Табиғи өнім күш қуаттың кепілі


даиШ тұзағы немесе соқыр сенімнің салдары



Pdf көрінісі
бет4/10
Дата03.03.2017
өлшемі6,75 Mb.
#6033
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

даиШ тұзағы немесе соқыр сенімнің салдары

қасындағыларға, балалар мен әйелдерге, қарияларға, 

қарсылық қылмаған ешбір жанға қылыш көтеруге 

болмайды, ағашты шабуға, жануарды өлтіруге тыйым 

салынады» деген бұйрық алады. Ал енді мұсылман ха-

лифасы Әбу Бәкір Сыддық әскер қолбасшысы Усама ибн 

Зайдке мынадай өсиет айтқан: «Саған он нәрсені өсиет 

қыламын: әйел адамды, сәбиді, жасы келген қарияны 

өлтіруден сақ бол! Жеміс ағашын кеспе, көтерілген 

ғимаратты құлатпа, азық мақсаты болмаса қой, түйені 

сойма, пальма ағашын өртеп, суға ағызба. Шектен тыс 

қатыгез болмаңдар. Өздерін құлшылыққа бағыштаған 

қауымдарды көрсеңдер, оларға тимеңдер».

Құран мен сүннет осыны бұйырады. Исламдағы 

бұл талап тек мұсылмандар үшін емес, сол мұсылман 

мемлекетінде жасап жатқан барлық адамдарға қатысты: 

«Қиямет күнінде адамдар арасында алынатын есептің 

біріншісі – адам өлтіру» (Мүслим).

Осыдан мынадай заңды сұрақ туады: «Құранға 

да, сүннетке де амал қылмай отырған ДАИШ со-

дырлары – кімдер? Олар жоғарыда айтылған Ис-

лам қағидаттарына теріс амал жасайды. Өздерінен 

басқалардың барлығын кәпір санап, жазықсыз адам-

дарды қырып, әлемдік маңызы бар мәдени мұраларды 

(Жүніс, Шит пайғамбарлардың кесенелері, Аммар ибн 

Ясирдің қабірі, тарихи мешіттер, Дар әш-Шаррукин 

қаласы, Намруд қақпасының «сақшылары», көне Пал-

мира және т.б.) қиратып, оларды жермен-жексен етуі-  

олардың адамзатқа қарсы дұшпан екенін дәлелдейді.

Ислам атын жамылып, ақ көңілді жастарды алдап, 

арбап, оларды бейбіт халыққа қарсы қойып жүрген 

ДАИШ зұлмат емей немене? ДАИШ-тың идеологиясы-

тұнып тұрған бүлік. Кішіні үлкенге, баланы әкесіне, 

қызды анасына, жастарды бір-біріне «мұсылман-кәпір» 

деп қарсы қояды. Ислам жазықсыз адамның өміріне 

қауіп төндіруге, жеке мүлкіне қол салуға, ар-намысын 

таптауға рұқсат бермейді: «Бүлік шығару – кісі өлтіруден 

де ауыр күнә» (Бақара: 217).



Жалғас САДУАХАСҰЛЫ,

 философия ғылымдарының кандидаты

дінтанушы. 

9

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №13 (1301), 30 наурыз  2016 Жыл  //

ҚайырыМдылыҚ

 

„

тараз қаласы, Хмельницкий көшесінде орналасқан ақыл-есі кем балаларға арналған интернаттағы балғындарға үйленіп, отау тіккен жас 



жұбайлар өз тойларының алдында мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында  қайырымдылық акциясын өткізді. 

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Тасбауыр тағдырдың тауқыметін  тартқан жа-

ратылысы ерекше балғындармен жүздесуге ішке 

беттедік.  Алдымыздан шығып, амандық-саулық 

сұрасып жүргендері сау баладан айырмасы жоқтай 

көрінді. Алайда ақыл-ой дамуында тежелісі бары 

әңгіме  барысында  байқалды.    Ал  балалығы  тар 

төсекке таңылып, көктемін көкке қарап қана  өткізуге 

мұршасы бар, халі тым нашар саналатын балғындарды 

көргенде ет-жүрегің езіліп, еңсеңді зіл басары сөзсіз. 

Солғын жүз, мұңлы жанардың арғы жағынан мәңгілік 

мұң-шер ышқына шыңғырып жатқандай. Бірақ ол 

дыбысты жан баласы естімейді... Ғұмырында не 

бір  сөзге келмей, қимыл-қозғалыссыз күй кешіп, 

тіршіліктен бейхабар күйде, бұл жалғаннан бір күн де 

есін жия алмай ғұмыр кешіп жатқан бүлдіршіндерді 

көргенде, жаның түршігеді. 

Қоларбада  шалқалай  жатқан  балақайдың 

күлімсіреген жанарына тік қарауға батылым бармай 

сыртқа  беттегенім  сол,  әлдене  деп  күбірлегенін 

құлағым шалды. Қасына барып:

-Атың кім? - дедім.

- Жомарт.

-Қаншадасың?

-16. 

Болмысы  нәзік, қимыл-қозғалыссыз жатқан бала 



 

„

адам баласы жаратылысынан мейірімге мұқтаж. себебі, өмір – барлық тіршілік 



иесіне берілген сынақ. Қай жеріміз сынса, сол тұсымыз қатты боп бітіп кететіні тағы 

бар. дегенмен, ақбөкен көңілді қазақ жұрты ешкімді тағдырдың өтінде қалдырған 

емес. ұшсаң аспан боп қанатыңнан демейтін, құласаң көл боп құшағын тосатын 

халқымыздың қасиетті жүрегі ананың алақанындай қашанда жылы. Осындай қазақы 

мейірімділікке Жұмахан да зәру...

Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

Қариялардың  «бүгін  бар,  ертең  жоқ»  деп 

тебіренетін тәмсілінде терең мән жатыр. Жарты 

әлемді  жаулаған  Ескендір  де,  жауларын  тау-

тау  топыраққа  айналдырған  Шыңғыс  хан  да 

өмірден өтті. Өмірдің жалған екендігіне күн сайын 

куәміз.  Тағдырдың  талан-тараж  һәм  түсініксіз 

сынақтарынан халқымыз талай сүйікті ұлдары мен 

талантты қыздарынан айырылып та жатыр. 

Шыда, шыда, шыдай түс, шыда тағы,

Шыдамдыны мына өмір ұнатады. 

Үміттің құлан иек құба таңы, 

Әйтеуір бір атады, бір атады!... - деп  жазылғанына 

жарты ғасырдай уақыт өтсе де, Мұқағали  жырының  

әлі де  жаны бар. Әрине шындық сөзді де, оны 

айтқан  авторды  да  өлтірмейді.  Ал  ғұмырдың 

сынақтан құралған ғұрпын тек қана осы шыдаммен 

ғана жеңуге болады. Шыдам – төзімділіктің төресі, 

парасаттылықтың нышаны, өмірмен һәм өзіңмен 

күрес.    Әйгілі  психологтар  «шыдамдылық  тек 

жеңімпаздардың ғана бойына біткен қасиет» дейді. 

Қазіргі таңда қанаты сынған балапандай қазақтың 

шаңырағына  құлап жатқан ғұмырлар аз емес. Себебі 

халық – барлық перзенттің туған анасы. Жұмахан 

Әсілов 1998 жылы маусым айында киелі Тараз 

шаһарында жарық дүниенің есігін ашқан үйдің 

кенжесі, ұлдан жалғызы. Балабақшадан бастап ән 

айтуға құштарлығы артып, талабына қамшы баса-

ды. Өмірде де, өнерде де  сүйенері - анасы Ализа 

Тұралбайқызы мен асқар тау әкесі Үсен Әсілұлы. 

Бесіктен белі шықпай жатып қазақша және түрікше 

әндер орындап, домбыра тартуды да ерте меңгереді.  

Талабына нұр жауған Жұмахан кәмелет жасына 

жетпей жатып облыстық «Тараз жұлдыздары» және 

Алматы шаһарында өткен «Жарқын болашақ» атты 

өнер додаларында замандастарынан оқ бойы озып, 

бас жүлдені иеленеді. Түркия астанасы Анкарада 

әлемнің 144 мемлекетінен, Қазақстаннан 63 үміткер 

қатысқан  халықаралық    «Тіл  және  мәдениет» 

фестивалінің жеңімпазы атанып, алтын медальге  

лайық деп танылған. Түркі халықтары арасында 

қазақтың һәм Тараздың атын аспандатып, үлкен сах-

наларда туған өлкенің даңқын асқақтатып жүрген 

Жұмаханның талантына тәнті болғандар да аз емес. 

Тіпті 2013 жылы Түркия мемлекетінің президенті 

Абдуллах Гюль жеке қабылдауына шақыртып, қол 

сағат сыйлаған екен. Алайда, жұлдызы тұлпардай 

тҮркі ӘлЕМінЕ танылҒан ЖұМаХан

Балаларға қуаныш сыйлап...

той тортынан дәм татты. 

 Суретті түсірген В.Алсуфьев

Қанат барда шыдайсың қайтіп ұшпай?!  

 Суретті түсірген В.Алсуфьев

көкке самғаған Жұмаханның тағдыры оған басқа 

сый жасады. 2014 жылдың тамыз айында   оқыс 

жағдайда мойын омыртқадан жарақат алып, кенет-

тен қоларбаға жіпсіз байланады. Жанбай жатып 

сөнуге көктен берілген талант, намыс һәм өнер 

рухы, өмірге деген махаббат жол бермей, Жұмахан 

халқының мейіріміне басын иді. Ақын, Халықаралық 

«Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, жерлесіміз                                                                                     

Маралтай Райымбекұлы жасы он сегізге жетпей 

жатып  тағдырдың  сынағына  сүрінсе  де  рухы 

құламаған  Жұмаханды  өнерсүйер  халқымен 

кездестіріп, қайырымдылық кеш ұйымдастырып 

берді. Шарапаты мол шара «Баласағұн» орталық 

концерт залында өтті. 

-  Балабақшадан  бастап  ән  айта  бастадым. 

Жарыстарға қатысып, жеңімпаз атандым. Ата-анам, 

ұстаздарым әрдайым қолдау көрсетіп отырады. 

Үйдегі екі әпкем де ән айтады. Бірақ үлкен сахнаға 

талпынған емес. Қазақ эстрадасынан «МузАрт», 

«Жігіттер» тобы және Ғалымжан Молданазар секілді 

әншілер ұнайды. Өзіндік стилі, үні, бүгіннің өзінде 

қалдырған іздері бар мен үшін. Әзірге өзімнің жеке 

авторлық әндерім жоқ. Қазақша және түрікше әндер 

айтамын. Дегенмен, бүгінгі ең басты мақсатым – 

денсаулығымды түзеп, аяққа тұру. Дәрігерлер «уақыт 

көрсетеді, емделу керек» деп отыр. Бірақ қажетті 

ем қабылдасам, жүріп кетуге мүмкіндігім мол екен. 

Концерттен жиналған қаражатты шет елден ем алуға 

жұмсасақ деген ниеттеміз, - дейді Жұмаханның өзі. 

Өнерге, сахнаға деген сағыныш, болашаққа деген 

үміт - Жұмаханның бүгінгі жүрек үні. Осы себепті 

кеш «Сағыныш пен үміт» деп аталды. Оқу озаты, 

дарынды Жұмаханның №46 мектепте бірге оқыған 

сыныптас достары да кештен табылды. Кейбір доста-

ры кешке келіп қана қоймай, Жұмаханның сахнаға 

шығуына көмектесіп, кештің ойдағыдай өтуіне 

үлестерін де қосып жүр. Ал шара шымылдығы 

қазақы арулардың мың бұралған биімен ашылды. 

Бұдан әрі Жұмаханның Түркия елінде мыңдаған 

халықтың алдында ән орындаған сәтінен бейнеро-

лик көрсетілді. Осы сәттің өзінде шараға жиналған 

көрермендердің Жұмаханға һәм оның өнеріне деген 

қошеметі зор болды. Салтанатты, сазды жиынның 

киелі Әулиеата төрінде өтуіне мұрындық болған, 

жерлесіміздің сынған қанатына үміт сыйлап, қол 

ұшын созған ақын Маралтай Райымбекұлы игі 

басқосуды өзі ашып берді. 

- Адамның арманы таусылмайды, үміті үзілмейді 

ғой.  Екі  аяғымен  жер  басып  жүрген  адам  көп 

жағдайда өзінің бақытты екенін сезіне бермейді. 

Жұмаханның  өмірге  құштарлығын  арттырып, 

үмітінің үзілмеуіне атсалысып, іс-шараға қолдау 

білдіріп, кешке келген барлық көрерменге алғысым 

шексіз. Біз Алладан Жұмахан секілді он екіден бір 

гүлі ашылмаған талантты бауырларымыздың екі 

табаны жерге тиіп, Жер-ананың қадірін, жылуын 

сезінсін деп, өмірдің шапағатын сұрап, киелі Тараз 

топырағына келіп тұрмыз. «Көптің тілеуі - көл» 

дейді.  Баршамыз  Жұмаханның  өміріне  өзінің 

аяғымен жүріп баратын ұзақ сапар, өз арманын қуып 

жететіндей қажыр-қайрат тілейміз, - деген Маралтай 

ақын рухты жырын оқып, «Тарпаң» атты кітабын 

Жұмаханға тарту етті. 

Ал  кешке  арнайы    Астанадан  келген  Қайрат 

Жүнісов, Алматыдан келген  Сәкен Қалымов секілді 

тыңдарманын сағындырған талантты өнер иелері 

ән  шырқап,  жерлесіміздің  аяққа  тұрып  кетуіне 

тілеулестік білдірді. 

қоғамдық жұмыстарға белсене араласып,  білек сыбана 

кірісер тұста кіріптар халде жатқанына пұшайман 

пейілде күрсінді.

-Арманың не?- дедім маңдайынан сипап.

- Жүру... Көлік айдау,- деді ол. Отыруға зар бала, 

тұрып-жүруді арман етеді. Туғанынан мешел сәбидің 

сөзі  орындалмайтын  арман  екенін  біліп  тұрып, 

«Арманың орындалсын!» деп тілек айттым...

Осы тұста көліктің даусы естіліп, Әділет пен               

Диляра есімді жас жұбайлардың келгені белгілі болды. 

«Лимузин» автокөлігіне балғындарды жарыса мінгізіп, 

шат-шадыман күйге бөленді. Ақ дастархан басына 

үлкен торт алып келген жұбайлар өз қолдарымен 

балаларға дәм де  татырып, сый-сияпат жасады.

- Жанұя құрсам, той күні міндетті түрде жетімдер 

үйіне бас сұғамын деген ой бұрыннан мазалайтын. 

Осы ойымды келіншегіме айтып едім, қолдай кетті. 

Сөйтіп, балғындарға ойыншықтар, тәтті торт алып 

келдік.  Мүмкіндігі  шектеулі  жандардың  жанына 

демеу болып, бір сәт те болса қуаныш сыйлағымыз 

келді,- дейді Әділет Жарықбасов. Әділеттің анасының 

да қуанышында шек жоқ. 

- Ұлыма шексіз разымын. Балғындардың көңілін 

көтеремін деп айтқаннан, берген тәрбиемнің текке 

кетпегенін сездім. Ұлымның бұл қадамын мақтаныш 

тұтамын,-дейді Бибіжамал апай.

Жас  жұбайларға  ән  арнап,  өлең  оқып  берген 

бүлдіршіндердің, расында, қуанышында шек болмады. 


10

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №13 (1301), 30 наурыз 2016 Жыл  //

айНа

 

„

Еуразия ұлттық 



университеті «Механика-

математика» факультеті 

жанынан құрылған 

«Шын-Олимп» ЖШс 

математикалық білім 

беру орталығының 

ұйымдастыруымен 

қаламызда математикадан 

халықаралық турнир өтті. 

Ойлылар 

додасы

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Мектеп  жасындағы  балаларды 

математикаға деген құлшынысын артты-

рып, білімдерін жетілдірумен қатар биік 

жетістікке  жетуді  мақсат  еткен  шараға 

қаламыздың  барлық  мектептерінен  1-8 

сынып  аралығында  оқитын  оқушылар 

қатысты.  Сонымен  қатар  өз  бақтарын 

сынау  үшін  арнайы  Астана  қаласынан 

оқушылар да келген екен. «ATHLETIC»  

спорт-сауықтыру  кешенінде  өткен 

жиынның ашылу салтанатында сөз алған 

«Шын-Олимп» ЖШС математикалық білім 

беру орталығының директоры Мейрамгүл 

Жомартова  турнирдің  Германия  және 

Ресейде бір әдістемемен өтетіндігін тілге 

тиек етіп, қатысушыларды байқау барысы-

мен түсіндіріп өтті. 

-  Математикадан  бұл  турнирді 

ұйымдастырудағы  басты  мақсатымыз- 

педагогикадағы жаңарту, жаңғырту және 

озық  технологияларды  пайдалануды 

ұстаздарымызға  үйрету.  Сондай-ақ  сол 

үйренгендерін  оқушылардың  бойла-

рына  дарытуды  мейлінше  меңгеріп, 

біліктіліктерін көтеру болып табылады. 

Еуразия Ұлттық университетінің  «Меха-

ника-математика» факультетінің жанынан 

құрылған кіші академия бар.  25 жылдық 

тарихы  бар  академия  барлық  мектеп 

жасындағы  балалармен  жұмыс  жасап 

келеді. Біз, яғни сол академияның ұжымы 

жыл сайын дәстүрлі түрде математикадан 

осындай турнир ұйымдастырып келеміз. 

Қазіргі  таңда  үздік  оқитын  балалар                             

Назарбаев зияткерлік мектебіне немесе 

дарынды балалар оқитын мектептерге ау-

ысып кетіп жатады әрі сондағы қолдаумен 

білімдерін жетілдіреді. Ал қарапайым мек-

тептерде оқитын есепке жүйрік балаларға 

кім қолдау көрсетпек?! Әрине, біз осы 

қарапайым  мектептердегі  оқушыларды 

осындай турнирлер немесе олимпиадалар 

арқылы анықтап, оларды білімнің шыңына 

тартамыз. Ендігі осы турнир барысын-

да  оқушылар  математикадан  өздерінің 

білімдерін танытып қана қоймай, тәжірибе 

алмасатын болады. Сонымен қатар білікті 

мамандардан  білім  алып,  өзіндік  ой-

өрістерін  кеңейтеді,-деді  ол.  Сондай-

ақ  Ресейдің  Мәскеу  қаласынан  атал-

мыш турнирдің ұйымдастыру бөлімінің 

төрағасы Татьяна Зорина скайп арқылы 

байланысқа  шығып,  турнирдің  алдағы 

жұмысына сәттілік тіледі. 

Шараға  Астана  қаласынан  өзінің 

немересін алып келген Сағира Қанахина: 

«Балаларым  математика  пәнінен 

халықаралық олимпиадаларға қатысушы 

еді. Сондай жарыстарға қатысып, ысы-

лып, төселген олар қазір жақсы дәреже 

көрсетуде. Сондықтан немерелерімді де 

осы салаға баулыдым. Өйткені матема-

тика  адамды  тәрбиелейді.  Бүгін  сонау 

Астанадан  немеремді  осында  әкеліп 

отырмын. Мұның алдындағы немерелерім 

де математиканың айналасында жүр»,- де-

ген әжей турнирді ұйымдастырушыларға 

алғысын жеткізді.

Бес  күнге  созылған  математикадан 

халықаралық турнир барысында оқушылар 

есептегі  алғырлығымен  ғана  жарысып 

қана қоймай, олардың мұғалімдері де жаңа 

әдістемелерді  оқып,  үйренді.  Бас-аяғы 

320 оқушы қатысқан бұл турнир ақылы 

түрде өтті. Турнирге қатысушылар 52000 

теңгеден төледі. Бәсеке барысында үздік 

нәтиже көрсеткен оқушылар халықаралық 

сертификаттарға  ие  болады.  Аталмыш 

турнирді ұйымдастырушылардың айту-

ынша, алдағы уақытта қаламыздан мате-

матикадан олимпиадалық мектеп ашуды 

жоспарлап отыр екен.   

 

„

2 сәуір – Халықаралық балаларға арналған кітап күні. 1956 жылдан бастап дат 



жазушысы ганс Христиан андерсеннің туылған күніне орай жарияланған бұл күн - 

әлемдегі кітапсүйер барлық ұрпақтың ортақ мерекесі.

сарҚылМас Қазына

Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

Кітап – қай ғасырда, қай заманда болмасын өз 

құнын  жоймайтын  таңғажайып  тәрбие  құралы. 

Баланың арман-қиялына  қанат бітіріп, ақ пен қараны 

ажыратуда, таным көкжиегін кеңейтуде  адал һәм ай-

нымас досы. Уақыт белдеуінде сапар шегіп, әлемнің 

көгінде әуелеуге,  өмірді өзгертіп, жарқын болашақты 

өз қолыңмен  жасауға үйрететін мәңгілік ұстаз. Қай-

қайсымызды алып қарасақ та, өмір бойы оқыған 

кітаптардың ішінде бала кезде оқылған кітаптардың 

орны  орасан.  Есте  мәңгілік  сақталып,  өле-

өлгенше жадымызда жатталып қалады. С.Бегалин, 

Ө.Тұрманжанов,  С.Омаров  сынды  қажырлы 

қаламгерлерден  бастау алған балалардың көркем 

әдебиетін М. Әлімбаев, Б. Соқпақбаев, С. Сарғасқаев, 

Ә. Дүйсенбиев, Н. Сералиев, М. Жаманбалинов,          

О. Әубәкіров, Ж. Кәрбозин, Қ. Баянбаев, М. Гумеров, 

Қ. Ыдырысов, Ж. Смақов, М. Етекбаев, Қ. Толыбаев,                                                                                                                               

Ә.  Табылдиев,  Е.  Ерботин,  А.Асылбеков,                                           

А. Сопыбеков, Е. Елубаев, М. Қабанбаевтар жаңа 

биікке  көтерсе,  М.  Дүйсенов,  М.  Айымбетов,                                                                           

Н.  Айтов,  Ж.  Әбдірашев,  Р.  Әбілқадырова,                                             

С.  Әлімқұлов,  Ж.  Дәуренбеков,  З.  Иманбаев,                                 

Т.  Дәуренбековтер  керегесін  кеңейте  түсті.  Ту-

ындылары үлкен тиражбен тарап, ауыл-ауылдың 

балалары аталған авторлардың повесть, әңгімелерін 

қолдан  тастамай  оқып,  өлең-жырларын  жатқа 

айтатын. Ол шығармалардың желісімен кино да 

түсірілетін.  Ал бүгінде сарғайған кітапқа үңілген 

сары  баланы  таппайсыз.  Себебі  балалардың 

талғамы ересектердікінен кем түспейді. «Артық 

ғылым  кітапта,  ерінбе  оқып  көруге»  деп  хәкім 

Абай айтқандай, бүгінгі заманауи кітаптар өзінің 

көркемдігімен, танымдылығымен кәдімгі қалың 

томдардан едәуір ерекшеленген. Елбасы Нұрсұлтан 

Назарбаев:  «XXI  ғасыр  -  мәдениет,  білім  және 

ғылым ғасыры. Барлық білімнің кәусар бұлағы- 

кітапхана»  деп  баса  айтқан  болатын.  Ал  артық 

ғылымды бойына жинаған заманауи кітаптарды 

өскелең  ұрпақтың  талғамына  ұсынып  отырған 

кітапханаларымыз да жаһанданудың жорғасына 

түскен. Яғни кешегі сарғайған қалың кітаптардың 

орнын жұқа әрі дизайнерлік өнердің ең жоғарғы 

деңгейінде жасалған жинақтар басты. Балалар жазу-

шылары мен кітапхана ұжымдары һәм балалар мен 

жасөспірімдердің ортақ мерекесіне айналған бұл 

күні әлемнің түкпір-түкпірінде кітап апталығы мен 

байқаулар, іс-шаралар ұйымдастырылып тұрады. 

Және   түрлі балалар кітаптары жарнамаланып, 

кітап  фестивальдері  ұйымдастырылады.  Әдеби 

көркем  шығармаларды  сүйіп  оқитын  балалар 

арасында байқау жарияланып, жүлде таратылады. 

Бүлдіршіндерге  бұрыннан таныс болмай келген 

кітаптар жайында айтылып, кішкентайлардың са-

насын ояту мақсатында түрлі дәрістер де оқылады. 

Жалпы айтқанда, аталған білім мерекесі қарсаңында  

саналы  ұрпақ  тәрбиелеу    үшін  қай  мемлекет 

болса да, жай қарап жатпасы анық. Жыл сайын 

балаларға  арналған  кітаптардың  халықаралық 

күніне орай Қазақстанда «Балауса» балалар әдеби 

шығармаларының байқауы өтіп келді.  Мемлекеттік 

тілде қазіргі заманғы балалар әдебиетінің дамуы-

на жәрдемдесу, балаларға арналған шығармалар 

авторларына  қолдау  көрсету  және  балалардың 

бойында отансүйгіштік, білімқұмарлық, оқуға деген 

сүйіспеншілікті тәрбиелеу мақсатында түрлі акция-

лар да тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Ал 

халықаралық мерекенің басты мақсаты - әлем бала-

ларын әдебиетке жақын болуға шақыру, кітап оқуға 

үндеу, адам өмірінде кітаптың алар орны ерекше 

екенін түсіндіру, «кітап – білім бұлағы, ал білім – 

өмір шырағы» екенін жеткізу. Бұл мақсатты орындау 

үшін балаларға ұсынар бізде кітаптар бар ма? Әрине, 

жеткілікті  деп  айтуымызға  толықтай  негіз  бар. 

Кітапханалар мен кітап дүкендерінің сөрелерінде 

балаларға арналған кітаптардың түр-түрі толып тұр. 

Терең ойлы мағынасымен де, қызылды-жасылды 

бояулармен өрнектелген әсерлі суреттерімен де кәрі-

жасты қызықтырмай қоймайды. Қай елдің болмасын 

сырлы сұлу аңыздары мен қиял-ғажайып ертегілері, 

маржандай тізілген өлең-жырлары, тілді қырық 

бұрар  жаңылтпаштары  мен  жер-жаһандағыны 

жасырған  жұмбақтары,  ақын-жазушылардың 

тілдің майын тамыза айтқан әдемі де әсерлі сөздері, 

халықтың мәнді-мағыналы мақал-мәтелдері, алты 

құрлықтың алуан түрлі кереметі де осы кітаптарда 

өрнектелген.  Сөрелерден балаңыз оқитын, бояйтын, 

жазатын-сызатын, тіпті өздері сөйлеп, ән айтып 

беретін «Панорамалық» және «3D» кітаптарды да 

таба аласыз. Олардың үлкені, кішісі,  орташасы 

да, қазақша, ағылшыншасы, қытайша, орысшасы 

да бар. Әсіресе мерекеге орай облыстық балалар 

мен жасөспірімдер кітапханасына арнайы ат басын 

бұрып  барғанымызда    «Керемет»  кітаптарына 

тәнті болдық. Бұл кітаптар  кәдімгі смартфондар 

мен ноутбуктерден ешқандай кем түспейді. «3D» 

кітабынан  орман  туралы  ертегіні  оқи  отырып, 

шынымен орманда жүргендей күйде боласыз. Ал 

«панорамалық», «аудио кітап», «Менің ең ұзын 

кітабым» атты заманауи жинақтарға көзіміз еріксіз 

байланып қалды. Себебі олардың әрқайсысы бір-

біріне ұқсамайтын ерекше дизайнерлік туындылар. 

Кітапхана ұжымы халықаралық мерекеге орай қызу 

дайындық үстінде екен.

-  Біздің  облыстық  балалар  кітапханасы  1958 

жылы  ашылған.  Ал  1978  жылы  жасөспірімдер 

кітапханасы  жұмысын  бастаған.  Алдағы  2018 

жылы  біреуіне  60,  екіншісіне  40  жыл  болады.  

Екеуінің мирас қоры 1996 жылы біріккен. Содан 

бері  жұмыс  жасап  келе  жатырмыз.  1983  жылы 

кітапханамызға арнайы ғимарат берілді. Қазіргі 

таңда біздің ыңғайластырылған қорымыз 70 мың 

кітапқа арналған. Ал біздің қорда 100 мыңнан астам 

кітап бар. Кітапхананың бірігу жылдары балалар 

мен жасөспірімдерге бірге қызмет көрсетілетін. 2010 

жылы Елбасының «Балапан» бағдарламасы аясында 

біз «Алақай», «Балақай» атты кітапхана жобасын 

жасадық. 2012,13,14 жылдары жобаны іске асырдық. 

Оқырмандарды бөлдік. Арнайы сөйлейтін, ертегіні 

көз  алдыңа  елестететін  заманауи  кітаптардың 

барлығы қазіргі таңда біздің қорымызда бар. «Қиын 

балалар» мен мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндермен 

де тығыз жұмыс жасаймыз. Әр мектеппен етене 

байланыстамыз.  Айта  өтсем,  Жамбыл  облысы 

бойынша балаларға арналған 18 кітапхана бар.  Тек 

Мойынқұм ауданында ғана бөлім, қалғанының бәрі - 

балалар кітапханасы. Ал балалар мен жасөспірімдер 

кітапханасы Қордай және Жамбыл аудандарында 

жұмыс  жасауда.  Балалардың  шығармашылық 

қабілетін арттыру мақсатында осымен бесінші жыл 

«Мен өлкемді зерттеймін» атты ғылыми, тарихи 

жобалар байқауын  ұйымдастырып келеміз. Және 

үш  жыл  қатарынан  оқырмандарды  кітапханаға 

тарту мақсатында «Кітап әлемінің сиқырлы түні» 

атты іс-шара ұйымдастырдық. Республика бойын-

ша бұл шараны біз бастадық. Шарада ешқандай 

көрермен болған жоқ. Барлығы оқырмандар. Бір 

сөзбен айтқанда, кітапхананы ертегі әлеміне ай-

налдырамыз. Балалар өздеріне ұнаған шығарманың 

кейіпкерлерін ойнайды. Әр бөлмеде түрлі образдар 

сомдалады. Түнгі уақытта жас оқырмандарымызды 

арнайы көліктермен үйлеріне жеткізіп отырамыз.    

Және ашық аспан астында, қоғамдық көліктерде 

қызықты шаралар ұйымдастырамыз. Мәселен, үш 

сұраққа дұрыс жауап берген оқырмандар қоғамдық 

көліктерде тегін, кітапхана есебінен қатынайды. 

Мұндай қызықты шараларды облысымыздың 70 

жылдығында, Қазақ хандығының 550 жылдығында 

өткіздік. Биыл күзге қарай Тәуелсіздігіміздің 25 

жылдығына орай тағы да ұйымдастырамыз. Бұдан 

бөлек шет елдің тәжірибесінен енген «Кітап айналы-

мы» акциясы аясында да бірқатар ауқымды шаралар 

ұйымдастырылуда. Өңірдегі балалардың кітапқа 

деген  қызығушылығы  күн  сайын  артып  келеді. 

Ал Халықаралық балаларға арналған кітап күні 

қарсаңында апталық ұйымдастырамыз. Апталық 

ашық аспан астында және қалалық мектептерде 

өтетін болады, - дейді Жамбыл облыстық балалар 

мен  жасөспірімдер  кітапханасының  директоры 

Мейрамкүл Ысқақ. 

Сонымен    қатар    Мейрамкүл    Елеукенқызы  

кітапхана  қорындағы  «Керемет»  кітаптардың 

бірқатарымен  бізді  таныстырды.  Қызықты 

кітаптардың  тартымдылығы  да  талғамды  бау-

рап  аларлықтай.  Себебі,  қай  уақытта  да  білім 

шаңырағынан  кішкентай  оқырмандар  үзілмейді 

екен. Сауат ашамын деген өскелең ұрпаққа барлық 

жағдай  жасалған.  Таным  шаңырағының  та-

рихы,  атқарып  келе  жатқан  салмақты  ісі  һәм 

оқырмандардың  ынтасы  көңіл  қуантты.  Қала 

бүлдіршіндеріне  сарқылмас  қазынасынан  білім 

нәрін беріп келе жатқан кітапхана ұжымын атаулы 

күнмен құттықтап, еңбектеріне табыс тіледік.

бала талғамының заманауи кітабы.  

 Суретті түсірген В.Алсуфьев


СПОРТ

11

       // «Жамбыл - Тараз»  //  №13 (1301), 30 наурыз 2016 Жыл //




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет