Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет115/143
Дата07.01.2022
өлшемі0,71 Mb.
#17643
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   143
үлкендеу   екі   бөлмелі   үй   екен.   Төсеніші   жоқ.   Қу   тақтай.   Бір
бұрышта   темір   кірауат   тұр.   Шешем   екеуміз   соның   үстіне
отырдық. Еркектер ортадағы орыс үстелді жағалай орындыққа
отырды.   Өңшең   бір   шүлдірлеген   бөтен   адам.   Тартқандары
шылым. Қайда отырғаныңды білмейсің...
— Е, оның рас, алғашқы кезде кісі сүйтеді екен. Сонысын?
— Сонысын кешке таман қонақ шақырды. Кірауат жаққа маған
шымылдық құрып қойды. Апам басы ауырып, ауыз үйде жатып
қалды.   Қонақтары   келді   саусылдап.   Орталарына   ет   қойып:   —
Келіншегің   құтты   болсын!   —   деп   айғайласып,   стақанды
салдыратып   арақ   ішті.   Ақан   ағам   ішпеп   еді,   бәрі   жабылып,
қоярда-қоймай оған, да ішкізді. Мен шымылдықтың ішінде жалғыз
шошайып отырмын. Ағатайымды аяп отырмын...
Шетінен   мас.   Бір   жігіт   арақты   азырақ   ішті   білем:   бәрі   соған
жабылды. Менің күйеуім: — Іш! Сен неге ішпейсің?— деп күжілдеп
әлгімен   ұстасты.   Содан   ұшқынып   екеуі   керілдесіп,   боқтасты.
«Қой, қойлағанды» тыңдамай, әлгі менің күйеуім тілі күрметіліп,
боқтап, атам деп, мылтығын ала ұмтылғаны ғой.
— Құдай-ай, сақтай гөр!
— Зәрем зәр түбіне  кетті. Бәрі дүрлігіп, ыдыс-аяқты қиратып,
үстелді,   тақтайды   тарсылдатып,   үйді   басына   көтеріп   барады.
Қорқып мен орнымнан ұшып түрегелдім. Шымылдықтан сығалап
қарасам   —   күйеуімді   екі   жігіт   ұстап   жүр   екен.   Көзі   қисайып,
ақшиып   кетіпті.   Қыли   екенін   сонда   көрдім.   Қолында   мылтығы,
тұра-тұра   ұмтылады.   Күйеуімнен   қорықтым,   көңілім   қалды.


Мінезі   жаман   екен.   Әлден   уақытта   екеуін   де   қойғызып,   қонағы
түскірлер тарады.
Ыдыс   шашылып,   стақан,   бөтелкелер   қирап,   арақ   төгіліп,   үйдің
ойран ботқасы шығып қалды. Ағатайым мана төбелестен бұрын
лоқсып,   шиқылдап,   ауыз   үйге   шығып   кетіп   еді.   Күйеуім
қонақтарын   шығарып   салып,   тәлтіректеп   келіп,   мені   тағы
құшақтап,   сүйді.   Өне   бойы   арақ   сасиды.   Шешінбестен   төсекке
келіп қылжиып, әлгі төбелескен жігітті боқтап жатып, ұйықтап
қалды.
— Ойпырым-ай! Күйеуің мінезі қалай жаман еді!
— Мінезі жаман деймісің? Жамандығын қазір айтам...
— Сонысын қайттың?
— Сонсын жылап-жылап, сілем құрып, кірауаттың алдына көрпе
тастай беріп, жантайып таң ата көзім ілінді...
Не керек бір cay күні болған жоқ. Қызметтен келсе, арақ ішумен,
мас   болумен,   боқтаумен   күні   өтті.   Мені   жан   екен   деп   сөйлесу
жоқ.   Тек   қойныма   жатуды...   біледі.   Күндіз-түні   бүк   түсіп
жатқаннан басқа жарық сәуле көрмедім...
Бір жұмадан кейін күйеуім қызметінен түсіп қалды. Партиясы дей
ме,   бірдеңесінен   де   шығарып   тастапты.   Пара   алып,
жолдастарымен ұстасып, әйтеуір жамандығы білініп қалса керек.
Содан кейін ол мені алып, өз еліне қайтатын болды.
Келіп-кетіп жүретін бір қазақ қатыны бар еді. Өзі сумаңдаған,
сөзі   көп   қатын   еді.   Бір   күні   сол   келді.   Күйеуіңді   қызметтен
түсірді.   Бұ   қаладан  қуып   отыр...   Жаман   жұмыстары   көп:  енді
абақтыға   түседі...   Өзі   кедей   дейді.   Сен   оған   ерме!   Мұнда   қал!
Саған жақсы күйеу тауып береміз...— деп мені азғырды. Не сөз
екенін білгем жоқ, келген соң күйеуіме айттым. Кеше ғана тие
сала қалай айрылайын? Күйеуім: — Олар менің дұшпаным, өтірік
айтады. Әуре болма!— деді...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет