Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша



бет63/119
Дата28.03.2023
өлшемі1,95 Mb.
#76918
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   119
Қанның белсенділік реакциясы. Қан реакциясы сутегі (Н) мен гидрок-сил (ОН) иондарының ара қатынасына байланысты.Реакция көрсеткіші (РН) өте тұрақты гомеостаз көрсеткіштерінің бірі (РН ағылшынша Power Hydrogen-сила водорода). Мұның үлкен мәні бар: реакция көрсеткіші тұрақты болса ғана зат алмасу мен негізгі тіршілік процестер дұрыс бағытта өтеді. Қанның реакциясы-сәл сілтілі, вена мен артерия қанында бірдей емес. Вена қанында көмір қышқылы көбірек сондықтан оның көрсеткіші (РН) 7,35-7,36 артерия қанында 7,4-7,42, яғни сілтілеу келеді. Жасуша ішінде зат алмасу өнімдерінің көбеюіне байланысты РН төменірек (7,0-7,2),яғни қышқылдың РН мөлшері әдетте 7,0-7,8 аралығында,бұдан әрі өзгерсе ол тіршілік үшін өте қауіпті. РН ұзақ уақыт 0,1-0,2 мөлшерде өзгерсе де адам өледі. Тіршілік процестері барысында сутегі концен-трациясы көбейіп кетеді,әсіресе ауыр жұмыс істеген кезде көмір қышқыл газы, сүт қышқылы т.б көптеген зат алмасу өнімдері үздіксіз қанға өтеді де, сутегі концентрациясын өзгертеді. Бірақ адам мен жануар денесінде сілті-қышқыл тепе-теңдігін қамтамасыз ететін, яғни РН мөлшерін бірқа-лыпты сақтайтын арнайы және күрделі әрекет-тік жүйе бар. Мұның қызметі осмостық қысым тұрақтылығын сақтайтын әрекеттік жүйе тәрізді, қандағы артық қышқыл не сілтілі заттар рефлексті түрде сыртқа шығарылады.
Қан реакциясын өзгерпей бірқалыпты сақтауда эритроциттер мен плазманың үлкен мәні бар.
1.Гемоглобин буферлік қызметтері
2.Карбонаттық буфер жүйесі
3.Фосфаттық буфер жүйесі
4.Белоктық буфер жүйесі
Гемоглобин ең күшті буферлік жүйе ретінде үздіксіз жұмыс істейді, қанның барлық буферлік қызметінің 75%-ін сол атқарады.Бұл буферлік жүйе гемоглобин мен калий тұзынан тұрады.
Гемоглобин оттегі мен көмір қышқыл газды тасымалдап, қан реакциясын (Рн) реттеуге қатысады, қалыпты гемоглобин мен оксигемо-глобиннің (ННвО2) реакциясы қышқыл. Қалыпты гемоглобиннің қышқыл-дығы оксигемоглобин қышқылдығынан 80 есе төмен. Қышқылдар тобы-ның гемоглобиннен бөлініп шығуы (диссоцияция) оның оттегіне қанығу-ына байланысты.
Гемоглобиннің буферлік қасиеті мынада: гемоглобин қышқыл зат, бірақ көмір қышқылына қарағанда ол әлсіз сондықтан ол көмір қышқылына К+ ионнын беріп, өзі Н+ ионын қосып алады да, әлсіз диссоцияцияланатын қышқылға айналады.
КНв+Н 2СО 3→ННв+КНСО 3
Сөйтіп, ұлпада гемоглобин буфері сілтілік қызметін атқарады, көмір қышқыл газ бен сутегін өзіне қосып алады да, қышқыл заттың қанда жиналуына кедергі жасайды, яғни қанды қышқылданудан сақтайды. Өкпедегі көмір қышқыл газ сыртқа шыққан соң қанның сілтілігі артуы мүмкін. Мұндай жағдайда гемоглобин қышқыл ретінде сілтіленуіне кедергі жасайды.
Қанның карбонаттық буфер жүйесі гемоглобиннің буферлік қызметінің 10%-ін атқарады. Карбонат жүйесі көмір қышқылынан, натрий және калий бикорбанаттарынан тұрады. Натрий бикорбанаты көбінесе плазмада, ал калий бикорбанаты эритроциттерде болады. Бұл жүйенің буферлік мәні мынада: қанда қышқыл өнімдердің көбеюіне байланысты сутегі иондары бикорбанаттың анионымен қосылып, сәл диссоцияцияланатын көмір қышқылына айналады да қанды қышқылданудан сақтайды.
NaHCO3+HC1→Н2СО3+NaC1
Мұнымен қатар артық көмір қышқылы ыдырап, су мен көмір қышқыл газға айналады да, өкпе қатты желденген кезде (гипервентиляция) сыртқа шығарылады. Қанда сілтілік иондар (ОН) көбейсе, олар көмір қышқы-лымен әрекеттеседі де, натрий бикарбонаты (NaHCO3) мен су пайда болады.
Н2СО3+NaOH→NaHCO320
Пайда болған артық өнімдер несеппен бірге сыртқа шығарылады. Фосфаттық буфер жүйесі фосфор қышқылының бір негіздік NaH 2PO4 және екі негіздік( Na 2HPO 4 ) тұздарынан тұрады. Олардың буферлік қызметі қанның жалпы буферлік қызметінің 1%-ін ғана алады.
Қанға күшті қышқыл құйылса онымен негізгі фосфат (Na 2HPO 4) әрекеттеседі де бейтарап тұз бен бір негізі фосфатқа айналды:
Na 2HPO 4+HC1→NaH 2PO 4+NaC1
Қанға күшті сілті құйылса, керісінше ол фосфор қышқылының бір негізі тұзымен әрекеттесіп, фосфор қышқылының екі негізгі тұзы мен суға айналады:
NaH 2PO 4+HC1→Na 2 HPO 4 +H 2O
Жиналған фосфаттар бүйрек арқылы сыртқа шығарылады. Белоктық буфер жүйесі плазмадағы күшті буферлік жүйелердің бірі. Белоктың буферлік қасиеті оның молекуласындағы қышқыл мен сілті топтарына, яғни амфотерлік реакция беретініне байланысты.
Белок қышқыл жерде сілті ретінде қышқыл затпен, сілтілі жерде қышқыл ретінде сілтілі затпен әрекеттеседі.
Жоғарыда аталған буферлік жүйелердің қызметі ұлпаның буферлік мүмкіншілігінің өте жоғары екенін көрсетеді. Жай ерітінділермен салыстырғанда өте күшті қышқылдар мен сілтілер қанның белсенді реакциясын өзгерте алмайды. Мәселен, плазманың Рн-ін сілтілік жағына қарай ығыстыру үшін қанға қосылатын натрий сілтісін судан 40-70 есе артық қосу керек. Ал, қан реакциясын қышқыл ету үшін плазмаға құятын тұз қышқылының мөлшері суға қосылатын мөлшерінен 300-350 есе жоғары болу керек .
Қанның буферлік қасиеті ондағы әлсіз қышқыл, сілтілі тұздарының мөлшеріне де байланысты. Олардың мөлшері қанның сілтілік қоры (резерві) деп аталады. Қанның сілтілік қоры, көмір қышқыл газдың қысымы 40 мм-ге тең (альвеолалық қуыстағы қысымдай) болса, 100 мл қандағы тұздармен байланысқан көмір қышқылының мөлшерімен (мл) өлшенеді. Адам қанының сілтілік қоры әдетте СО 2 өлшемімен 50-65% ке тең. Қандағы буферлік жүйелер әлсіз болса, зат алмасуы барысында түзілген қышқыл-сілті өнімдерін сыртқа шығарып отыратын әрекеттік жүйенің қызметіне қарамастан қанның белсенді реакциясы аздап ығысуы мүмкін. Қанның белсенді реакциясының қышқыл жаққа қарай ауысуы ацидоз, ал сілтілікке қарай ауысуы алкалоз деп аталады.
Қан айналысының үлкен және кіші шеңберлер капиллярларында қанның сілтілі қоры мен Рн-і әрқашан аздап ығысуы мүмкін. Басқаша айтқанда қан айналысының үлкен шеңбер капиллярына ұлпалардан көмірқышқыл газы келеді, осыған байланысты вена қаны артерия қанына қарағанда 0,01-0,05 мөлшерінде қышқылданады. Сондай-ақ өкпе капиллярларынан көмір қышқыл газдың альвеолалық ауаға шығуына байланысты Рн, керісінше қарсы жаққа ығысады .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет