2022 жыл басынан 2023 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде
Қазақстан Республикасы халық санының өзгеруі туралы (31.01.2023)
2022 жыл басынан 2023 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде
Қазақстан Республикасы халық санының өзгеруі туралы (31.01.2023)
Бала туудың азаюынан, әлімнiң кәбеюiнен туындаған демографиялық ахуалдың нашарлау жағдайында халықтың көшi-қон шығынының қолайсыз үрдiсi қалыптасуда.
Алға қойылған мақсатқа жету үшiн мынадай негізгі мiндеттер шешiлетiн болады:
көшiп кетудi азайту және түтастай алғанда iшкi көшi-қон бойынша терiс сальдоны азайту;
- бұрынғы отандастарымыздың отанына оралуына жәрдемдесу;
көшi-қон процестерiн басқару жүйесiн және заңнаманы жетiлдiру.
Елiмiзде болып жатқан көшi-қон процестерiне айтарлықтай көп факторлар әсер етедi. Жалпы алғанда, оларды мынадай негiзгi топтарға бөлуге болады:
- саяси;
этномәдени;
әлеуметтік-экономикалық;
табиғи-климаттық, экологиялық;
ақпараттық-насихаттық.
Экологиялық көші-қонға – халық қоршаған ортасы лас аудандар мен экологиялық апат аймақтарынан басқа жақтарға қоныс аударуы жатады. Көші-қон ұзақтығына қарай тұрақты және уақытша деп екіге бөлінеді. Уакытшаға – вахталық (ауыспалы) жұмысқа келу жатады. Ол көбінесе табиғи ресурстарды игеру аймақтарына тән. Келесі мысал —маусымдық, құрылыс және ауыл шаруашылық жұмыстарына келу. Уақытша көші-қонды туристер, жас еңбек отрядтары, гастарбайтерлер (шетелдік жұмысшылар) қалыптастырады.
Формасына қарай – ерікті және еріксіз деп бөлінеді.
Ерікті түрде көшу- өз еркімен (ұйымдаспаған көші-қон) және мемлекет ұйымдастырған (ұйымдасқан көші-қон) жағдайда болады. Мысалы, тың және тыңайған жерді игеруді, шет елдегі қандастарға елге оралуды мемлекет тарапынан ұйымдастыру.
Еріксіз көші-қон- Сталиндік репрессия тұсындағы халықты отырған жерінен күшпен көшіріп жіберу. 1937-44 жылдар аралығында Қазақстанға Корейлер, Поляктар, Немістер, Шешендер, Ингуштар, Балгарлар және басқа халықтар күшпен кешіріліп әкелінді. Барлығы 1 млн адамға жеткен.
Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде 2022 жылғықаңтар-маусымда елімізге тұрғылықты тұруға 7 287 адам келді, елімізден кеткендердің саны 12 344 адамды, көші-қон айырымы – 5 057 адамды құрады.
Еліміздегі негізгі көші-қон ТМД мемлекеттерімен өтіп жатыр. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің көшіп-қонушылардың жалпы санынан үлесі тиісінше 84,5% және 83% құрады.
Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 1,4%-ға кеміді. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 3 өңірінде байқалды: Алматы (17 691 адам), Нұр-Сұлтан (15 753 адам) және Шымкент (1 883 адам) қалаларында.