Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет116/143
Дата07.01.2022
өлшемі0,71 Mb.
#17643
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   143
Содан мені осында алып келді.
— Семейдікі екен ғой?


— Ия. Осында бір жаман үйі бар екен... мені өз үйіне әкелген жоқ,
бір жолдасының үйіне түсірді. Ноғай қатыны, екі ақ үрпік баласы
бар екен. Шәй қайнатты. Күйеуім кетіп қалып еді. Әлгі үйдің иесі
бар, бір-екі балалау жігіт бар, шәйді жаңа ішіп отыр едік. Бір
мезгілде бір шұбар матүшке келіп, ентігіп, сұрланып, ерні дірілдеп
есік көзінде тұра қалып еді. Бәрі де үн-түн жоқ, төмен қарады.
Сөйткенше болмады, әлгі матүшке:
—   Оныки   жаңа   қатын   сен   бе?—   деп   мені   көрсетіп:   —   Мен   де
оныки   қатын   еди.   Мени   тастады.   Меники   одан   кишкене   бала
қалды. Баланы асырауға ақша жоқ. Баланы саған тапсырдым,—
деп маған қарап, жылап қоя берді.
Мен аң-таң болдым. Үй иесі жігіт отырып, маған мәнісін айтты.
Бақсам   —   күйеуімнің   орыс   қатыны   бар   екен.   Маған   оны
айтпастан, алып кепті.
— Ойбай масқара!
— Масқара болғанда қандай!.. Со жерде не болғанымды білмедім.
Өңім екенін, түсім екенін айыра алмадым...
Мен   жылап   отырғанда   күйеуім   келді.   Матүшке   кетіп   қап   еді.
Күйеуім шәй ішіп отырып: Баланы да жібергелі отырмын,— деді.
Жолдастары:
—   Өзің   білесің...   пәлен,   түген...—   деп   жөнді   ештеңе   айтпады.
Ішінен жақтырмай отырғандары көрініп тұр. Мен күйіп кеттім.
—   Балаңды   неге   жібересің?   Орыс   боп   кетпей   ме?   Алып   қал!—
дедім.   —  Енді қайтейін...   Аядым...  Тіпті  намысым   келді.   Кім  де
болса, күйеуімнің баласы ғой. Айтқаныма бола ма, баласын бірге
тастады.
Қатыны кеткен соң мені өз үйіне әкелді. Жаман, тоқал үй екен, бір
атасы мен жеңгесі бар екен. Атасы жаяу жүріп сауда қылады
екен...
Әлгі   күйеуімнің   тастаған   баласы   анда-санда   келіп-кетіп   жүрді.
Бес-алтыға   келіп   қалған   жап-жақсы   бала.   Менің   күйеуімнің
баласы дейтін емес. Қазақша тіл біледі. Бейшараны аяймын: маған
бала боласың ба?— деймін.


—   Болам,—   дейді.   Әкесі   келсе:   —   Келме,   үйіңе   бар!—   деп   қуып
жібереді.   Со   бала   артынан   көшеде   қайыр   сұрайтын   болыпты.
Әкесі жолыққанда, бала қолын жайса, керек десе, садақасын да
бермепті. Не деген қатты адам екенін білмеймін...— деп келіншек
сөзін бітірді.
— Осы күні күйеуің қайда?
— Қызметпен басқа қалаға кетіп еді. Екі ай болды. Хабар жоқ.
— Бала көтердің бе?
— Бір бала түсік түсті. Біреуін қолдан өлтірдік...
— Күйеуіңнің аты кім?
— Обал ғой: қалай атайын?
— Оның обалы жоқ, бауырым. Жәй сөз. Айта бер.
— Ана аттың мойнына салатын имек ағаш.
— Қамыт па?
— Жоқ одан жоғарылауы.
— Доға ма?
— Е, сол, сол.
— Ағы да бір түрлі екен... Өзің немене...жүдеусің ғой?
— Жүдеу болмай қайтейін... Адасқан қаздай... жападан жалғыз...
Науқасқа шалдықтым: азырақ жөтелім бар...
— Ей, қалқам, Камила-ай! Сенің де көрмеген қорлығың жоқ екен
ғой!..
* * *
— Ал енді өзіңдікін айтшы!— дегенде орысша киінген әйел басынан
кешкен күндерін бір-бірлеп ағыта бастады.
Бірінің аузына бірі қарап, киімдерін шұқыласып, екеуі ағаш түбінде
көп отырды. Күн де еңкейді. Камиланың қыдырып кеткен қайын
аға,   абысындары   да   келді.   Сонымен,   о   күні   әңгіме   аяқталмай
қалды. Орысша киінген әйел Камиланың тұрған үйін сұрап алып,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет