ТаңҒы және кешкі зікірлер


«Ықылас», «Фәлақ», «Нас» сүрелерін таң мен ақшам намаздарынан соң 3 реттен оқыған абзал



бет2/4
Дата11.09.2023
өлшемі30,04 Kb.
#106895
1   2   3   4
«Ықылас», «Фәлақ», «Нас» сүрелерін таң мен ақшам намаздарынан соң 3 реттен оқыған абзал.

«Ықылас» сүресі. Оқылуы: Бисмилләһир-Рахмәәнир-Рахиим. Қуль һуә-Аллаһу ахад. Аллаһус-Самад. Ләм йәлид уә ләм юуләд. Уә ләм иәкул-ләһу куфуән ахад (3 рет).
Мағынасы: Аса рақымды, ерекше мейірімді Алланың атымен! (Оларға): «Ол – Алла жалғыз. Алла – Самад (ешкімге, еш нәрсеге мұқтаж емес, керісінше күллі жаратылыс Оған мұқтаж). Ол – тумаған да, туылмаған. Әрі Оған тең келер ешкім жоқ» («Ықылас» сүресі), – деп айт.
«Фәлақ» сүресі. Оқылуы: Бисмилләһир-Рахмәәнир-Рахиим. Қуль ә‘уузу бираббил-фәләқ. Мин шәрри мә халәқ. Уә мин шәрри ғаасиқин изә уәқаб. Уә мин шәррин-нәффәәс әәти фил-‘уқад. Уә мин шәрри хаасидин изә хасәд (3 рет).
Мағынасы: Аса рақымды, ерекше мейірімді Алланың атымен! (Оларға): «Қараңғы түнекті қақ жарып атқан арайлы таңның Раббысына; Өзі жаратқан күллі жаратылыстың кесірінен, қараңғы түскенде түннің кесірінен, түйіншіктерге үрлеп, дем салушылардың кесірінен, сондай-ақ, күндеген кездегі күншілдердің кесірінен (сақтай гөр деп) сиынамын!» («Фәләқ» сүресі), – деп айт.
«Нас» сүресі. Оқылуы: Бисмилләһир-Рахмәәнир-Рахиим. Қуль ә‘уузу би Раббин-нәәс. Мәликин-нәәс. Иләһин-нәәс. Мин шәррил-уәсуәәсилхан-нәәс. Әлләзи юуәсуису фи судуурин-нәәс. Минәл-жиннәти уән-нәәс (3 рет).
Мағынасы: Аса рақымды, ерекше мейірімді Алланың атымен! (Оларға): «Адамдардың Раббысына, адамдардың Патшасына (Иесіне), адамдардың Тәңіріне; (Алланың аты аталғанда) кері шегініп жасырынатын, тыным таппай адамдардың жүрегіне сыбырлап, азғырумен болатын азғырушының кесірінен (сақтай гөр деп) сиынамын. (Ондай азғырушылар) адамдар мен жындардан болады» («Нас» сүресі), – деп айт.
«Оларды таңертең және кешке үш реттен оқитын адам үшін бұл бүкіл (жаман) нәрседен (қорғануға) жеткілікті болады»
(Әбу Дәуд (5082), Тирмизи (3575)

  1. Бұл – кешірім сұрау дұғаларының төресі! (таңертең және кешке бір реттен айтылады)

«Аллаһуммә, Әнтә Рабби, лә иләһа иллә Әнтә, халәқтәни уә әнә ‘абдукә, уә әнә ‘алә ‘аһдикә уә уә’дикә мә-стәтағту, ә’узу бикә мин шәрри мә санә’ту әбу-у ләкә би-ни’мәтикә ‘әләййа уә әбу-уби-занби, фәғфир ли, фә иннәһу лә яғфиру-з-зунубә иллә Әнта!»
Аудармасы: «Иә, Алла! Сен менің Раббымсың, Сенен басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Сен мені жараттың, ал мен Сенің құлыңмын. Meн күш-құдіретім жеткенше Саған деген уәдемді, әрі сертімді сақтаймын. Әрі жасаған істерімнің жамандығынан Өзіңе сыйынамын. Маған берген нығметтеріңді де мойындаймын, әрі күнәларымды да мойындаймын. Мені жарылқай гөр! Шын мәнінде, Сенен өзге күнәларды жарылқаушы ешкім жоқ!»
«Кім (осы сөздерді) күндіз қайта-қайта айтатын болса әрі (өзінің айтып жатқан сөздеріне) кәміл сенсе және сол күні кеш батқанға дейін қайтыс болса, сол Жәннат тұрғындарының арасында болады, ал кім(өзінің айтқан сөздеріне) кәміл сенген күйде (осы сөздерді) түнде айтатын болса, әрі таң атқанға дейін қайтыс болса, сол Жәннат тұрғындарының арасында болады»
Бұхари (6306)



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет