Бақылау сұрақтары. 1. Қалқанша безi және оның гормондарды.
2. Қалқанша маңындағы без гормондары.
3. Айыршық бездерiнiң қызметi.
4. Бүйрек үстi безiнiң гормондары, қызметi
5. Аралас бездердi атаңыз. ұйқы безiнiң гормондары, қызметi.
Әдебиеттер Негізгі әдебиеттер 1. Сәтбаева, Х.Қ. Адам физиологиясы : Оқулық - Алматы : "Эверо", 2015. - 664б.
2. Жумадина Ш.М. Адам және жануарлар физиологиясы : биология маман. студ. арналған оқу құралы / Ш. М. Жумадина. - Алматы : "Эверо", 2015. - 156 с.
3. Несiпбаев,Т. Адам және жануарлар физиологиясы.Оқулық-диалог,сұрақ-жауап[Мәтiн]: оқулық / Несiпбаев,Т. - өңделіп,толықтырылған 2-шi бас. - Алматы: "Дәуір",2015. - 454 с.
4. Тағайбекова Д.С. Адам және жануарлар физиологиясы пәні бойынша дәрістер жинағы: Биология маманд. студ. үшін / Д. С. Тағайбекова. - Шымкент : ОҚМУ, 2015, -122 б.
5. НесiпбаевТ., Несіпбаева А. Адам және жануарлар физиологиясы, Алматы, 2012ж.-435 б.
Қосымша әдебиеттер 1. Аханов Ү.Қ. «Адам және жануарлар физиологиясы» зертханалық практи-кум / Ү.Қ. Аханов - Алматы: «Эверо» баспасы, 2020.– 144 б.
2. Тағайбекова,Д.С. Адам және жануарлар физиологиясы пәні бойынша : Биология маманд. студ. арналған зертханалық практикум / Д. С. Тағайбекова, - Шымкент : ОҚМУ, 2015 o=эл. опт. диск (CD-ROM)
1. Қанның маңызы. Қан, лимфа және ұлпааралық сұйықтық организмнің ішкі ортасын құрайды. Тіршілік үшін осы ішкі ортаның оның ішінде қан құрамының физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттері тұрақты болуы шарт, тек осы тұрақтылықтың арқасында организм сырттағы құбылмалы да күрделі өзгерістерге төтеп бере алады. Адамның солтүстік полюс суығында да, оңтүстіктің шыжыған ыстығында да өмір сүре беретіні осы тұрақтылыққа байланысты. Ішкі тұрақтылықтың өмір үшін аса қажет шарт екеніне тұңғыш көңіл бөлген француз физиологы Клод Бернар еді. Ол организмнің ішкі сұйықтық ортасынан салыстырмалы тұрақтылығы тіршілікті сақтауда өте қажет екендігін мәлемдеді. Аталған организмнің ішкі ортасаның сұйықтарының ішінде қан негізгісі болып табылады.
Қанның адам ағзасындағы қызметі ерте заманнан ақ белгілі болды. Гипократ қанды төрт маңызды сұйықтардың ішіндегі “Ең мықты - денсаулықтың негізі”деп санаған. Қан және одан жасалған дәрі-дәрмектер формологияның ескі деректерінде кездеседі. Аурулар мен жараланған адамдарға қан құю ескі Грекия тарихында кездескен. Қанның қүбылысына қарап аурудың түрін зерттеу Ежелгі Қытайдың дәрігерлеріне белгілі болған, ал арабтан шыққан дәрігерлер түрлі өзгерістерді зерттей білген.
XIV-XVI ғасырларда У.Гарвей, М.Сервема, А.Везалия сияқты ғалымдардың арқасында адамзатқа адам ағзасындағы қанның ағу бағыттары белгілі болды.
Адамның денесіндегі қан ағзаның негізгі ішкі сұйық ортасы. Қанның жалпы мөлшері ересек адамда 4,5-6л шамасында,яғни дененің жалпы салмағының 6-8% жаңа туған нәрестеде ол 10-20%,1 жаста 9-13%, 5-7 жаста 7-8% болады.Ағзадағы барлық қанның 50% қан деполарында қор болып сақталады. Ондай мүшелерге бауыр,көк бауыр, өкпе және тері жатады.Бұл мүшелердегі қан қоры адам жараланып,қалжырағанда қан айналымына шығып, тіршілікті сақтап қалады, ал денедегі қанның 50-60% жоғалса, адам өліп қалады.
Қан денедегі үлкенді-кішілі тамырлар арқылы қозғалыста болады. Оның тоқтамай қозғалуы жүректің және қан тамырының үздіксіз жұмыс істеуіне тікелей байланысты. Адам ағзасында қан тамырының жалпы ұзындығы 100 мың шақырымнан астам.Әрбір 20-25 секундына қан ағзаны түгелдей бір айналып шығады.Ол осы кезде денедегі ұлпаларға қажетті коректі заттарды (су, газ, қышқыл, тұз, гармон, ферменттер, дәрумендер т.б) жеткі-зеді,сонымен қатар,оқыста кездесіп қалған микробтарды құртуға оның дамуына жол бермейді.Сөйтіп денедегі зат алмасу процесі маңызды қызмет атқарады.