Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша



бет43/119
Дата28.03.2023
өлшемі1,95 Mb.
#76918
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   119
Байланысты:
Лекция АжФ

1. Сезiм мүшелерiнiң маңызы.
Организм тiршiлiк барысында қоршаған ортамен тығыз байланыста, қарым-қатынаста болады. Сыртқы және iшкi ортаның тiтiркендiргiштер әсерiн сезiм мүшелерi арқылы қабылдап, организм мен қоршаған орта арасындағы байланысты қалыптастырады. Түрлі тiтiркендiргiштердiң әсерiн организм сезiм мүшелерi арқылы қабылдайды.
2. Анализаторлардың құрылысы, жалпы қасиеттерi.
И.П.Павлов сезiм мүшесi деген сөздi анализатор (талдағыш) деген ұғымын енгiзiп, анализаторлар туралы iлiмдi ашты. Анализаторлар – деп сыртқы және iшкi орта тiтiркендiргiштерiн қабылдап, талдау жүргiзетiн жүйкелiк құрылымдардың күрделі жүйесiн айтады.
Анализаторлар үш бөлiмнен тұрады:
1. Рецепторлар - қабылдаушы құрылым
2. Өткiзгiш бөлiк (жүйкетiк жолдар) - афференттi жүйке талшықтары
3.Орталық бөлiгi - ми қыртысындағы жүйке орталығы
Организмде орналасқан орнына қарай анализаторлар сыртқы және iшкi болып бөлiнедi.
Сыртқы анализаторлардың рецепторлары контакты (түйiсу) және дистанциялық (алшақтық) экстероцепторлардан тұрады.
Контактық рецепторларға – терi рецепторлары (ауырсыну, температуралық, жанасу) мен дәм сезу рецепторлары жатады. Бұл рецепторлар тiкелей жанасқанда ғана қозады.
Дистанциялық рецепторлар әсер көзi организмнен тыс орналасқан тiтiркендiргiштердiң әсерiмен, тiтiркендiргiшпен жанаспай-ақ қозады. Оларға иiс, есту, анализаторлары жатады.
Әрбiр анализатор тiтiркендiргiштiң белгiлi бiр түрін қабылдауға бейiмделедi. Рецепторда тiтiркендiргiш энергиясы электрохимиялық потенциалға айналады, содан әр түрлі амплитудалы және түрлі тербелiстi импульстер коды пайда болады. Бұл импульстер өткiзгiш жол арқылы орталық бөлiмiне жеткiзiледi, ол жерде талдау жүрiп түйсiк пайда болады.
Анализаторларға тән қасиеттер:
1.Сезiм ерекшiлiгi – әр бiр анализатор тiтiркендiргiштiң белгiлi бiр түрін қабылдайды.
2.Адаптация қасиетi – тiтiркендiргiштiң күшiне бейiмделуi. (қараңғылыққа, түрлі дыбысқа, т.с.с.)
3.Анализаторлардың 3 бөлiмi бүтiн болғанда ғана сезедi.
4.Анализаторладың сезiмталдығы өте жоғары.
5.Сенсебилизация қасиетi – тiтiркендiргiш әсерi қайталанған сайын анализатордың сезiмталдығы арта түседi, әсердi қабылдау қабiлетi күшейедi.
6.Контрастық құбылыс – нақтылы жағдайда байланысты кез-келген түйсiк күшi әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, қарадан соң ақ түс айқынырақ болып көрiнедi.
7.Түйсiк iзiн сақтау – тiтiркендiргiш әсерi тоқтаса да, түйсiк бiраз уақыт сақталады. Мысалы, заттың бейнесi немесе әуен тиылғаннан кейiн де бiраз уақыт жалғасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет