1.2.Ұлы Отан соғысындағы ірі шайқастар.
Мәскеу үшін шайқас
Мәскеуге неміс-фашист әскерінің жасаған бірінші шабуылының сәтсіздігі. 1941 жылдың жазындағы Мәскеу Совет Армиясының табанды карсылығы және неміс-фашистік әскерлердің үлкен шығындары гитлер командасына шабуыл жасалатын майданды тарылтуға мәжбүр етті. Мәскеудің стратегиялык бағытын гитлершілдер негізгі шешуші деп санады. Бұл бағытта шабуыл жасау кең майданда жүзеге асы- рылды. Мұнда, неміс командасы негізгі күштерін шоғырландырды: «Орталық» әскер тобы саны жағынан қатты ұлғайды. Неміс-фашистік әскерлердін шабуылы басталған кезде олардың күштері, әсіресе танк
және авиация күштері басым болды. Гитлершілдер Мәскеуді жаулап алу соғыстың нәтижесін шешеді деп ойлады. Ол КСРО-ға қарсы Жапонияның да шабуыл жасауына түрткі болады деп есептеді. Гитлер Берлиндегі жапон елшісіне 12 қазан 1941 жылы Мәскеуді басып аламын деп уәде берді. Мәскеуді басып алумен Гитлер және оның айғайшылары КСРО мен оның әскерін толық және түпкілікті женемін деп үміттенді. Гитлершіл команданын түпкі ойы Мәскеуді солтүстік және оңтүстікен айналып өтіп, батыстан соққыны бір уақытта бермекші болды.
Осы мақсатта, әскерлердің үш ереуілшіл топтарын құрды. Солтүстік соккы беретін топ Мәскеуді Клин, Дмитров бағытына қарай солтүстіктен айналып өту керек, Оңтүстік әскерлер Орел, Тула, Каширге жылжыды; орталық топ Можайск, Мәскеуге қарай қозғалды. 1941 жылы 30 қыркүйек 2 қазан аралығында неміс-фашист әскерлері Мәскеуге шабуылды бастады. Карсылас жау Кеңес әскерін біркатар жерлерге дейін тықсырып үлгерді, бірақ көп ұзамай жаудың шабуылы тоқтатылды.
Неміс-фашист басқыншылары Калинин ауданы мен Тула шетінде, Можайск корғаныс шебінде Мәскеудің алыс шетінде Кеңес әскерлерінің күшті қарсылығына кездесті. Мәскеу қорғанысында ВКП хатшысы М.К. Щербаков басқарған Мәскеу партиялык ұйымы көрнекті рөл атқарды.
Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің нұсқауы бойынша Мәскеу партиялык ұйымы қаланың барлық тұрғындарын Кеңес астанасын
қорғау үшін жаппай көтерді.
Мәскеудің барлық аудандарында ерікті жұмысшылар коммунистік батальондары кұрылды. 24 мың мәскеуліктер Мәскеулік әуеге қарсы корганыс әскеріне қосылды. Астананың 500 мындай тұрғындары қорғаныс шептерін құрды, оның 75%, әйелдер болды. Мәскеудің алыс және жакын шеттерінде мәскеуліктер танкіге қарсы құрылғылар салды, орларды қазды, тікенек сымдардан қарсы нысандар мен бетондалган ок ату нүктелері 68 ИЗ 109 рман үймелерін жасады
Орталык мемлекеттік мекемелердің, жоғары оку орындары мен маңызды ірі өнер кәсіптік кәсіпорындардың бір бөлігі Мәскеуден көшірілді. Тек машина жасау зауытының өзінен 400-ден астам
жабдықтар мен материалдар эшелондары шығарылды. Мәскеу мен облыстардын тоқыма кәсіпорындарынан 800 мыңнан астам ұршық және 12,5 мын тігін станоктары бөлшектеліп жіберілді. Барлык калған зауыттар мен фабрикаларда қару-жарақ, әскери құралдар мен жабдықтарды шығару бойынша жұмыстар қызып жатты. Мәскеу жауға соққы беруге дайындалды. 1941жылы 19 қазанда астананы корғау туралы Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің қаулысы қабылданды. Мәскеу еңбекшілерін астананы қайсарлықпен қорғауға және арандатушымен, тыңшылармен және барлық жауға қарсы айқасқа кедергі келтіргендермен, зорлық-зомбылыкка карсы аянбай айқасуға шақырылды, «Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті, барлық астана еңбекші халқын тәртіп пен тыныштықты сақтауға, Мәскеуді қорғайтын Қызыл Әскерге барынша көмек көрсетуге шақырады» деген болатын қаулыша. Қала қоршау жағдайында деп жарияланады.
Қорғаныс ұйымдастырылған екі меже белгіленді. Алыс межелер- де Мәскеудін батыс қорғанысы Батыс майданның әскерлеріне - жүктелді, Мәскеуге жақын маңайлар- Мәскеулік корғаныс аймағының әскерлеріне жүктелді.
Тарихи ұрыс қызған межелерге жаңа резервтер келіп жатты. Мәскеуге жау жақындаған сайын ұрыстар киян-кескі болған сайын, соғұрлым кеңес әскерлері табандылықпен соғысты. Тек 12 қазан мен 30 қазан аралығында Можайск, Малоярославец, Волоколамск және Наро-Фоминский түбіндегі ұрыстарда жау жараланған және өлген 70 мыңнан астам адамынан айырылады. Сол сияқты жаудың материалдық шығындары да көп болды. Казанның аяғында неміс-фашист әскерлері Мәскеудің түбінде, Калини 19 Из Омск-Наро-Фоминск-Алек- син майдандарында және Тула маңайларында тоқтатылды. Майдан жүріп жатқан учаскелер қатарында мәскеулік жасақтардың дивизиялары ұрыстарға белсенді қатысты. Мәскеуге қарсы шабуыл- мен бір уакытта неміс-фашистік әскерлері Донбасс пен Қырымға да шабуыл жасады. Қазанда кеңестік әскерлер карсыластың қысымымен Донбасты тастап кетуге және Ростовна Донуға шегінуге мәжбүр бол ды. Қырым бағытына карай жау әскерлері Перекоп мойнағы арқылы бұзып өтті. 1941 жылы 30 қазанынан бастап Севастопольді ерлікпен қорғау басталады.16 қазаннан бастап Ленинградты қоршау мақсатында Тихвин
бағытына қарай шабуыл жасаған қарсылас дұшпан улкен шығынға ұшырай отырып, Волхов өзенінің күншығыс жағалауына және карашанын басында Тихвин ауданына бұзып кіреді.Бұл катерлі күндерде Кеңес елі Октябрь социалистік револю- циясынын 24 жылдығын тойлап жатқан болатын.
1941 жылы 6 қарашада жау Мәскеу түбіне жақындағанда, метрода,
Маяковская бекетінде партиялық және коғамдық ұйымдармен бірге
еңбекшілердің Мәскеудепутаттар кеңесінің Октябрь революциясының жылдығына арналған салтанатты мәжілісі өтіп жатты. Зенитшілер және ұшқыштар осы күні бірде-бір жаудың ұшақтарын астанаға жібермеді. И.В.Сталин баяндамамен жұрт алдында сөз сөйледі. Ол неміс-фашистік басқыншылардың шығыстағы барлык науқанды бірнеше айда аяқтаймыз деп кате болжағанын атап өтеді. Кенес Армиясы және әскери-теңіз Флоты жау ойлағандай емес басым
болды және өзінің барлық күшімен қарсылығын көрсетіп бақты.
1941 жылы 7 қарашада Мәскеуде Қызыл аланда кеңес әскерінің
дәстүрлі салтанатты шеруіөтіп, олар бірден майданға аттанды. 6 қарашадағы Москеңестің мәжілісі және 7 қарашадағы Қызыл аланда өткен салтанатты шеру кеңес халқы үшін жұмылдырушы маңызға ие болды. Гитлершіл насихатшылар неміс әскері Мәскеу манындағы елді мекенге кірді деп жаһанға жар салып жатканда, біздін еліміздін астанасында болы 70киз 199 ндай барлык кенес адам- дарынын жүрегіне жеңіске деген мызғымас сенімділікті ұялатқан еді.
Жау шапқыншылығынан Мәскеуді қорғауда Мәскеу халқы мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс тобының әскерлеріүлкен рөл ойнады. Әуе шабуылына карсы қорғаныс тобының әскерлері Мәскеу халқымен бірге жау авиациясының шабуылдарын жоюға қатысты.
Мәскеу түбіндегі ұрыста Батыс майданының құрамдарымен бірге
Подмосковья егістіктерінде неміс-фашист әскерлерін талқандауда маңызды мәнге ие болған Мәскеулік халық жасақтарының сарбазда- ры айбынды шайқасты. Мәскеу түбіндегі ұрыста Мәскеу, Калинин және Тула облыстарынан жиналған партизандар өзінің кызметін жаудың коммуникацияларын кеңінен жүргізді. Мәскеулік облыстың аудандарында
10 мың партизандар және партизан әйелдерден тұратын 40-тан астам партизандык отрядтар әрекет етті, Тула облысының аудандарында - 31 партизандык отряд әрекет етті. Партизандар мыңдаған гитлершілдер- ді кырды, онын техникасын жойды. Партизандар катарларында ком- сомол Зоя Космодемьянская, Александр Чекалин, Лиза Чайкиналар күресті және жауды жеңу үшін жанын аямай, өз Отанына қалтқысыз берілген баска да көптеген ерлер болды.
Достарыңызбен бөлісу: |