Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша



бет56/119
Дата28.03.2023
өлшемі1,95 Mb.
#76918
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   119
Байланысты:
Лекция АжФ

Бүйреккүстi бездер.
Бүйреккүстi бездерi бүйрекктердiң жоғары жағында орналасқан, салмақтары адамда 6-12 г, ал жануарларда: iрi қара мен жылқыда – 25-40 г, қой мен ешкiде –3-5 г, шошқада – 6-8 г, тауықтарда – 200-400 мг.
Әр бiр без сырт жағынан фиброздық қабықпен қапталған, ал кесiн-дiсiнде сыртқы – қыртыстық қабат, iшкi – бозғылт заттан тұрады.
Қыртыстық қабат гистологиялық құрылысына байланысты үш аймаққа бөлiнедi: сыртқы-шумақты, ортаңғы-шоғырлы, iшкi-торлы аймақ-тар. Әр аймақ өзiне тән гормондар түзедi.
Бүйреккүстi бездерi қанмен мол жабдықталған, симпатикалық жүйке талшықтарымен жүйкеленедi.
Шумақты аймақта минералокортикоидтар- альдестерон, дезокси­кортикостерон. Шоғырлы аймақта глюкокортикоидтар – годрокортирон, кортизон, кортикостерон.
Торлы аймақта андрокортикоидтар – андрогендер эстрогендер және прогестрон гормоны бөлiнедi.
Минералокортикоидтар ағзада минералды заттардың алмасуын реттейдi.
Альдестерон ағзада натрийдiң, хлоридтердiң, судың бөгелуiне ықпал етiп, зәр ақылы калий мен фосфордың бөлiнуiн күшейтедi.
Минералокортикоидтар тапшылығы салдарынан ағза натрийдi, суды, хлоридтердi көп бөледi де, iшкi ортаның қасиеттерi өзгерiп, тiршiлiк жағдайлары бұзылады, жануар өлiп қалады.
Минералокортикоидтардың бөлiну қарқыны ағзадағы Na+ және К+ иондарының мөлшерiне байланысты өзгерiп отырады. Қан құрамында натрий мөлшерi жоғарласа минералокортикоидтардың бөлiнуi баяулап, ал төмендесе – үдеп, күшейiп отырады. Калий керiсiнше әсер етедi.
Глюкокортикоидтар көмiрсулар, белоктар және майлар алмасуына әсер етедi. Олар ұлпада белоктардың ыдырауын күшейтiп, тұзiлуiн төмендетедi. Осының нәтижесiнде қан құрамындағы амин қышқыл-дарының мөлшерi жоғарылып, олар бауырды глюкоза мен гликогенге айналады. Қуаттық алмасу күшейтедi, қандағы глюкоза деңгейi көтерiледi.
Андростероидтар жыныс мүшелерiнiң дамып – жетiлуiне әсер етедi, белок синтезiн күшейтедi, ағзаның өсiп-дамуын реттейдi.
Андростероидтардың көп бөлiнуi, әсiресе аналық дарақтарда, әр түрлі ауытқуларға соқтырады. Олардың екiншi жыныстық белгiлерi күштi дамиды – түктер өседi, еттерi күштi дамиды, ертерек жыныстық жетiлу байқалады.
Бүйрекк үстi безiнiң қыртыстық қабатының гормондары бұлығу (стресс) тудыратын әртүрлі қолайсыз факторлардың әсерлерiне бейiм-делуде маңызды роль атқарады. Негiзгi екi гормон адреналин мен норадреналин түзіледі.
Адреналин гормоны жүрек – қан тамырлар жүйесiне, iшектiң бiрiңғай қарашығын үлкейтедi, адреналин “авариялық гормон”, “эмоциялық гормон” болып есептелiнедi.
Бүйрекк безiнiң қызметi бұзылса адамда қола немесе Аддисон ауруы көтерiлiп, жүрек үлкейiп, артериосклероз бен глюкозурия болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет