Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша


Iшкi секреция бездерiнiң қызметiн зерттеу



бет53/119
Дата28.03.2023
өлшемі1,95 Mb.
#76918
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   119
Байланысты:
Лекция АжФ

5. Iшкi секреция бездерiнiң қызметiн зерттеу.
Iшкi секреция бездерiнiң қызметiн зерттеуде әр түрлі тәсiлдер қолданады. Олардың негiзгiлерi төмендегiдей.
1. Экстирпация немесе эктомия әдiсi – бездi толық немесе жартылай алып тастайды. Ағзада болатын өзгерiстердi анықтайды.
2. Трансплантация немесе бездердi алмастырып отырғызу. Бұл әдiс үш түрде қолданылады: ауто, гомо-, және гетеротрансплантация.
3. Парабиоз әдiсi - арнаулы операция жасап, бiр түрге жататын екi ағзаның қан тамырын жалғастыра тiгу арқылы ортақ қан айналу жүйесiн қалыптастырады.
4. Биологиялық сұйықтардағы (қан, лимфа т.б.)гормондар мен олардың метоболиттерiнiң мөлшерiн имиялық, иммунологиялық және басқа әдiстер арқылы зерттеу.
5. Радиоактивтi изотоптарды қолдану арқылы гормондардың биологиялық синтезделу құпиясын, олардың ағзада таралуын, өзгерiстерiн, бөлiнер жолдарын анықтайды.
6. Клинико-анатомиялық әдiс. Ауруханаларды iшкi сөлiнiс бездерi өзгерген адамды бақылап зерттеу.
6.Ішкі секреция бездерінің физиологиясы.
Гипофиз, оның құрылысы мен қызметi.
Гипофиз мидың түп жағындағы тұрiк ершiгiнде орналасқан, салмағы 0,5-0,6 г алдыңғы, ортаңғы, артқы бөлiктерден тұрады.
Алдыңғы – аденогипофиз, ортаңғысы – меланогипофиз, базофильдi торшалар және ацидофильдi торшалар.
Хоромофобтар торшалар қоры болып табылады, гормондар тұзбейдi, ағза жағдайына қарай олар базофильдерге не ацидофильдерге айналып отырады.
Гипофиздiң аралық бөлiгiнде меланоциттi жандандырғыш гормоны (МЖГ) түзетін торшалар орналасады.
Гипофиздiң артқы бөлiгi путунциттер мен миелинсiз жүйке талшық-тарынан құралған.
Гипофиз басқа эндокриндiк бездердiң қызметiн реттеуге қатысады, сондықтан оны орталық без деп есептейдi.
Гипофиз гормондары ағзаның негiзгi биологиялық процестерiн, денедегi зат алмасуды – судың, минералды тұздардың, углеводтардың, белоктың, майдың алмасуын реттейдi.
Гипофиздiң қызметiн зерттеуде оны сылып алып тастағанда ағзада түрлі өзгерiстер байқалады. Гормон бөлуi төмендесе – гипосек­реция, ал көбейсе – гиперсекреция деп атайды.
Соматотроптық (СТТ) гормоны. Алғаш таза күйiнде бұл гормон 1945 жылы Ли , Эванс, Симпсон зерттеулерiнiң нәтижесiнде алынып, құрамы толық зерттелген. Мысалы iрi қара гормонының құрамында – 369, макака маймылында – 941, адам гормонының құрамында – 240 амин қышқылдық қалдық болады. Адам гормоны жалғыз полипептидтiк тiзбектен құралса, iрi қара гормоны қос полипептидтiк тiзбектен тұрады.
Соматотроптық гормон ағзаның барлық торшаларында белоктың тұзiлуiн күшейтiп РНҚ мөлшерiн көбейтедi, көмiрсулар мен липидтер алмасуын жоғарылатады, су мен тұздардың алмасуын реттейдi.
Гипофиздi сылып тастаса, жас төлдiң өсуi тоқтап қалады, ал адамның бойы өспей қалады, гипофиздiк ергежейлiк дейдi.
Ал егер СТГ тым көп бөлiнсе онда бойы тез өсiп 240-250 см, ал салмағы 150 кг-ға дейiн жетуi мүмкiн. Оны гипофизарлық алып (гигант) дейдi. Ересек адамда гиперсекреция болса онда акромегалия (кейбiр сүйектер мен мүшелердiң өсуiнде теңсiздiк) немесе спланхомегалия (iшкi ағзалардың өсуi) байқалады.
Сонымен қатар гипофизбен қызметтес бездердiң жұмысы өзгередi. Мысалы, жыныс бездерiнiң қызметi нашарлап, кахексия және гипофизарлық май басу сияқты ауруларға да шалдығады.
