыс жасап, білім беру саласындағы жаңалықтармен 

заманауи әдістерді пайдалану арқылы тәжірибе алмасуда.

ХХІ ғасыр – білім ғасыры екендігін ескеретін болсақ, осы ғасыр жалпы 

адамзаттың даму жолын білім мен ғылым айқындайтындығы бәрімізге 

белгілі. Қазіргі таңда әлемдік даму үдерісінде білім мен ғылым – басты 

өмір сүру тетігі. Сондықтан, білім мен ғылымды ұлттық экономика мен 

қоғамның әлеуметтік сұраныстары талаптарына сай дамытуды қамтамасыз 

ету – күттірмейтін іс.

 

Елбасы Жолдауын М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың ұжымы 



да бірауыздан қолдайды. Әлемді дендеген қазіргі таңдағы бұл дағдарыс 

тек экономика саласында ғана емес, рухани, мәдени, білім беру бағытына 

да  салмақ  салары  анық.  Мемлекет  басшысы  өз  Жолдауында  айтып 

өткендей бұл қиыншылықтарды «біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз 

үшін» деген қағиданы ұстанып, тер төгіп, аянбай еңбек ету арқылы жеңіп  

шығатынымызға сеніміміз мол.



Айгүл НАУРЫЗБАЕВА, Мәншүк СәДУАХАСОВА, 

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ оқытушылары.

5

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №13 (1301), 30 наурыз 2016 Жыл  //



 

„

спортшылар мен жолаушылардың құнарлы азығы тараз 



қаласында өндірілуде.

Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

«Ас  –  адамның  арқауы»  дейді  дана 

халқымыз.  Расында,  табиғи  қуатты 

тағамдармен  қоректенген  ата-бабалары-

мыз  айлап,  жылдап  үй  көрмей,  майдан 

даласында жүргені тарихтан белгілі. Ғазиз 

ғұмыры ат үстінде өткен сол бабаларымыз 

ұланғайыр  даламызды  жаудан  қорғап, 

шаңды жорық шайқастарда біз үшін мәңгілік 

үлгі  боларлықтай  ерлік  көрсетті.  Ішкен 

қымызы,  жеген  еті  бойына  жігер  беріп, 

рухын  қайраттандыра  берді.  Кепкен  ет  

айбатты ақ білекке нәр беріп, текетірескен 

талайдың  тағдыр-тарихы  ақ  найзаның 

ұшында үзілді. Және дәл осы кептірілген 

ет  1643  жылғы  әйгілі  Орбұлақ  шайқасы 

кезіндегі Жәңгір ханның әскери жасағының 

негізгі азығы болған. Осынау протейн мен 

ақ уыздың қайнар көзі уақыт өте келе нағыз 

ер азаматтардың сүйікті тағамына айналып 

кетті. Ал ет өніміне қазақ халқының махаб-

баты еш уақытта суымаған, суымайды да. Де-

генмен, кепкен еттің асылған һәм қуырылған 

еттен гөрі қуаты едәуір артық. Тараздық жас 

кәсіпкер Жандос Ахметов бабалардың жол 

азығын  заманауи  үлгіде  жасап  шығарды. 

Жеті  жыл  бойы  халыққа  сапалы  өнім 

ұсыну  мақсатында  аянбай  тер  төккен  ол, 

алдағы уақытта өндіріс қуатын арттыруды 

жоспарлап  отыр.  Оның  өнімі  олимпиада 

жүлдегерлері тағамдарының қатарына кірген 

және туристер үшін таптырмайтын тағам.   

Спортшылар үшін де сұранысқа ие болып 

келе жатқан табиғи өнімді халыққа ұсынған 

Жандостың өзі де он сегіз жыл бойы спорт-

пен шұғылданған азамат.

-  Жобаны  әуелі  2009  жылы  екі  досым-

мен  ақылдасып,  ойластырдық.  Бизнестен 

тәжірибеміз  аз  болғандықтан,  үшеуміз 

бәсекеге  қабілеттілігімізді  сынағымыз 

келмеді. Сондықтан  Қазақстанда жоқ өнімді 

іздедік.  Ақыры  досымның  бірі  АҚШ-қа 

барып келді де, осы идеяны ортаға таста-

ды. Ол Америкада кепкен еттен жасалған 

және сол елдің сүйікті тағамына айналған  

«джерки» атты өнімді  мысал етті. Ақыры 

біз  ата-бабаларымыздың  азығын  замана-

уи  үлгіде  жасап  шығаруды  жөн  көрдік. 

Әуелі  таныс  дәнекерлеуші  мамандарға 

арнайы  шағын  пеш  жасаттық.  Үйден  ет 

тасып, қызығушылығымызды іске асырып 

көргіміз келді. Бізді өнімнің сапасы, дәмі 

қатты  қызықтырды.  Америкалықтармен 

салыстырғанда, етті едәуір көп жейтін қазақ 

халқы үшін осындай қолжетімді әрі қуатты 

ет өнімінің технологиясын  жасадық. Әрине 

ең бірінші кезде бұл іске бел шеше кіріскен 

жоқпыз. Көбіне немқұрайлы қарап жүрдік. 

Әрқайсымыздың басқа да жұмыстарымыз 

болды.   Тек 2011 жылы ғана жобаны жүзеге 

асыруға  мықтап  кірісе  бастадық.  Ісіміз 

тәуекелден  басталды.  Кедергілер  де  көп 

болды. Талай өніміміз күйіп кетті, дәмі бір 

қалыпқа түспеді. Бірақ алған беттен қайтпай, 

жобаны  қаржыландыруға  кірістік.  Бірақ 

сол  тұста  екі  досымның  бірі  жұмысында 

көтеріліп,  өз  саласына  кетті.  2013  жылы 

өнімнің  нақты  дәмі  шыға  бастады.  Бірақ 

бұл  кезде  нарыққа  қалай  шығамыз  деген 

сұрақ  тұрды  көкейімізде.  Біздің  өнімді 

халық қабылдай ма дедік. Бұған қоса өнімнің 

дайындалу процесі өте қиын. Нағыз қызыл 

еттен жасалады. Май, сіңір, сүйек атаулыдан 

толық тазартылады. Мәселен, 10 кг еттен  

3 келі сіңір мен майды алып тастағанның 

өзінде  2  келі  ғана  дайын  өнім  алынады. 

Салмағы  жоғалады.  Дегенмен, жұмыстың 

қиындығына  қарамай,  біз  тұтынушы 

халықтың пікірін білуге тырыстық. Алғашқы 

өнімдерімізді дүкендерге, мейрамханаларға 

тегін  таратып,  дегустация  жасадық. 

Халықтың  пікірінен  қорытынды  шығару 

үшін  бес  мыңнан  астам  өнімді  тараттық. 

Және ол кезде өніміміздің орама қағазы да 

өте қарапайым еді. Тұтынушылардың кейбірі 

қарапайым  орама  қағазына  қарап,  біздің 

өнімге күмәнданатын. Бірақ дәмін көргеннен 

кейін халық ұнатты. Сапасына көзі жетті. 

Халықтың пікірін білгеннен кейін ісімізді 

бастауға ниеттендік. Бірақ жұмысты бастау 

үшін инвестиция қажет болды,-деп алғашқы 

қадамын еске алды Жандос Қуанышұлы. 

Ақыры  жас  кәсіпкерлер  қаражат  көзін 

іздеп  «Даму»  қорының  байқауларына 

қатыса бастайды. Алайда бұлардың жобасы 

байқаудан бірде өтпей қалса, кейде мүлдем 

қатыстырылмай қойыпты. 

- Тері илеу, сүт өнімдерін әзірлеу, киім тігу 

секілді халыққа бұрыннан таныс бағыттарға 

көмек  көрсетіліп,      Қазақстанда  ешкім 

білмейтін өнім болғандықтан бізге қолдау да 

бола қоймады. Амал жоқ, өзіміз қарызданып, 

қауғаланып  ақша  сала  бастадық.  Астыма 

мініп  жүрген  көлігімді  саттым,  несиеге 

қаржы  алдық.  Осы  тұста  екінші  досым 

басталған ісіміздің болашағына күмәндана 

бастады. Расымен, үлкен ақша салып жатсақ 

та, ол кезде ісіміз бір орнынан алға қарай 

жылжыған жоқ. Осылай екінші досым өзінің 

басқа жеке кәсібімен айналысуды жөн көрді. 

Істе өзім ғана қалдым. Кейін інілерім барлық 

шаруаларға  араласып,  көмектесіп  жүрді. 

Мейрамханалардан  аз да болса тапсырыстар 

түсе бастады. Әр жерге аптасына жиырма да-

надан астам өнімді саудалап тұрдық. Аздаған  

сұраныстардан  бізде  қуат,  алға  ұмтылыс 

пайда болды. 2015 жылы мен өнімнің сыртқы 

дизайнерлік қорабын жасату үшін  Ресейге 

тапсырыс бердім. Олардың минималды ти-

ражы елу мың орама қағазы екен. Тауардың 

құжаттарын туралап жүріп бірнеше уақыт 

жоғалтып алыппыз. Ақыры елу мың дана 

орама қағазға  тапсырыс бердік. Дегенмен, 

олар өнімнің жарамдылық мерзімін дұрыс 

жазбай, ақшамыз ауаға кетті.  Қазір ол ора-

малар  әлі жатыр. Ешкімге керек емес. Кейін 

Ресей емес, Қытай еліне тапсырыс бердік. 

Қате жібермеу үшін үнемі бақылап отырдық. 

Осылай өніміміз алғаш рет заманауи қорапқа 

оралып шыға бастады. Тың әрі жаңа өнім 

болғандықтан,    көпшілік  тұтынушылар 

«ETKY»  дәмін  білмейді.  Кейбіреулер: 

«Бұл  етке  арналған  соус,  порошок  па?»  - 

деп сұрап жатады.  2015 жылдың аяғында 

тәуекелмен нақты қадамдар жасап нарыққа  

бас сұқтық. Биылғы жылдың  басынан  та-

уарды  жарнамалауға,  сапасын  арттыруға 

және өндіріс қуатын көбейту  мақсатында 

қаражат жұмсалып, жұмыстар атқарылып 

жатыр. Ең басында біз бұл өнімді жалпы 

қазақстандықтарға  арнап  шығарамыз  деп 

мақсат қойған болатынбыз. Осы ниетімізге 

жақындап  келе  жатырмыз.  Қазіргі  таңда 

Алматыдан,  Шымкенттен,  Ақтөбеден, 

Семей  мен  Өскеменнен  сұраныс    түсіп 

жатыр,  -  дейді  бүгінде  он  шақты  адамды 

тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отырған 

кәсіпкер. 

Сондай-ақ ол, алдағы уақытта өндірістің 

қуатын  арттырып,  жұмысшылар  қатарын  

көбейтуді көздеп отыр. 

-  Қазір  тек  сапаға  жұмыс  жасап  отыр-

мыз.  Санкт-Петербургтен  арнайы  пеш 

алдырғанбыз.  Сұраныс  көбеюде.  Техни-

каны  үлкейтіп,  қуатты  арттыруға  жұмыс 

жасалуда. Қазір  күніне минимум 400 дана 

өнім  шығады.  Бұл  өте  аз.  Таяуда  тәулік 

бойы өндірісті іске қосып, күніне 2-3 мың 

өнім өндіруді жоспарлап отырмын. Осылай 

еліміздің  өркендеуіне  өзімнің  азаматтық 

үлесімізді қосқым келеді,-дейді ол. 

Болашақта  кішігірім  өндірісін  үлкен 

корпорацияға айналдыру үшін білек сыбана 

іске  кіріскен  Жандос      спорт  саласының 

маманы.  Жеті  жасынан  бастап  футболға 

қатысқан ол, өмірінің он сегіз жылын спортқа 

арнапты. Осылай бола тұра Жандостың ба-

балар өміріне қатысты тарихи деректерден 

де хабары мол екен.

- Біздің ата-бабаларымыздың өмірі соғыста 

өтті.  Жолға  шыққанда  кептірілген  етті 

ер-тоқымның  астына  ыңғайлап,  салып 

алатын болған. Қажетсінгенде тұлпардың 

дене  қызуымен  кепкен  етті  жылытып 

жейтін болған. Осы тарихи тағамды қазіргі 

заманның  ыңғайына  лайықтадық.  Ет  те, 

тұз  да  өзіміздікі.  Химиялық  қоспалары 

жоқ.  Жалпы  «ETKY»  сөзінің  түбірі  -  ет. 

Жобамыздың жүзеге асуына, жалпы шағын 

және  орта  бизнестің  аяққа  тұрып  кетуіне 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарапынан 

көрсетіліп  жатқан  қолдауларға  алғысым 

шексіз,- дейді кәсіпкер. 

«DOSTAR  SAMGAU»  ЖШС-і  өнімі  

қаланың  600-ге  жуық  дүкендерінде  200 

теңгенің айналасында сатылуда. Достықтың 

самғаған  қиялынан  туындаған  тараздық 

өнім  талай  елдермен  достығы  жарасқан 

халқымыздың үлкен сұранысына ие болып, 

отандық тауарларымыздың мәртебесін асы-

рады деген сенімдеміз.

таБиҒи ӨніМ – 

кҮШ-Қуаттың 

кЕПілі


таНыМ

6

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №13 (1301), 30 наурыз   2016 Жыл  //



 

„

1 сәуір – марқұм, ақын нарша Қашағанұлының туған күні. 



көзі тірісінде: «1 сәуір - менің туған күнім. Осы менің туған 

күніме де ешкім сенбейді» - деп отырушы еді, жарықтық. 

нәкең өмірден озғанша өз кейіпкерлерінің ортасында ғұмыр 

кешті... ал күні кеше ғана 60 жасқа толған марқұм серік 

томанов нарша ағасына «ақ көке!», «көркем көке!» деп 

еркелеуші еді.

кӨркЕМ кӨкЕ!

Дайындаған Ерман әБДИЕВ.

Ауылдан  хабар  келді.  Телефон  соққан  Талас  ауданы 

Сейілбек ауылындағы Ш.Смаханұлы атындағы орта мектеп 

директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары Досым-

хан Жақанов: «Ереке, алдағы 1 сәуір - Нарша Қашағанұлының 

туған күні. Сейілбек ауылының тұрғыны Бегім Битібаев 

Нәкеңмен  әскерде  бірге  болған  ғой.  Сол  Бегім  ағаның 

айтуымен бұрын еш жерде жарияланбаған Наршаның екі 

өлеңін жазып алып едім. Қажетіңізге жарап жатса жария-

ларсыз» - деді. Сонау 1977 жылы Қырғызстан Республикасы 

Ыстықкөл аймағындағы Рыбачи әскери бөлімінде бірге Отан 

алдындағы азаматтық борышын өтеген Бегіммен Нарша аға 

өмірден озғанша сырласып, сыйласып жүрді. Нәкең Бегімді 

«майдандас, қанды көйлек досым...» деп еркелететін. Сол 

әскерде жазған өлеңдер...

МайыМЕн

дОсҚа дЕгЕн аҚ ПЕйіл

ҮМітсіз Шайтан

Манас ЖауҒан к

Үн

Бірде Нарша 

сол кездегі Та-

лас аудандық 

СЭС-тің бастығ

ы 

Манас Әзімбаевпен 



әңгімелесіп 

тұрғанда, 

қастарына Мәдениет

 

үйінде жұмыс іс



тейтін Манас 

Назаров деген 

жас жігіт келіп

 

сәлем береді. Сөйті



п, тұрғанда 

көшенің арғы 

бетінен іргелес 

Тамды ауылының 

тұрғыны 

Ма-


нас Аханов деген 

кісі өтіп бара 

жатып,  Нәкеңе 

бұрылып, 

ол 

да сәлем береді. 



Сонда Нәкең 

жанындағы 

үш бірдей Манасқа 

қарап тұрып:

-    Бүгін  аспаннан 

Манас 


жауған күн б

е? – депті.

Өткен  ғасырдың  тоқсаныншы 

жылдарының  соңы.  Сол  кездегі 

қаржылық дағдарыста ауылдағы ағайын 

қолынан келген саудасын жасап күн 

көрді. Ақкөлде көпшілік «Қандыбалақ 

Сенбек» атап кеткен ағамыз Қаратаудан 

он литрлік конистрге жанар-жағармай, 

солярка  құйып,  тасымалдап,  ауылда 

сататын. Бірде Нарша Болған жеңгей 

екеуі Қаратаудан Ақкөлге қатынайтын 

таксиге  отырса,  Сенбек  отыр  екен. 

Адам  толған  соң  такси  де  орнынан 

қозғалады.  Бірақ  Ақкөлге  жеткенге 

дейін ешкім сөйлемесе керек. Өйткені, 

көліктің  салоны  май  сасып  кетіпті. 

Содан Ақкөлге жетіп, төбеден төмен 

түсіп  келе  жатса,  көліктің  рөлінде 

отырған жігіт: «Ал бірінші кімді апа-

рып  салайын»  -  демей  ме.  Сөйтсе 

көліктің  алдында  отырған  Нарша 

сұқ  саусағымен  Сенбекті  көрсетіп: 

«Алдымен Сенбекті майымен» - деп, 

одан кейін әйелі Болғанды көрсетіп: 

«Содан соң Болғанды байымен апарып 

тастайсың» - деген екен.

Жамбыл өңіріне белгілі журналист Болат 

Мәуленовтің 50 жылдық мерейтойы өтіп жат-

са керек. Бұл тоқсаныншы жылдардың соңы. 

Мерейтойдың ортасында Болат ағамыздың 

досы, белгілі қаламгер Ғабиден Құлахмет те 

болады. Сөз кезегі Ғабиденге келген кезде ол 

(Ғабеңнің жасы кіші болған соң, Болат ағасын 

«Аға» деп құрметтейтін): «Ағам мен жеңгеме 

Біріккен Араб Әмірлігіне екі адамға арналған 

жолдама сыйлаймын...» - дейді ғой. Сөйтіп, 

Ғабиден тост айтып болуға жақын қалғанда, 

төрде  отырған  Нарша  ортаға  шығып,  той 

тізгінін ұстаған жігіттен микрофонды сұрап 

алып:

-  Бір нәрсе айта салайыншы, - дейді де 



Нәкең: «Досыңды курортқа әйелімен жіберу 

– достық емес, қастық...» - дейді де, бұрылып 

жүре береді. Тойда отырған көпшілік бұл сөзге 

қыран-топан күлкіге қарық болып қалады.

Ерлі-зайыпты ақындар Ербол Қамбатыров пен Үміт Битенованың 

сахнада болсын, жұмыста болсын, той-томалақта болсын – қайда 

жүрсе де, жұп жазбай бірге жүретініне көптің көзі үйреніп қалған. 

Бірде екі-үш той қатар болып қалып, ағайын мен жекжат-жұраттардың 

көңілін қалдыруға болмайды. Ербол біреуіне, Үміт басқасына – екі 

бөлініп баруға тура келеді. Ербол барған тойда Нәкең – Нарша да 

бар екен.

-  Үміт қайда? – деп сұрапты Ерболдан Нәкең.

- Үміт жоқ, ол басқа тойда, - деп жауап берген Ерболға:

- Бүгін Үмітсіз «шайтан» екенсің ғой, - депті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет