Table of Contents тар жол, тайғАҚ кешу роман-эссе (1927) тарту



бет23/53
Дата22.09.2023
өлшемі419,1 Kb.
#109714
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   53
«КІМ ДОС, KIM ҚАС
Алаш ұранды автономиялы халық боламыз деген зор мақсұтта белді байлап отырмыз. Автономия алған және алғалы отырған жұрттардың басынан не кешіп отырғанын да көріп отырмыз. Сонда да автономия боламыз деп талпынып отырмыз. Жалпы қазақ-қырғыз съезі ішкі істерімізді басқару үшін және кезінде автономия жария ету үшін Алаш Ордасын сайлап та қойған, бірақ бұл жолда Алаш Ордасы алаңсыз қызмет ете алмай отыр. Оның неше түрлі себептері болып тұр.
Қазіргі Россияны билеп отырған Совет үкіметі «Программамызда әр халықтың өз тізгіні» өзінде болуына, яғни автономиялы болуына қарсы емеспіз, бірақ халықты капиталистер— буржуалар билеуіне ырза емеспіз», — дейді.
Осыны себеп қылып большевиктер Украина, Сібір, Түркістан, Башқұрт, Қырым автономияларына қарсы болып бұлар буржуазная автономия, яғни байлар автономиясы деп жорғалатып отыр.
Біз біреуді ақтарды, біреуді жақтарды былай қоя тұрып, өз жайымыздан бір-екі сөз айтып өтейік.
Біздің қазақ-қырғызды капиталист, буржуй, жұмыскер деп бөлуге болмайды. Бізде Европа халықтарындай завод, фабрик жоқ. Бізде миллионерлер, жатыпішерлер жоқ. Біздің халық ақсүйек, қара сүйек, бай, жұмыскер, жерлі, жерсізге бөлінген емес. Қалың қазақ-қырғыздың тіршілігі, шаруасы мал бағу.
Қазақ жері бұрыннан да жеке адамның еншісі болып бөлінген емес. Мемлекет мүлкі болып саналатын. Мұнан кейін де жер ортақ болады. Жер еншіге бөлінсін деп жүрген ешкім жоқ.
Біздің «Алаш» автономиясы әлі жарыққа шыққан жоқ. Рәсімі жария етілсе біздің басымызға да Түркістан, Сібір күні туа ма. Ол белгісіз. Бірақ оларға жауып отырған жала бізге жанаспайтынына көзіміз жетеді. Бірақ бізде басқаларға түсімізді бояп көрсетіп отырган өзімізден шыққан шағымшылар. Олар бүгін большевик болыпты-мыс. Қазақтан шын большевик шығып, халықтың мұң-мұқтажын ойлаушы болса арманың бар ма? Төрт-бес жұрттан шыққан сұмдар большевик болмақ түгіл, тескентау өтіп кетсе де жолың болсын дер едік. Бірақ жұрт атынан сөйлеп, соңынан ерген он қазақтың баласы жоқ, жұртты адастырып отыр, соған күйеміз. Кешегі қаралы патша заманында бірі шоқынып миссионер болып, бірі сатылып жандарм мекемесіне тыншы болып, бірі ел алдап, бірі жол тосып жолаушы тонап жүрген соғылғандар. Мынадай лайсаң заманда «большевик» бола қалып, ордалы алаштың ортасына от тастағалы отыр. Жалпы қазақ-қырғыз съезіне жиналған өкілдер байлар қазаққа зияндастар, оны съезд демеңдер, алашқа автономия бермеңдер деп отыр. Алаш Ордасына сайланған он бес кісі қазақ-қырғыздың дұшманы, оларды жоқ қылу керек деп шағым қылып отыр. Қазіргі шығып тұрған «Қазақ» газеттері бостандық дұшманы. Бұлардың жазушылары Николайшыл деп отыр.
— «Көдеден көп қайнаға-ау, түйе ауғанда қайда едің?»
— Ұлтшыл «Алаш» ұлдары-ау, кеше жұрттың көзінің қанды жасы ағып, барар жер, басар тау таба алмай зар еңіреп жүргенде қайда едің?
— Кедейшіл сабаз ерлер-ау, қазақ баласы зар жылап, халқың қанға боялып мал орнына айдалғанда қайда едің?
Бұл сұрауларға сендер жауап бере алмайтындарыңды білеміз. Бұған жауапты халықтан күтеміз. Өздерің жарылқаймыз деп жүрген жарлылардан күтеміз. Сендер кімсіңдер? Қаншасыңдар? Аттарыңды атап, сандарыңды санауға он саусағым еркін жетеді, бас-аяғың онға толмайтын оңбағандар жалған ұран шығарып, жай білмейтін жатқа жарамсақтанып, жақынға жала жауып, жақсы атқа ие болғансып отырсыңдар. Шын ұлтшыл екендеріңді білейік, жұрт соңдарыңда екенін көрейік, майданға шық, тапқа түс. Елден қалсаң арманымыз жоқ. Арттарыңнан ерейік, болмаса сендер кімсіңдер? Сендер «күні бойы сабан тартып, шаршап келе жатырмын» деген өгіздің мүйізіндегі шыбынсыңдар.
Естеріңде болсын санасыздар. Халық құдай жаратқаны рас болса жоғалмас. Біз мұнан да кедей күнімізде тойға барғанбыз, басымызды көтеріп, есімізді жиып ел болармыз. Сендермен сонда сөйлесерміз!
Алаш, саған айтамын: адаспа, жасыма, қайғырма! Арамза туған ұлдарың сендермен күшейіп отырған жоқ. Оны есіңнен шығарма! Тағдырсыз іс болмас, Алланың басқа салғанын әлі де болса көрерміз. Алаштың азаматы зорлықшыл үкіметтен құтылып, теңелдік деп төбесі көкке жеткендей қуанып еді. Жыл он екі ай болмай бұрынғы қорлық басымызға қайта туса, басымыз айдауға, малымыз байлауға душар болатын болса, бұл да тағдырдың ісі шығар шыдайық. Бірақ, жұртым, мұны өзгеден көрме. Өзіңнен көр. Жасыма Алаш, жасқанба! Аз күнгі қуанышқа сүйсінбе, уақытша қайғыға күйінбе, ақыл-ойыңды алысқа жұмсап жұрт болудың қамын қыл. Кім дос, кім қас? Мұны да бірақ ұмытпа!
Мадияр»

Осылайша бұлар жамандамаған, бұлар сөкпеген большевик жоқ. Бұлар Ленинді де: «бұзық ниетті», «жұртты бұзғыш», «немістен ақша алған» деп жамандап бақты. Соған қарағанда бұларға жамандау өте арзан тәрізді.


Іс қазандай қайнаған бетімен жүріп жатыр. Іс сүріне-қабына жүріп жатқан тәрізді. Байлардың үйлерін, диірмендерін қазынаға алдық. Сібір банкін алдық.
Орынборды Дутовтан большевиктер алғанымен, Ақмола облысынан басқа жерлердің қазақтары әлі де Совет үкіметін өкімет деп тани қоймай жатты.
Тек бөкейлік қазақтардың арасында саяси қозғалыс болып, оқыған жастардың арасында советшілдері барлығы білініп жатты. Газеттерге қарағанда, бөкейліктердің оқыған еңбекші азаматтары өздеріндегі Керенский үкіметінің өкімдерін түсіріп, Бөкейлік үкіметін бұқара қолына алғандығы білінді.
Бұл туралы «Қазақ» газетінің 1918 жылы 27 ақпанда шыққан 261-ші нөмірінде «Ұран» газетінен мынандай бір хабар басылды:
Газеттен:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет