ТаңҒы және кешкі зікірлер


«Радыйту би-Лләһи Раббән, уә бил-Исләми динән, уә би-Мухаммәдин саллә-Ллаhу‘аләйhи уәсәлләма нәбийән» (3 рет)



бет3/4
Дата11.09.2023
өлшемі30,04 Kb.
#106895
1   2   3   4
«Радыйту би-Лләһи Раббән, уә бил-Исләми динән, уә би-Мухаммәдин саллә-Ллаhу‘аләйhи уәсәлләма нәбийән» (3 рет)

Аудармасы: «Мен Аллаға Раббы ретінде, Исламға дін ретінде және Мұхаммедке (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) пайғамбар ретінде разымын»
(Бұл дұғаны таңертең және кешке үш рет айтып жүрген кісіге Қиямет Күні Алла Тағала міндетті түрде рақымын танытады)(Ахмад (4/337 18967), Әбу Дәуд (5072)

  1. «Бисми-Лләһи-лләзи лә ядурру мә’а-смиһи шәи ун фи-л-әрды уә лә фи-с-сәмә-и уә һууә-с-Сәми’ул-’Алим» (3 рет).

Аудармасы:«Алланың атымен. Оның есімімен болғанымызда көктер мен жердегі ешбір нәрсе бізге зиянын тигізе алмайды, өйткені Ол – Толық Естуші, Аса Білуші!»
«Бұл сөзді таңертең және кешке үш рет қайтаған кісіге еш нәрсе зиян тигізе алмайды»
(Әбу Дәуд (5088, 5089), Тирмизи (3388), Ибн Мәжаһ (3869), Ахмад 446

  1. «Хәсбиә-Ллаһу, лә иләһа иллә һууә, ‘аләйһи тәуәккәлту уә һууә Раббул ‘Аршил-’Азыйм» (7 рет)

Аудармасы: «Маған Алла жетіп артады. Одан басқа құлшылыққа лайықты құдай (ешкім) жоқ. Оған тәуекел еттім. Сондай-ақ, Ол – ұлы ‘Аршының Раббысы» (бұл сөздерді жеті рет айту керек)
ИбнСунни (71), Әбу Дәуд (5081)

  1. Таңертең: «Аллаһуммә, бикә асбәхнә, уә бикә әмсәйнә, уә бикә нәхйа, уә бикә нәмуту уә иләйкә-н-нушуру»

Аудармасы: «Иә, Алла! Сенімен таң атырдық және Сенімен кеш батырдық. Сенімен өмір сүреміз, әрі Сенімен көз жұмамыз және қайтар жеріміз Сен жақ».
Кешке: «Аллаһуммә, бикә әмсайнә, уә бикә асбахнә, уә бикә нәхйа, уә бикә нәмуту, уә иләйкәл мәсыйр»
Аудармасы: «Иә, Алла! Сенімен күн батырдық және Сенімен таң атырдық, Сенімен өмір сүреміз, Сенімен (қалауыңмен) өлеміз, және қайтуымыз Сен жақ»
(Тирмизи (3391)

  1. «Асбәхнә уә асбәхәл-мулку ли-Лләһи Раббил ‘Аләмин. Аллаһуммә, инни әс-әлукә хайра һәзәл-йаум: фәтхаһу, уә насраһу, уә нураһу, уә бәракәтәһу, уә һудәһу, уә ә’узу бикә мин шәрри мә фиһи уә шәрри мә бә’даһу».

Егер кешке оқылса, төмендегідей оқылады:
«Әмсәйнә уә әмсәл-мулку ли-Лләһи Раббил ‘’Аләмин. Аллаһуммә, инни әс-әлукә хайра һәзиһил-ләйләһ: фәтхаһә, уә насраһә, уә нураһә, уә бәракәтәһә, уә һудәһә, уә ә’узу бикә мин шәрри мә фиһә уә шәрри мә бә’дәһә»
Аудармасы: «Біз таңды атырдық (кешті батырдық), әрі осы таңда (кеште) бүкіл үстемдік әлемдердің Раббысы– Аллаға тән. Иә, Аллаһ! Шын мәнінде, мен Сенен бұл күннің (бұл түннің) жақсылығын, жәрдемі мен нұрын, жеңісі мен берекесін, сондай-ақ туралығын тілеймін, әрі Сенен осы күннің (осы түннің) және одан кейінгі (күндердің) жамандықтарынан сақтауыңды сұраймын».(Сондай-ақ осы дұғаны, ондағы«таң» мен «күн» сөздерінің орнына«кеш» пен «түн» деген сөздерді қолданып, кешке де айту керек).
(Әбу Дәуд (5084)

  1. «Аллаһуммә,‘афини фи бәдәни, Аллаһуммә,‘афини фи сәм’и, Аллаһуммә,‘афини фи бәсари, лә иләһа иллә Әнтә, Аллаһуммә, инни ә’узу бикә минәл-куфри, уәл-фәқри, уә ә’узу бикә мин ‘азәбил-қабри, лә иләһа иллә Әнта!» (3 рет)

Аудармасы: «Иә, Алла! Тәнімді сау-саламат ет! Иә, Алла! Құлағымды сау-саламат ет. Иә, Алла! Жанарымды сау-саламат ет! Сенен басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Иә, Алла! Мен күпірлік пен пақырлықтан Өзіңе сыйынамын. Сондай-ақ, қабір азабынан Өзіңе сыйынамын. Сенен басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ» (бұл сөздерді үш рет айту керек)
Әбу Дәуд, Ахмад.

  1. «Аллаһуммә, инни әс-әлукә-л-‘афуа уә-л-’афиятә фи-д-дунйа уә-л-әхираһ, Аллаһуммә, инни әс-әлукә-л-‘афуа уә-л-’афияһ: фи дини, уә дунйа-йа, уә әһли, уә мәли. Аллаһуммә-стур ‘әурати уә ә-мин рау’ати. Аллаһуммә-хфазни мин бәйни ядәййа, уә мин холфи, уә ‘ан ями-ни, уә ‘ан шимәли, уә мин фәуқи, уә ә’узу би-’азомәтикә ән уғтә-лә мин тәхти!»

Аудармасы:«Иә, Алла! Мен Сенен дүние мен Ақыретте жарылқау мен есен-амандықты тілеймін. Иә, Алла! Мен Сенен дінімде, тұрмыс-тіршілігімде, жанұям мен мал-мүлкімде жарылқау мен есен-амандықты тілеймін. Иә, Алла! Менің ұятты жерлерімді жасыр, мені корқыныштан аман ет. Иә, Алла! Мені алдымнан да, артымнан да, оң жағымнан да, сол жағымнан да және төбемнен де Өзің қорғай гөр! Сондай-ақ, маған (аяқ) астымнан қиянат жасалып, өлтірілуімнен Сенің ұлылығыңа сыйынамын!»
(Әбу Дәуд, Ибн Мәжаһ.

  1. «Субхәнә-Ллаһи уә бихамдиһи ‘адәдә халқиһи, уә ридо нәфсиһи, уә зинәтә ьаршиһи уә мидәдә кәлимәтиһ!» (Таңертең 3 рет)

Аудармасы: «Алла Пәк және Оған жаратылыстарының саны қанша болса – сонша, әрі Оның Өзі қанша қалайтын болса – сонша мадақтар болсын және осы мақтау-мадақтардың салмағы Оның ‘Аршының салмағына тең болсын және оларды жазу үшін Оның Сөздерін жазуға қажет болғандай сия қажет болсын!»
(Муслим (2726)



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет