Рефлексдегенiмiз- орталық жүйке жүйесiнiң қатысуымен организмнiң сыртқы немесе iшкi тiтiркендiргiштерге беретiн күрделi жауабы. Әр рефлекстiң рефлекторлық доғасы болады. Рефлекторлық доға – қозудың рецепторлардан жүйке орталығына, одан атқарушы мүшеге жүретiн жолы. Бұл доға бес бөлiмнен тұрады:
1) тiтiркендiргiштердi қабылдайтын рецепторлар;
2) тiтiркенудi орталыққа жеткiзетiн афференттi жүйке талшықтары;
3) жүйке орталығы;
4) қозуды орталықтан эффекторға (мүшеге) жеткiзетiн эфференттi жүйке талшықтары;
5) эффектор – жауап беретiн мүше.
Соңғы кезде рефлекторлық доға деген ұғым рефлекс сақинасы (шеңберi) деген ұғыммен алмастырылуда. Бұнда атқарушы мүшеден ОНЖ-не афференттiк сигналдар, қайтарымды импульстер жiберiледi. Осы импульстер арқылы ОНЖ-сi мүше әрекетiн бақылап, реттеп, қажет болған жағдайда түзетулер енгiзiп отырады. Осыған байланысты рефлекс сақинасында 6 бөлiм - жүйке орталығына мүше-ден қайта оралуын қамтамасыз ететiн қосымша афферентiк және аралық нейрондар жүйесiнен құралады.
Рефлекстердiң жiктелуi: 1.Бұл биологиялық маңызына қарай: қоректiк, сақтану, жыныстық, бағдарлау.
2.Рецепторлардың орналасуына қарай экстрорецептивтiк, интерорецептивтiк, проприорецептивтiк болып бөлiнедi. Экстро - сыртқы, интеро - iшкi ағзаларда, проприорецептивтiк рефлекстер - ет пен буында орналасқан рецепторлардың тiтiркенуiнен басталады.
3.Нейрондардың орналасу орнына қарай рефлекстер жұлындық, бульбарлық (сопақша ми), мезенцефальдық (ортаңғы мидың), диенцефальдық (аралық мидың) және кортикальдық (ми қыртысы) болып бөлiнедi.
4.Эфферентiк бөлiмiнiң сипатына қарай рефлекстер денелiк (сомалық) және вегетативтiк деп ажыратады. Сомалық рефлекстердiң эффекторлары- дене еттерi, ал вегетативтiк рефлекстерi, әртүрлі iшкi мүшелер мен қан тамырларының қызметiнiң өзгеруiмен байланысты.
5.Қимыл әрекетiне қарай жұту, кiрпiк қағу, сөл бөлу, жөтелу т.б. болып бөлiнедi.
6.Эффекторға әсерiне байланысты рефлекстер қоздырғыш және тежеушi болып бөлiнедi.
7.Рефлекторлық доғаның орталық бөлiмiнде қатысатын нейрондар санына қарай екi, үш және көп нейронды рефлекстер болып бөлiнедi.
8.Барлық рефлекстер табиғатына қарай шартсыз және шартты болып бөлiнедi.
Шартсыз рефлекстер туа пайда болған рефлекстер, ал шартты рефлекстер тiршiлiк үстінде жүре пайда болатын рефлекстер.
Рефлекстiң орындалуы үшін атап көрсеткен бес бөлiмi бүтiн болуы қажет. Ал егер бiр бөлiгi зақымданса, онда рефлекс атқа-рылмайды. Әрбiр рефлекстiң орталық жүйке жүйесiнде өз орталығы болады. Жүйке орталығы деп организмнiң белгiлi бiр қызметiн реттейтiн ОНЖ-i нейрондар жиынтығын айтады. Сондықтан ор-ганизмде қанша рефлекторлық қызмет болса, сонша жүйке орталығы болады (тыныс алу, ас қорыту, сiлекей бөлу, т.б.)