Адренокортикотроптық гормон (АКТГ) 1942 жылы Ли, Эванс, Симпсон зерттеулерiнде бөлiнген. Молекулалық массасы 4500-5400-ге тең, бiр тiзбектi полипептидке жатады, құрамында 39 амин қышқылдық қалдық болады.
Бүйрекк үстi бездiң қыртыс қабатындағы клеткаларын өсiрiп, кортикостероид гормондардың түзiлiп, сыртқа шығуын үдетедi. Глюкокортикоидтар адамның ашу ренiшiн, қайғы-мұңын басып, көңiл күйiн жақсартады. Сонымен қатар АКТГ бүйрек түтiкшелерiнде натрий, хлор және судың қайта сорылуына ықпал етедi, май мен амин қышқылдарынан қанттың тұзiлуiн күшейтiп, қандағы қанттың деңгейiн жоғарылатады.
Тиреотроптық гормон (ТТГ) – гликопротеид тобына жатады, молекулалық массасы 23-32 мыңға тең. ТТГ қалқанша бедiң қызметiн жандандырады. Қанға тироксин және трийодтирониннiң бөлiнуiн күшейтедi, йодтың қалқанша безде жиналуына ықпал жасайды.
Гонадотроптық гормондар (ГТГ) жыныс бездерiнiң өсiп, дамуына әсер етiп, олардың қызметiн реттейдi, жыныс гормондарының секрециясын күшейтедi, бүкiл ағза жағдайына әсер етедi.
Гонадотроптық гормондарға: ФЖГ, ЛГ, ЛТГ гормондарына жатады.
ФЖГ – аналық бездiң дамуын және қызметiн реттейдi. Оның әсерiмен фолликулалар дамып, фоликулярлық сұйық түзіледі, түйіршiктi торшалар көбейiп, оларда аналық гормондар (эстрогендер) бөлiнедi. Ал аталық жыныс безерiнде жыныс торшаларының көбеюiн (сперматогенездi) реттейдi.
Лютендеушi гормон (ЛГ) овуляцияны – жетiлген фолликулалардың жарылуын, жыныс торшасының жарылуын, жыныс торшасының аналық безден бөлiнуiн реттейдi. Овуляция жүрген фолликулде сары денешiк тұзiлген.
Лютеотроптық гормон (ЛТГ) сары денеде прогестерон гормонының бөлiнуiн реттейдi.
Пролактин гормоны сүт безiнiң қызметiне әсер етедi. Сүт қантын (лактозаны) синтездеуге қатысады.
Сонымен қатар гипофиз қалқанша серiк безiнiң, ұйқы безiнiң қызметiн реттеуге қатысады.
Мысалы, гипофиздiң панкреотроптық гормоны Лангерганс аралшықтарының дамуын күшейтсе паратиреотроптық гормон қалқанша серiк бездерiнiң қызметiн күшейтiп, қанда кальций деңгейiн көтередi.
Гипофиздiң ортаңғы бөлiгiнде интермедин немесе меланотропин (МСГ) гормоны түзіледі. Бұл гормон терiдегi пигменттiк клеткаларды пигмент түйіршiктерiн көбейтiп, клетка талшығын кеңейтедi, пигмент түйіршiктерiнiң клеткада бiркелкi орналасуын қамтамасыз етедi. Терi қарайып кетедi. Күн сәулесiнiң әсерiнен интермедин әсерi күшейiп, терiде қара пигмент фусцин түзiлуi үдейдi. Сонымен қатар интермедин көз таяқшалары мен саутшаларының қызметiн жандандырып, көздiң қараңғылыққа үйренуiн (адаптация) жақсартады.
Гипофиздiң артқы бөлiгi – нейрогипофиз-питуициттерден құралған.
Қазiргi деректерге сәйкес нейрогипофиз гормондары гипотала-мустың супраоптикалық және паравентрикулярлық ядроларында түзіледі де, липопротеидтiк түйіршiктерi тұрiнде гипоталамус-гипофизарлық жолы аксондары бойымен гипофиз сабағы арқылы гипофиздiң артқы бөлiгiне өтедi. Осында жиналған нейросекреттер окситацин және вазопрессин гормондары болып бөлiнедi.
Вазопрессин бүйрекктiң несеп жиналатын түтiгiнде судың қайтадан қанға сiңiуiн үдетiп, несеп көлемiн (диурездi) азайтады. Сондықтан да оны анти диурездiк гормон дейдi. Сонымен қатар вазопрессин артериалар мен капиллярлар арнасын таралтып, қан қысымын жоғарылатады.
Окситоцин – холенэстеразаны бейтараптап, ацетилхолиннiң белсен-дiлiгiн арттырады, жатырдың бiрыңғай салалы еттерiнiң жиырылуын, сүттiң бөлiнуiн күшейтедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет