Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша



бет21/119
Дата28.03.2023
өлшемі1,95 Mb.
#76918
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   119
Байланысты:
Лекция АжФ

Лекция түрі: миға шабуыл
Тірек ұғымдары: «автономды жүйке жүйесі», «соматикалық жүйке жүйесі», «симпатикалық және парасимпатикалық жүйке»


1. Вегетативтiк жүйке жүйесiнiң құрылысы мен қызметi.
Организмде саналық (анимальдық) және вегетативтiк жүйке жүйесiн ажыратқан. Биша М.Ф. (XVIII) жiктеуiне сәйкес түйсiк, қимыл-әрекет, сөйлеу қабiлетi анимальдық функцияларды құрайды, ал қоректену, өсу, көбеюдi вегетативтiк қызметтерге жатқызған. Осыған байланысты жануарларға тән қызметтердi реттейтiн жүйке бөлiгiн – анимальдық, ал өсiмдiктерге тән қызметтердi реттейтiн жүйке бөлiгiн – вегетативтiк деп атайды.
Анимальдық қызметтердi орталық жүйке жүйесi, ал вегетативтiк қызметтердi арнаулы жүйке түйіндерiнен құралған вегетативтiк жүйке жүйесi реттейдi деп саналған.
Сомалық (денелiк) жүйке жүйесi организмнiң сыртқы ортамен афференттiк және эфференттiк байланыстарын, ал вегетативтiк (ерiксiз) жүйке жүйесi iшкi ортаның тұрақтылығын, организмнiң бейiмделу реакцияларын қамтамасыз етуi.
Вегетативтiк жүйенiң морфологиялық ерекшелiктерi:
1.Вегетативтiк жүйкетер орталық жүйке жүйесiнiң тек қана белгiлi бiр бөлiктерiнен ғана басталады. Ал сомалық жүйке орталықтары мидың бағандық бөлiгi мен бүкiл жұлын бойында орналасады.
2.Вегетативтiк жүйкелердiң қозғыштығы мен қозуды өткiзу жылдамдығы сомалық жүйкелермен салыстырғанда төмен.
3.Вегетативтiк жүйкелерде миелин қабығы болмайды, ал сомалық жүйкелер миелиндi жүйкелер.
4.Вегетативтiк жүйкелер преганглиолярлық және постганглияларлық талшықтар болып бөлiнедi, ал сомалық жүйкелер өздерi жүйкелейтiн мүшелерге еш жерде үзiлмей жетедi.
5.Вегетативтiк жүйке талшықтары жiңiшке.
2. Симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйесі.
Вегетативтiк жүйке жүйесi симпатикалық және парасимпатикалық бөлiктерге бөлiнедi.
1.Симпатикалық және парасимпатикалық жүйкелер орталығы жүйке жүйесiнiң әртүрлі деңгейiнде орналасады. Симпатикалық бөлiктiң орта-лықтары жұлын сұр затының көкiрек және бел омыртқалық бөлiмдерiнiң бүйiр мүйiздерiнде орналасады, ал парасимпатикалық орталықтар ортаңғы және аралық ми мен жұлынның құйымшақ бөлiмiнде орналасады.
2.Симпатикалық бөлiктiң түйіндерi өздерi жүйкелейтiн мүшелерден тыс орналасады, ал парасимпатикалық түйіндер ағза-лардың өзiнде орна-ласады.
3.Симпатикалық бөлiк әмбебап келедi, барлық мүшелердi жүйке-лейдi. Парасимпатикалық бөлiк әмбебап емес: терi тамырлары, бүйрек үстi бездер, несеп ағзалар, көк бауыр, қаңқа еттерi жүйкеленбейдi.
4.Әрбiр ағзада симпатикалық жүйке парасимпатикалық жүйкелермен салыстырғанда көп тарамдалады.
5.Симпатикалық жүйке ұштары эрготоксинмен, парасимпатикалық жүйке ұштары – атропинмен жансызданады.
6.Симпатикалық жүйкелерден қозу толқыны симпатин, ал пара-симпатикалық жүйкелерден – ацетилхолин медиаторлары арқылы берiледi.
Вегетативтiк жүйке жүйесiнiң бөлiмдерiнiң организм қызметiне әсерi әртүрлі. Симпатикалық жүйе жүрек жұмысының ырғағының жиелетiп, артериалдық қысымды жоғарылатады, қандағы глюкоза деңгейiн көтередi, ал ас қорыту жүйесi мүшелердiң қызметiн әлсiретедi.
Парасимпатикалық жүйе жүрек жұмысын баяулатып, қан қысымын төмендетедi, ас қорыту мүшелерiнiң қызметiн жоғарлатады.
Симпатикалық жүйе организмнiң жалпы бейiмдiлiгiн жоғарылатса, парасимпатикалық жүйе организм қорын қайта толықтыруға жағдай тудырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет