Тақырыбы : «Қазақстан Ұлы Отан соғыс жылдарында» Бағыты: Қазақстан тарихы Жетекшісі



бет2/14
Дата15.04.2023
өлшемі161,87 Kb.
#82719
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Қабетхан Баян ааааа

I.Кіріспе

Ұлы Отан соғысы және Қазақстан


Тарих толқынында жеңіске жету оқиғалары өте көп орын алды.Солардың арасында Екінші дүние жүзілік соғыстың ішінде ең ауыр саналатын Ұлы Отан соғысындағы Қазақстан туралы айтатын боламыз.Сұрапыл соғыста халқымыздың басым бөлігі отан қорғау жолында мерт болса майданды керек жарақпен қамтамасыз ету үшін ұлы жеңіске қол жеткізуге өз үлесін қосқан тыл еңбекшілері қаншама. 1941-1945 жылдардағы Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы екінші дүниежүзілік соғыстың құрамдас бөлігі ретінде тарихқа мәңгі енді. Адамзат тарихында үлкенді-кішілі он бес мыңға жуық соғыс өткен екен. Бірақ солардың ішінде ауқымы, құрбан-дықтары мен алапаттығы жағынан ең жантүршігерлігі екінші дүниежүзілік соғыс және оның құрамдас бөлігі - Ұлы Отан соғысы болды.Соғыс жылдары бізден бірте-бірте алыстаған сайын оған деген көзқарас та өзгеріп келеді.
Жаңа кезеңнің бір қасиеті - баяғыда аян болған жағдаяттар жайлы шындықтың соны қырынан көрінуі. Бұл айтылған тұжырым Ұлы Отан соғысының тарихына да тікелей әрі толығымен қатысты. Осынау қырғын түрғысында жүздеген кітаптар мен мыңдаған мақалалар жазылғанмен, сол соғыс жайлы нағыз шындық әлі айтылған жоқ.Қазір соғыстан кейінгі он жыл ішінде ол жайлы естелік әдебиет болмағанын көз алдыңа елестету қиын. Бұған соғысқа қатысқандарды кінәлаудың жөні жоқ, өйткені оның тарихын терең зерттеуге тек партияның XX съезінен кейін ғана мұмкіндік туды Бұл соғыста Қазақстандағы әр отбасынан жүздеген мың адам қолына қару алып, ұрыстарға қатынасты.
Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты.Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халықтарымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты.Cондықтан да Ұлы Отан соғысы еліміздің тарихындағы ең ауыр кезеңдердің бірі болды. Ол туралы әр адам біледі, қанды және аяусыз соғыстың қасіретін ұмыту мүмкін емес. Патриоттық рух бар жерде Ұлы Жеңіс тақырыбы әрқашанда өзектілігін жоймай, жыл өтіп ұрпақ жаңарған сайын маңызы арта түспек. Өлкемізден шыққан ақиық ақынның соғыс тақырыбына арналған шығармаларын зерттей отырып, атаулы оқиғаға аз да болса өз үлесімізді қосуды жөн көрдік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет