Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша



бет52/119
Дата28.03.2023
өлшемі1,95 Mb.
#76918
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   119
Стероидты гормондар – эстрогендер, прогестерон глюко-кортикоидтар, альдестерон, тестестерон және пепидтер-либериндер мен статиндер – торшалар қабығының бетiндегi құрылымдармен әрекеттесiп, мембрананың пептидтiк қабатындағы фосфолипидтермен, натрий тұздарымен, сульфаттармен және глюкоранидтермен байланысады. Осының нәтижесiнде суды тартатын қосылыстар мембрананың липидтiк қабатынан ажырап, торша iшiне өтедi де, ондағы рецепторлық белок-тармен байланысқан соң, торшада жүретiн әр түрлі процестерге әсер етедi. Стероидты гормондар торша iшiндегi РНК-полимеразаны жандандырып, белоктың тұзiлуiн реттейдi, қуаттық және биосинтездiк процестердi күшейтедi, торша қабығының амин қышқылдары мен басқа да заттардың өтiмдiлiгiн жақсартады.
Ағзада гормондар бауыр мен басқа да органдар торшаларында жойылады. Алдымен олар күкiрт және глюкурон қышқылдарымен байланысады да, соңынан қосылыс тұрiнде әр түрлі экскретер құрамында бөлiнедi. Кейбiр гормондар сыртқа ешқандай өзгерiссiз де бөлiнедi.
Гормондар әрекетi антигормондар мен антогонист-гормондар әсерiмен шектеледi.
4. Гипоталамус-гипофизарлық жүйе.
Ағзада орталық жүйке жүйесi мен iшкi секреция бездерi тығыз байланыста әрекет етiп, әртүрлі функциялардың үйлесiмдiлiгiн қамтамасыз етедi. Iшкi секреция бездерi рефлекстердiң эффекторлық (орындаушы) бөлiгi болып табылады. әрбiр без вегетативтiк жүйке жүйесiнiң рецепторлық және эффекторлық талшықтарымен жабдықталады. Жүйке талшықтарымен таралған тiтiркенiс гормондардың тұзiлуiмен олардың белсендiлiгiн өзгертедi де, iшкi секреция бездерiне тiкелей әсер етедi. Гормондар қан арқылы орталық жүйке жүйесiнiң қызметiне әсер етедi. Ал iшкi секреция бездерiнiң қыметiне орталық жүйке жүйесi, оның аралық мида орналасқан гипоталамус арқылы әсер етедi. Гипоталамус гипофиздiң қызметiн реттейдi, ал гипофиз барлық iшкi секреция бездерiнiң әрекетiн өзгертедi. Сондықтан, бұл екi құрылымды күрделi нейро-эндокриндiк кешен гипоталамус – гипофиздiк жүйеге бiрiктiредi.
Гипоталамус ядроларының нейросекрециялық торшаларында нейро-екреттер түзіледі. Олар гипофиздiң артқы бөлiгiне жүйке талшықтары арқылы, ал алдыңғы бөлiгiне – гипофиздiң қақпалық жүйесi деп аталатын арнаулы қан тамырлары арқылы әсер етедi.
Гипоталамустың супраоптикалық және паравентрикулярлық ядро-ларының iрi торшаларында вазопрессин, окцитацин гормондары түзіледі.
Гипоталамустың ұсақ торшалардан құралған аймағында релизинг гормондар деп аталатын нейрогормондар түзіледі. Олар гипофиздiң алдың-ғы бөлiгiнiң гормондарының тұзiлуiн не күшейтiп, не әлсiретiп отырады.
Либериндер – тиролиберин, картиколиберин, фоллиберин, моли-берин, соматолиберин, пролактолиберин, меланолиберин – аденогипо-физде гормондардың тұзiлiп, бөлiнiп шығуын үдетедi.
Статиндер – самостатин, меланостатин, пролактостатин – СТГ, ТТГ, ПГ гормондарының бөлiнуiн теңейдi.
Гипоталамус пен гипофизде морфин тәрiздi әсерi бар пептидтер – энкефаминдер мен эндофиндер түзіледі. Олар мидағы арнаулы рецеп-торларға әсер етiп, ауырсыну түсiгiн әлсiретедi. Аталған пептидтер жануарлардың мiнезiне ықпал етiп, вегетативтiк функцияларды үйлес-тiруде маңызды роль атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет