Табиғи орта жағдайын бақылау


Құрал- жабдықтар және реактивтер



бет14/51
Дата16.10.2023
өлшемі362,68 Kb.
#115973
түріПрактикум
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   51
Құрал- жабдықтар және реактивтер:
1) метилоранж индикаторының сулы ерітіндісі (0,1пайыз);
2) фенолфталеин индикаторының ерітіндісі;
3) титрленген (0,05 г-экв/л) тұз қышқылының ерітіндісі;
4) алмұрт тәрізді рәзеңкемен жалғастыратын түтік және 2 мл немесе 5 мл тамызғыш;
5) тамызғыш (капельница);
6) 10 мл белгісі бар ыдыс.

Жұмыс барысы:
А. Карбонат– анионын титрлеу

- Ыдысқа 10 мл белгісіне дейін суды құю;


- тамызғышпен 3-4 тамшы фенолфталеин ерітіндісін қосу. * Ерітіндінің түсі әлсіз немесе мүлдем болмаған жағдайда, үлгіде карбонат– иондары жоқ деп есептеледі;
- біртіндеп ұштығы бар өлшеуіш шприц немесе өлшеуіш тамызғыш арқылы 0,05 н тұз қышқылының ерітіндісімен әлсіз-қызғылт түске дейін титрлейді және фенолфталеин бойынша титрлегенде, кеткен, тұз қышқылының ерітіндісінің көлемін анықтаңыз;
- карбонат- аниондардың массалық концентрациясын төмендегі (2) формула бойынша шығарады

Ск = Vк • 300 (2)


мұндағы Ск – карбонат- ионның массалық концентрациясы, мг/л;
Vк – титрлеуге кеткен тұз қышқылы ерітіндісінің көлемі, мл.
Ерітіндіні карбонат анионын титрлегеннен кейін келесі гидрокарбонат- анионынның массалық концентрациясын анықтау үшін қалдырыңыз.

Б. Гидрокарбонат- анионын титрлеу
- Колбаға 10 мл белгіге дейін суды құйыңыз;
- 1-2 тамшы метилоранж ерітіндісін қосыңыз;
тұз қышқылының 0,05 н ерітіндісін сары түстен қызғылт түске дейін титрлейді және метилоранж бойынша титрлеуге кеткен тұз қышқылы ерітіндісінің көлемін анықтаңыз;
- гидрокарбонат- анионның массалық концентрациясын келесі (3) формула бойынша есептейді
Сгк = Vгк • 305 (3)
мұндағы Сгк – гидрокарбонат- анионның массалық концентрациясы, мг/л;
Vгк – титрлеуге кеткен ерітіндінің көлемі, мл.

  1. карбонаттың қаттылығын келесі (4) формула бойынша есептеңіз



Қк = Ск • 0,0333 + Сгк • 0,0164 , (4)

мұндағы Ск – карбонат- ионның массалық концентрациясы, мг/л;


Сгк – гидрокарбонат- анионның массалық концентрациясы, мг/л;
0,0333 және 0, 0164 – осы аниондардың кері эквивалентті массалық өлшемдеріне тең коэффиценттер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет