Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша



бет54/119
Дата28.03.2023
өлшемі1,95 Mb.
#76918
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   119
Байланысты:
Лекция АжФ

Эпифиз (пинеальдық без).
Эпифиз- омыртқалардың барлық кластарында кездеседi, бiрақ әлi толық зерттелмеген.
Төменгi сатыдағы жануарларда (кесiртке, сүйектi амфибия, қосмекендiлер) эпифиз бастың төбе аймағында орналасқан. Оның үстінде тек жұқа дәнекер ұлпамен жабылған тесiк болады. Рецепторлық қызмет атқаруына байланысты оны төбе көзi деп атайды.
Эпифиз – орталық мидың эпиталамусында орналасқан. Без лимфоид қосындылары бар бас, ацидофильдi және базофильдi жасушалардан құрал-ған. Адамда эпифиз 4-7 жасқа дейiн дамып, онан соң оның мөлшерi кiшi-рейе бастайды. Жыныстық жетiлуден немесе пiшiлгеннен соң, буаз кезде бұл безде өзгерiстер болады. Эпифизден серотонин, мелатонин және адре-ногломерулотропин гормандары бөлiнедi.
Эпифиз жыныс бездерiнiң қызметiн төмендететiнi, биологиялық “сағат” ролiн атқаратындығы күн мен түннiң ауысуына қарай биологиялық процестiң өзгерiп тұратындығы анықталған.
Сонымен қатар эпифиз дене жылуын реттеуге, су мен тұздың алма-суына қатысатындығы анықталған.
Бақылау сұрақтары.

  1. Iшкi секреция бездерiнiң құрылымдық ерекшелiктерi неде?

  2. Гормондар әсерiнiң механизмi қандай?

  3. Гипофиз гормондарын атаңыз?

4. Гипоталамо-гипофизарлық жүйе және оның қызмет принципi неде?
5 Эпифиздiң қызметi.
Лекция 16. Эндокриндік жүйенің физиологиясы


Лекция жоспары:
1. Қалқанша без, оның ағзадағы маңызы
2. Қалқанша серiк бездері.
3. Айыршық без (тимус).
4. Бүйреккүстi бездер.
5. Қарынасты безi (Ұйқы безi).
6. Жыныс бездерi.
7. Гастроитестинальдық және тканьдiк гормондар.
Қалқанша без, оның ағзадағы маңызы
Қалқанша безi- кеңiрдектiң алдыңғы екi-үш сақинасының вентральдық бетiнде, көмекейдiң қалқанша шемiршегiнiң артында орналасқан жҮп без.
Бездiң салмағы ересек адамдарда 20-30 гр, балаларда 1,5-2 г, ал жануарларда: қой-ешкiде – 5-10 г, жылқы мен сиырды 25-40 г, тауықта – 40-100 мг.
Қалқанша без ас қорыту ағзаларымен байланысты, ол жұтқыншақ қабырғасынан дамиды.
Без сыртынан дәнекер ұлпалы қапшықпен қапталған. Одан бездiң iшкi ұлпаларына перделер тарап, без жеке-жеке көпiршiктерден – фолликулалардан тұрады. Көпiршiктер қабырғасы бiр қабат эпителиалды торшалардан құрылып, сырт жағынан қан капиллярларына бай дәнекер ұлпалы қабықпен қапталған. Көпiршiктер қуысы құрамында тирео-глобулинi бар бiртектi коллоидпен толған.
Қалқанша без қанмен өте мол жабдықталады. Мысалы, адамда без арқылы сағатына 5-6 л қан өтедi, ал иттiң денесiндегi қан қалқанша безден күнiне 16 рет өтiп шығады.
Фолликула эпителий клеткаларына йод бар тиреойодты гормон-дардың синтезi ағзаға бейорганикалық йодтың келуiмен тығыз байла-нысты. Адам және жануарлар оны йодты калий және йодты натрий тұрiнде тамақ пен су арқылы алады. Тәулiгiне тамақпен 100-200 мг йод ағзаға қажет. Ал ағзадағы 30-50 мг йодтың 15 мг қалқанша безiнiң құрамына енедi.
Қалқанша безi 4 түрлі гормон бөлiп шығарады – триоксин, трийод-тиронин, тирокальцитонин, катокальцин. Бұл гормондар ағза қызметтерiне кең түрде әсер етедi.
Қалқанша безiн алып тастауды атриоз, ал жұмысының төмендеуiн гипотиреоз деп атайды.
Қалқанша безiнiң гормондары ағзадағы зат алмасу процесiнiң қарқынын, өсiп-жетiлуiн, жоғары дәрежелi жүйке қызметiне әсер етедi.
Бұл гормондар торша митохондрияларындағы тотығу процесi­нiң қарқынын жоғарылатып, торшадағы қуаттық алмасу мен белок алмасуын күшейтедi. Триоксин – белоктардың, углеводтардың, майдың тотығуын күшейтiп ұлпалардың глюкозаны сiңiру қабiлетiн жоғарылатады, бауыр мен бұлшық еттерде гликогеннiң ыдырауын жылдамдатады.
Қалқанша безi гормондары ағзадағы су мен минералды тұздардың алмасуын реттеп, ас қорыту ағзаларының қызметiне әсер етедi, сонымен қатар ағзаның өсiп-жетiлуi шапшаңдайды.
Гипотиреоз жағдайында адамдарда үш түрлі ауру болады: энемия-лық зоб, кретинизм және микседема. Эндомиялық зоб (жемсау) иод жетiспеген жағдайда, без шырышты секреттi көп бөлiп, көпiшiктер қабырғасы керiлiп, бездiң көлемi өседi, бiрақ гормондардың түзiлуi бұзылады.
Миксидема немесе шырышты iсiк-ағзада тұз бен судың жиналуынан болады. Ауру балалардың өсуi тоқтап, сүйектiң жетiлуi тежеледi, жүрек соғуы сиреп, зат алмасу процесi нашарлайды, дене температурасы төмендеп, ас қорыту ағзаларының қызметi бұзылады. Мұндай балалар өспей жарымес (кретинизм) болып қалады. Ал ересек адамдарда ағза iсiнiп кетедi, жоғары дәрежелi жүйке қызметi бұзылып, адамның ойлау қабiлетi төмендейдi.
Гипертериоз кезiнде Базедов ауруы немесе “бадырақ көз” ауруына шалдығады. Аурудың жүрек соғуы жиленiп, көздерi шарасынан шығып, заттар алмасуы өте жоғарылап, терлеп, адам үнемi мазасызданады.
Қалқанша без көпiршiгiнiң сыртында орналасқан пара­фол­ли­ку­ляр­лық торшалар тиреокальцитонин гормонын тұзедi. Бұл гормон қан құрамындағы кальцийдi сүйек ұлпаларына жинақтап, оны үнемдеуге мүмкiндiк туғызады. Сондықтан тиреокальцитониндi организмге кальций сақтайтын гормон деп атайды. Ол қан плазмасында кальций және фосфор иондарының деңгейiн төмендетедi, паратгормонға қарсы әсер етедi. Тирокальцитониннiң бөлiнуi қандағы кальций деңгейiне байланысты, аталған гормонның қанға түсуiн гиперкальциемия (кальцийдiң көп болуы) жоғарылатады, ал гипокальциемия (кальцийдiң аз болуы) төмендетедi.
Қалқанша бездiң қызметi рефлекторлық және гуморальдық жолдар-мен реттеледi. Атап айтсақ ОНЖ симпатикалық және парасимпатикалық жүйке талшықтары арқалық ықпал етеуi, торлы құрылым, гипоталамо-гипофизарлы жүйе гормондары арқылы реттелiп отырады. Өз кезегiнде қалқанша безi ұйқы безi, жыныс бездерi, бүйрекк үстi бездерi қызметiне әсер етедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет