Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша



бет19/119
Дата28.03.2023
өлшемі1,95 Mb.
#76918
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   119
Байланысты:
Лекция АжФ

Тежелу белгiлi бiр әрекетiнiң әлсiреуiмен немесе тиылуымен сипатталған процесс. ОНЖ-де тежелудiң екi түрі байқалды: бастапқы және салдарлық.
Бастапқы тежелу ОНЖ-дегi арнаулы тежегiш нейрондардың әрекетiнiң нәтижесiнде дамиды, ал салдарлық тежелу арнаулы тежегiш құрылымдардың қатынасуынсыз қозу процесiн тудыратын нейрондарда пайда болады.
Бастапқы тежелу бiрнеше түрге бөлiнедi:
1.Пресинапстық тежелуге Реншоу (тежегiш) клеткасы қатысады. Қоздырушы синапстағы медиатордың бөлiнуiн Реншоу клеткасы тоқтатады.
2.Постсинапстық тежелу Реншоу клеткасы сияқты тежеушi нейрондардың қатынасуымен жүреді. Бұл нейрондардың аксоны мотоней-ронның денесiмен синапс құрайды. Тежеушi нейрон қозған кезде оның аксонының ұшына гамма-аминмай қышқылы бөлiнедi. (тежеушi медиатор).
Салдарлық тежелу қозу процесiн тудыратын құрылымдарда пайда болады (Н.Е.Введенский). Бұл тежелудiң үш түрі кездеседi:
1.Пессимальдi тежелу – Жүйке орталығына өте күштi, жиi им-пульстер әсер еткен жағдайда байқалады, синапстарда дамиды, синапстың функциональдық өзгергiштiгi төмен болады.
2.Қозудан кейiн туатын тежелу реполяризация фазасының аяғында туындайтын гиперполяризацияға байланысты (Ұзақтығы 50-150 мс, ал вегетативтiк жүйке жүйесiнде 1000 мс.).
3.Парабиоздық тежелу патологиялық жағдайда, ОНЖ-нiң лабильдiлiгi күрт төмендеп, бiрмезгiлде бiрнеше афференттiк жол қозған кезде.
Орталық жүйке жүйесiнiң рефлекстердi келiстiру, үйлестiру және координациялау маңызды қызметiнiң бiрi болып табылады. Адам мен жануарлардың жүруi, қоршаған ортаның құбылмалы жағдайларына бейiмделуi ОНЖ-нiң үйлесiмдi әрекетiнiң нәтижесiнде атқарылады.
Қозу және тежелу процесiнiң арасындағы ауқымдық ара байланыс екi тұрде кездеседi: иррадация (жайылу, таралу) және индукция (өзара әсер).
Иррадация - ОНЖ-де қозудың таралуы. Қозу ошағынан алшақтаған сайын қозу процесi де әлсiрей өше таралады.
ИндукцияОНЖ-гi әрекеттi орталықтан тыс аймақтарда организм функциясына қарама-қарсы әсер ететiн прцестiң дамуын айтады. Индукция «оң» немесе «терiс» болуы мүмкін. Егер тежелу ошағының әсерiнен iргелес аймақтарда қозу ошағы пайда болса, онда «оң» индукция, ал керiсiнше тежелу процесiн тудырса, «терiс» индукция деп атайды. Сонымен қатар қозу жинақталады (концентрацияланады).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет