Демография (грекше демос — халық) — белгілі бір халықтың, ұлттың, ұлыстың, этникалық топтыңсанын, құрамы мен құрылымын, аумаққа бөлінуін, өсу не кему динамикасын қоғамдық-тарихи жағдайлармен байланыстырып зерттейтін әлеуметтік ғылым саласы. Демография адам популяциясын оның көлемі мен құрылымына сәйкес, яғни жынысы, жасы, отбасылық жағдайы және этникалық шығу тегі бойынша, сондай-ақ, осы популяцияның туу, өлу және миграция коэффициенттеріндегі өзгеруі тұрғысынан статистикалық зерттеу.
Эксперттердің болжамдары бойынша Жерде 1 млн. жыл бұрын өмір сүрген адам популяцияларының жалпы саны (Nomo erectus) 100 мың болған, Ноmо sаріеns пайда болуына қарай — шамамен 500 мың; 30—20 мың жыл бұрын — шамамен 5 млн.
Халықты көптеген қоғамдық және жаратылыс тану ғылымдары зерттейді. Осылардың ішінде демография ерекше орын алады. Халық кең мағынасында (немесе ел-жұрт) адамдардың жиынтығын білдіреді. Ол белгілі бір территорияда (немесе жер көлемінде) өмір сүреді, іс-әрекет, қызмет жасайды. Демография халықтың құрамын, санын және оның өсуін, өнуін, көбеюін, азаюын зерттейді. Бұл процесте адамның жынысы, жасы, атқаратын қызметі, жұмысы, т.б. жақтары негізге алынады, (мысалы, некелесу, туу, миграция, өндіріске әсерін, т.б.) зерттейді. Әр қоғам халқының өзінің өсу, өнудегі ерекше даму заңдылықтары болады.
Қазіргі кездегі демографиялық және экологиялық жағдайға тек бай елдер ғана емес, кедей елдер де теріс әсер етеді. Өнеркәсібі жоғары дамыған елдердің қоршаған ортаға әсері олардың табиғатты тікелей бұзуымен емес, техногенді ластануға байланысты. Ал кедей елдерде қоршаған ортаға әсер экожүйелерге жасалатын шектен тыс қысым нәтижесінде табиғатты тікелей жоюмен байланысты. Бұл ормандардың жойылуы және басқа экожүйелердің бұзылуы, ресурстардың сарқылуы т.б. арқылы көрінеді. Өткендегі, қазіргі және болашақтағы демографиялық жағдайлар. Елдегі немесе планетадағы, аймақтағы демографиялық жағдайларды зерттеу адам экологиясының маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Халық, қала тұрғындарының тез санының өсуі экожүйелерге қосымша экологиялық салмақ түсіреді. Сондықтан адам экологиясы демографиялық факторлар мен урбандалу процесінің қоршаған табиғи орта жағдайына әсерін жан-жақты зерттеуге міндетті.
АРТЫҚ КӨБЕЮ ҚАУПІ ТӨНБЕЙ МЕ? ӨЙТКЕНІ БІЗДІҢ ПЛАНЕТАМЫЗДАҒЫ РЕСУРСТАР ШЕКСІЗ ЕМЕС ҚОЙ! ОСЫ САУЛНАМАЛЫҚ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП ІЗДЕУ ҮШІН ТЕК ҚАНА ЖЕР ШАРЫНЫҢ РЕСУРСЫН ҒАНА БІЛІП ҚОЙМАЙ, СОНЫМЕН БІРГЕ ХАЛЫҚТЫҢ ТАБИҒИ ӨСУІНІҢ ЗАҢДАРЫН ДА БІЛУ ҚАЖЕТ. ХАЛЫҚТЫҢ ҰДАЙЫ ӨСУІ ТУУ МЕН ӨЛІМІНІҢ МӨЛШЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ОЛАРДЫҢ АРАСЫНДАҒЫ АЙЫРМА ТАБИҒИ ӨСІМ ДЕП АТАЛАДЫ. ОНЫҢ САН- МӨЛШЕРІ 1000 АДАМҒА ШАҚҚАНДАҒЫ ПРОМИЛЕ (‰) КӨРСЕТКІШІМЕН ЕСЕПТЕЛЕДІ. ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ОРТАША ЕСЕП: ТУУ – 28‰, ӨЛІМ – 10 ‰, АЛ ТАБИҒИ ӨСІМ – 18 ‰. ХАЛАҚТАҢ ҰДАЙЫ ӨСУІНЕ БІРНЕШЕ ФАКТОРЛАР ӘСЕР ЕТЕДІ.