1.6 Қорғау (консервация) және сақтау
Анализді іріктеу күнінде жүргізу мүмкіндігі болмаса, ауыз су үлгісін сол кезде ғана консервациялайды.
Бөтелкелер саңлаусыз жабық болуға тиісті. Қажеттілік туғанда, тығындардың үстінен парафин және канифолидің қоспасын (80 – 90 пайыздық парафин және 10 – 20 пайыздық канифоли) ерітіп құюға болады. Егер су ұзақ сақталатын болса, онда 1л суға 2 мл хлороформ қосып консервациялайды.
Ақаба суларын консервациялау қиын, өйткені консервантты енгізу кезінде анализді қиындата түсетін жанама процестерге әкеп соғуы мүмкін. Кейбір жағдайда ақаба суының үлгісін 3 – 40С суытып, сақтаудың барысында, ондағы биохимиялық процестерді баяулатуға болады. Бұл табиғи сулар үшін де қолайлы. Үлгілерді бірнеше сағат ішінде анализдеу қажет немесе тоңазытқышта сақтау қажет.
Тапсырма 1 Су объектілерінің органолептикалық қасиеттерін анықтау (2 сағат)
Органолептикалық қасиеттер. Органолептикалық қасиеттер көру (лайлылық, түстілік) және иіс сезу (иіс) органдарымен анықталады. Қанағаттандырылмайтын органолептикалық қасиеттер судың ластануын көрсетеді. Алғашқы су сапасын бағалау, оның температурасын, органолептикалық қасиетін анықтау суатта жүргізіледі. Судың температурасын анықтау жылулық ластануды бақылау үшін қажет, сондықтан өлшеуді бір-бірінен бірнеше 100 м қашықтықта болатын бірнеше нүктелерде жүргізу керек. Ерекше назар аударарлық зат, бұл суатқа құятын жылға, өзен, ақаба сулары болуы тиіс. Өлшенген температуралардың бірнеше градус (температуралық градиенттер) айырмашылығы болса, жылулық ластану жайында айтуға болады.
Су сапасының органолептикалық бағалануы – суды бақылаудың алғашқы міндетті санитарлы-химиялық процедураларының бірі.
Тапсырма А Иісті анықтау
Судың иісі, суға табиғи жолмен немесе ақаба суларымен түскен, иіс аңқығыш ұщқыш заттарға негізделген. Барлық дерлік органикалық заттардың иісі болады және ол суға беріледі. Әдетте, иісті бөлме (200С) және жоғары (600С) судың температурасында анықтайды.
Иісті субъективті өзіндік сезінулерге байланысты екі топқа бөледі:
Табиғи шығу тегі (тірі және өлі организмдер, топырақтың
әсері, су өсімдіктері және т.б.);
техногенді жасанды шығу тегі. Әдетте ондай иістер суды
өңдеу барысында едәуір өзгеріске ұшырайды.
Достарыңызбен бөлісу: |