Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша


Анализатордың қызметiн тексеру әдiстерi



бет44/119
Дата28.03.2023
өлшемі1,95 Mb.
#76918
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   119
3. Анализатордың қызметiн тексеру әдiстерi:

  1. Шартты рефлекстер әдiсi

  2. Электрофизиологиялық әдiс

  3. Клиникалық патоморфологиялық әдiстерi

  4. Терi, дәм,иiс, есту, тепе-теңдiк, қимыл, көру анализаторлары.

Анализаторлардың мынадай түрлерiн: терi, иiс, дәм, көру, есту, тепе-теңдiк, iшкi және буын-бұлшық ет анализаторарын ажыратады.
Терi анализаторлары. Терi арқылы организм қоршаған ортаның әртүрлі әсерлерiн қабылдайды. Терiде температураны, жанасуды, қысымды, ауыр-сынуды қабылдайтын рецепторлар болады.
Жылуды терiдегi Руффини денешiктерi, суықты Краузе сауыт-шалары, жанасуды Маркель торшалары мен Мейснер денешiктерi, қысымды-Фаттер-Пачини денешiктерi, ал ауырсынуды – жалаңаш жүйке ұштары қабылдайды.
Терi анализаторлары дененiң әр жерiнде, әр түрлі жиiлiкпен орналасады. Мысалы, адамда саусақ пен тiл ұшы, жылқыда жоғарағы ерiн. Адам денесiнiң 1 шаршы см-де 25–ке дейiн рецепторлар болады. Ал жануарда жуан түк талшықтары – вибристер болады.
Температураны сезетiн рецепторлар терiде нүкте-нүкте болып орналасады. Суықты қабылдайтын рецепторлар (Краузе сауытшалары) терiнiң беткейiне жақынырақ, ал жылылықты қабылдайтын рецепторлар (Руффини денешiктерi) – тереңiрек орналасады. Мысалы, терiнiң 1 см2 12-13 суықты, 1-2 жылылықты қабылдайтын рецепторлар бар.
Ауырсыну әсерiн қабылдайтын жалаңаш ұштары терiнiң беткей және терең қабаттарында, кейбiрi iшкi органдарда орналасады.
Дәм анализаторлары. Дәм анализаторлары қабылдаған азықтың сипатын, мөлшерiн, сапасын анықтайды. Анализатордың қабылдаушы бөлiгiн түйiсу (контактылық) хемеорецепторлар тiл беткейiнде бiрдей орналаспаған. Рецепторлар тiл бүртiктерiнде, жұмсақ таңдайда, жұтқыншақтың артқы беткейiнде, бадамша және көмекей қақпақшығында орналасады.
Сипап сезу немесе тері заттың қаттылығын, жұмсақтығын, тегістігін, жылылығын, суықтығын анықтайды.
Пiшiнiне қарай тiл бүртiктерi шатырша, жапырақша және торлы болып бөлiнедi. Адамда 10 мыңға жуық дәм сезу баданасы болады. Олардың әрбiреуi 8-12 рецептор және тiрек клеткаларынан тұрады. Дәм сезу баданасының (буылтығы) пiшiнi сауытша тәрiздi, ал ұзындығы мен енi 70 мкм шамасындай, төбесiнде тесiгi болады. Рецепторлар тiлдiң ұшында, екi бүйiрiнде және түпкi жағында көп кездеседi. Әрбiр рецепторлардан сезгiштiк жүйке талшықтары басталады. Тiл, жұтқыншақ және кезеген жүйке құрамында сопақша миға, одан шыққан екiншi нейрондар таламусқа, одан үшіншi нейрондар ми қыртысының дәм сезетiн аймағына барады.
Дәм рецепторлары төрт түрлі дәмдi сезедi: тәттi, ащы, қышқыл, тұзды, ал соңғы кезi тағы су дәмi қосылған. Тiл рецепторлары кәдiмгi судың су дәмiн сезгенде, қозу импульстерi орталыққа арнаулы жүйке талшықтары арқылы хабарланатын көрiнедi.
Түрлі дәмдi сезетiн рецепторлар тiлдiң әр жерiнде орналасқан. Мысалы, тiлдiң түбiнде ащы, ұшында-тәттi, бүйiрлерiнде қышқыл және тұзды сезетiн рецепторлар топтасып орналасқан. Сонымен қатар тiлдiң бүртiгiнде әртүрлі дәмдi қабылдайтын рецепторлар қатар орналаса бередi. Сондықтан бiр бүртiк дәмнiң бiрнеше түріне реакция бере алады. Адамда дәм сезiмталдығының әркелкi абсолюттiк табалдырығы болады. Ол организмнiң әртүрлі (аштық тоқтық т.б.) жағдайларына байланысты. Сонымен қатар, бiр зат дәм рецеп-торларына ұзақ әсер етсе, онда оған деген сезiмталдық бiртiндеп төмендейдi, бейiмделедi. Сезiмталдықтың жойылуы – агевзия, төмендеуi – гипогевзия, ал қалыптан тыс әуес болушылық – парагевзия деп аталады. Адамның жасы ұлғайған сайын ажырату сезiмталдығы төмендейдi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет