Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша



бет64/119
Дата28.03.2023
өлшемі1,95 Mb.
#76918
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   119
4. Қанның құрамы.
Қан адам ағзасында болып жатқан өзгерісті хабарлайтын жаршы деуге болады. Оның құрамына қарап адам денсаулығы қандай күйде екенін анықтау қиын емес. Тамырларды қуалай жүрген қан жасушаларының саны қашанда тұрақты. Бір текше миллиметр таза қанда 4 - 5 мың қызыл түйіршік, 5 - 8 мың ақ түйіршік және 250-400 мыңдай қан тақташасы болады.
Тәулігіне ағзада орта есеппен 300 млрд эритроцит 5 млрдқа жуық лейкоцит, 250 млрд қан тақташалары жойылып отырады. Бірақ , қанның құрамы одан өзгермейді, қанның осыншама мол жасушаларының сүйек майы, төс, ортан жілік, жамбас және омыртқа сияқты фабрикалар бар.
Денедегі барлық қанның 45 % қан жасушалары, 55 % сары судан тұрады.
Қан плазмасының құрамы - плазма шамамен қанның 55%, ал пішінді элементтері 45% құрайды. Қанның пішінді элементтері –эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер.Қанның плазмасы күрделі сұйықтық. оның құрамында еріген органикалық және бейорганикалық қосылыстар бар. Плазманның 90-92%-су, 7%- ақуыздар, 0,8% май, 0,12% жүзім қантты-глюкоза, шамамен 0,9% минералды тұздар. Плазманың ақуыздарына альбумин, глобумин (а,в,д) жатады. Глобулин ақуызының құрамындағы фибринон қанның ұюына қатынасды. Глобулинның құрамындағы в-глобулин дененің қорғаныс заттарынан тұрады. Қанның белоктары қан қысымының тұрақты болуын қамтамасыз етеді. Плазманың минерал тұздарының құрамына Na+,Ca2+ және К+ тұздары кіреді. Олар қанның, газдың тұрақтылығын сақтайды. Бұлардың құрамының өзгеруі аурудың нәтижесінде болады. Қандағы глюкозаның мөлшері 4,44-6,66 ммоль/л (80-120 мг%).Глюкоза дененің негізгі энергия көзі. Плазмадан фибриноген ақуызын бөліп сарысу дайындайды.
Ас қорыту мүшелерінде плазма қоректік заттарға бай болады. Коректік заттарға ақуыздар, көмірсулар, майлар және минералды тұздар жатады. Бұлар ішек қабырғаларынан өтіп плазмаға араласады да, бүкіл ағзаға таралады.
Сонымен қатар плазма мүшелерден көмір қышқыл газын, ұлпадағы ыдырау өнімдерін және басқа заттарды алып кетеді. Бірақ плазмаға қаншама зат қосылып жатса да құрамы өзгермейді. Қан өкпеде көмір қышқыл газынан, ал бүйректе судың артық мөлшерінен, суда еріген ыдырау өнімдері мен минералды тұздардың біраз мөлшерінен айырылады .
Плазма құрамының өзгеруі ағзаға өте қолайсыз әсер етеді. Ғалымдардың есептеулеріне қарағанда плазманың құрамында 200-ден астам зат болады екен. Олардың ішінде көптеген мүшелер мен жүйелердің қызметін реттеп отыратын гармондар бар. Олар ішкі секрет бездерінен бөлініп шығып, плазма арқылы ағзаға тарайды.
Швед ғалымы Арне Тизелюус плазмадан белоктың екі түрін анықтаған. Олар альбулин және глобулин (Ј,β,χ). Ғалым гамма-глобулиннің ағзаға тигізетін әсерін ашты. Х-глобулиннің құрамында жұқпалы ауруға қарсы тұратын антитела пайда болады. Осындай қасиеті үшін х-глобулинді жұқпалы аурумен ауырған балаларға кеңінен қолданылады .
Плазманың құрамында фосфор бар. Бұл элемент ағзаға жетіспесе, балалар мешел болып қалады. Сол сияқты плазмада иод та болады. Иодтың жетіспеуі қалқан безінің зақымдануына соқтырады. Ал, плазманың құрамындағы магний азайып кетсе, адам қояншық ауруына тап болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет