Ұстамсыз типке – холериктер, жататын адамдардақозу мен тежелу процестерінің күші жоғары болады да, қозу процесі тежелудең басымырақ келеді. Ми қыртысында қозудың күші басым болғандықтан ол тез жайылады да, ішкі тежелу процесінің дамуы, жіктеу процесі қиынға соғады. Бұл типке жататын жануарлар шамадан тыс қозғыш, агрессивті, ұстамсыз, үркек келеді, үйретуге көнуі қиын.
Ширақ типке – сангвиниктерге жататын адамдарда қозу мен тежелу процестерінің күші жеткілікті әрі шамалас болады жене бір процесс екіншісіне оңай, шапшаң алмасады. Ми қыртысында оң және теріс индукция айқын байқалады, сондықтан нерв процестері шамадан артық жайыла алмайды. Бұл типке жататын жануарлар сыртқы орта жағдайларына шапшаң бейімделеді, әрбір жаңа тітіркендіргішке тез назар аударады, олармен оңай танысады.
Инертті тип - флегматик өкілдерінде де нерв процестерінің күші жеткілікті болады, бірақ олар бір-бірімен баяу алмасады, басқаша айтқанда нервтік процестерге тоқырағыштық сипат тән. Ми қыртысы торшаларында пайда болған қозу не тежелу процесі басқа аймақтарға таралмай, сол пайда болған жерінде ұзақ уақыт сақталып қалуы мүмкін. Мұндай типке жататын жануарлардың сыртқы әсерге жауабы әлсіз, баяу келеді, сондықтан олар қоршаған ортада байқалатын шапшан өзгерістерге нашарырақ бейімделеді.
Әлсіз типке - меланхоликке жататын жануарларда қозу және тежелу процестері нашар дамиды. Олардың сезімталдығы жоғары болғанымен, жұмыс қабілеті, төзімділігі төмен келеді, сыртқы орта жағдайларына нашар бейімделеді, жиі ауырады, қорқақ, жасқаншақ болады.
И.П. Павлов ұсынған жоғары дәрежелі нерв қызметінің типтері Гиппократтың темпераментті жіктеуімен сәйкес келеді. Дегенмен тек нақтылы бір типке ғана жататын өкілдер сирек кездеседі. Негізінен жануарлар әртүрлі типтердің жиынтығы немесе бір тип пен екінші типтің аралық нұсқасы болып келеді. Жоғары дәрежелі нерв қызметіне тән типтік ерекшеліктер өте ерте, төл туған кезде қалыптасқанмен, нервтік процестер тіршілік үстінде жетіле, шындала түседі, оның жылжығыштық қасиеті үйрету барысында, сыртқы орта жағдайына қарай өзгереді, жақсарады.
Жануардың жоғары дәрежелі нерв қызметінің ерекшеліктері малдың өнімділігіне, оны шаруашылықта пайдалану мерзіміне ықпал етеді. Мысалы, сиырдың сүттілігі, сүтінің майлылығы, саууға ыңғайлығы жоғары дәрежелі нерв қызметінің типіне баійлынысты өзгеріп отыратыны анықталды. Нерв қызметі ширақ жануарлар сүтті келеді. Мұндай сиырлар күтіп-бағу жағдайларына тез көндігіп, азықты тиімді пайдаланады. Әлсіз типке жататын сиырлар сүтсіз келеді, олар ерте суалып кетеді. Бұл типтің бұқаларында жыныстық рефлекстер нашар атқарылады, олардан ұрық алу қиынға соғады. Оларды сыртқы тежеуші әсерлерден қорғап, қатал тәртіппен пайдаланған жөн.
Ұстамсыз типке жататын бұқалар ызақор келеді, оларды дұрыс пайдаланбағанда жыныстық әлсіздік байқалады. Мұндай бұқа-лардан ұрықты кез келген уақытта алуға болады, бірақ ұрық сапасы темен, мөлшері аз келеді.
Ширақ типті бұқалар сыртқы орта жағдайына жақсы бейімделгенмен, бірыңғай жағдайда пайдалану оларды ызалан-дырады, мінезіне теріс әсер етеді.
Инертті типті бұқалар ұрық алу үстінде баяу қозады, бірақ сапалы шәует береді. Оларға төзімділік тән. Дұрыс азықтандырып күтіп-баққан жағдайда оларды шаруашылықта ұзақ уақыт тиімді пайдалануға болады. Жылқылардың да шаруашылыққа тиімді қасиеттері жоғары дәрежелі нерв қызметінің типіне байланысты. Ширақ типке жататын жылқыны кез келген жұмыста тиімді пайдалануға болады. Әлсіз типке жататын жылқылардың жұмыс қабілеті төмен келеді.