II.Негізгі бөлім
1.1.Ұлы Отан соғысының басталуы
Ұлы Отан соғысы, кеңес-герман соғысы, екінші дүниежүзілік соғыстағы шығыс майданы (1941-1945). Германиямен оның одақтастарының басқыншылығына қарсы Кеңес Одағының соғысы. 1941ж. 22 маусымда Германия мен оның одақтастары (Италия, Венгрия, Финляндия, Румыния) кеңес-герман келісімшартын бұзып, Кеңес Одағына соғыс ашты. Германияның негізгі мақсаты - Барбаросса жоспары бойынша КСРО-ны жою еді. Жоспарда қосымша соққы ретінде Финляндия, Румыния, Италия мен Венгрияның тарапынан да соғыс қимылдарын жүргізу қарастырылған. Құрлықтағы әскерлердің шабуылы әуе және әскери-теңіз күштерімен күшейтіліп, Кеңес Одағының шығысындағы өнеркәсіп орталықтарына, ең әуелі Орал өнеркәсіп орталығына әуеден соққы беру және Балтық теңізінде үстемдікке жету көзделді. Гитлершіл Германия Кеңес Одағының ұлттық мемлекеттерін жойып, төрт рейхтік комиссариатқа бөлуді ойластырды. Барбаросса жоспарын жүзеге асыру үшін Германия жоғары басқармасы 153 дивизия белді, оған одақтастары КСРО-ға қарсы 37 дивизия қосты. КСРО шекарасына барлығы 190 дивизия шоғырландырылды. КСРО-ға соғыс бастар алдында Германия өзінің әскери-экономикалық қуатын нығайтып, мыс, мырыш, қорғасын, бокситті аса көп мөлшерде жинап алды және Еуропадағы жеңілген елдердің көптеген қару-жарақ, оқ-дәрі, көлік-траспорттарын пайдалануға мүмкіндік
болмады. Германияның қарулы күштері кұрамында 1941ж. маусым айында барлығы 7,3 млн. адам кызмет атқарды. Соғыстың болатынын алдын-ала біліп отырғанымен Кеңес Одағы оған дайын болмай шықты. И.В.Сталин мен КСРО Қарулы Күштері басшылары (К.С. Тимошенко, т.б.) соғыс алдында және соғыстың алғашқы күндерінде көптеген қателіктерге жол берді. Басқыншыларға алғаш кеңес шекарашылары қарсы тұрды. Аса қиын жағдайда қалғандарына карамастан кеңес жауынгерлері алғашқы күннен бастап ерлікпен шайқасты. Мысалы, соғыстың 5-күні құрамында капитан А.Маслов, сержант Б.Бейсікбаев бар бомбалаушы ұшағы әскери тапсырмамен шығып, өртенді. Ұшқыштар өртенген ұшақты жау танкілері мен бензин цистерналары шоғырланған колоннаға бағыттады. Қоршауда қалған көптеген шегаралық заставалар мен бекініс аудандары жауға бірнеше тәулік бойы тосқауыл болды (қ. Брест корғанысы). 1941 ж. 30 маусымда Сталиннің төрағалығымен Мемлекеттік Қорғаныс комитеті кұрылды. Ол бүкіл елдегі саяси, әскери және шаруашылық билігін қолға алды. Ұлы Отан соғысы бірнеше кезеңнен өтті.
Соғыстың 1-кезеңі (1941 ж. 22 маусым 1942ж. 18 караша) өте ауыр болды. Қызыл Армия ете қолайсыз жағдайда қалды, адамдары, техника мен қару-жарақ көп шығын болды. 170 дивизияның 28-і толық талқандалып, ал 70 дивизия өзінің адамдары мен әскери техникасының тең жартысынан айрылды. 200-дей жанар май, оқ-дәрі және қару қоймалары немістер басып алған жерлерде қалды. Алғашқы 6 аптада фашистер кеңес жеріне 300-600 км ендей кіріп, Латвияны,Литваны, Белоруссияны, Украина мен Молдавияның көптеген жерін басып алып, Киев, Смоленск, Одесса қалаларының іргесіне жетті. Кеңес армиясы ерлікпен қарсыласканымен көп ұзамай аталған қалалар да жау қолында қалды. Шегінген Қызыл Армияны соғысқа қажет материалдармен және адамдармен толықтыру қиынға соқты. Кеңес әскерінің соғыс қимылы қорғаныс майданында бұзылған, бөлшектелген жағдайда жүріп жатты. Жаудың соққысынан дер кезінде шегініп кетуге Қызыл Армияның моторланған бөлімдері болмады. Соның салдарынан қоршауда жиі қалып, қарсы шабуылға шыға алмады. Немістің әскери әуе күштері толық билік құрды. Вязьма аймағында Батыс және Брянск майданы күштері жартылай қоршауда қалды. Жау әскерлері Калинин, Волоколамск, Можайск қалаларын басып алып,
Москваға қауіп төндірді. Қыркүйектің 8-і күні Ленинград коршауға алынып, қаланың қоршау жағдайындағы ерлік күресі басталды. Кеңес Одағының соғыстың бастапқы кезеңіндегі сәтсіздіктерінің себептері халықаралық және ішкі жағдайларға байланысты болды. Бұл кезде Германия бүкіл Батыс Еуропаның экономикалық және соғыс қорын иемденген еді. Қызыл Армияның басқарушы құрамы сталиндік қуғын-сүргіннін әсерінен әлсіреп, кейін тағайындалған жас мамандар басшылық етудің тәжірибесін меңгеріп үлгермеген. Кеңес әскеріне түсіп жаткан жаңа, күрделі қару түрлерін әскерлер әлі толық игеріп болмаған еді. Мемлекеттік Қорғаныс комитеті жаңа әскери құрамалар мен бөлімдер жасақтауға шұғыл кірісті. 1941 жылғы 22 маусым 1 желтоқсан аралығында қосымша 297 дивизия мен 94 бригада жасақталды. 1941 жылдың маусым қараша айларында Оралға, Сібірге, Еділ жағалауына, Қазақстанға және Орта Азияға 1533 кәсіпорын, оның ішінде 1360 әскери зауыт көшірілді. Германияның Кеңес Одағына шабуыл жасағаны белгілі болысымен У.Черчилль Ұлыбританияның КСРО-ны қолдайтынын білдірді. 1941ж. шілдеде КСРО мен Ұлыбритания Германияға қарсы соғыста бірлесіп қимыл жасау туралы келісім жасасты. 1941ж. күзде Москвада өткен конференцияда Ұлыбритания мен АҚШ-тың таяудағы тоғыз айда Кеңес Одағына беретін қару-жарақ көмегі туралы шешім қабылданды. Сөйтіп, Гитлерге қарсы одақтың негіздері қаланды. 1941 ж. Москва шайкасы Гитлердің "Қауырт соғыс" жоспарын жоққа шығарды. Москва шайқасына Қазақстанда құрылған 11 әскери құрама катысты. Волоколам бағытын қорғаған 16-армияның құрамында генерал майор И.В.Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясы ерекше көзге түсті. Қазақстандық 238-атқыштар дивизиясы Тула маңында, 312-атқыштар дивизиясы Малоярославец бағытында, сонымен қатар 387, 391-атқыштар дивизиялары, 105-атты әскер дивизиясы және 75-теңіздік атқыштар бригадасы Москваны қорғауға қатысты.
Панфиловшы батальон командирі, аға лейтенант Бауыржан Момышұлы әскери шеберлік үлгісін көрсетсе, М.Ғабдуллин, Т.Тоқтаров ерлігімен көзге түсті. 1942ж. жазда одақтастар Еуропада Германияға қарсы екінші майдан ашуға келіскен болатын. Бірақ көп ұзамай екінші майдан ашу мерзімі 1943 жылдың көктеміне қалдырылды. Бұл кезде Германия мен оның одақтастарының старатег жоспары Кавказ бен Сталинградка шабуыл жасап, маңызды әскери-экономикалық орталықтарды бөлшектеуге негізделді. Бұл мақсатта немістер 178 дивизия мен 8 бригада, одақтастары 29 дивизия мен 12 бригада жасактады. 1942ж. 28 маусымда дұшпан Еділ мен Солтүстік Кавказға бет алды. Неміс бөлімдері қорғанысты бұзып өтіп, кеңес әскерлерінің бір бөлігі қоршауда қалды. Шілденің ортасында немістер Донға жетті. 1941-42ж. жау басып алған батыс облыстар аса қиын кезеңді бастарынан өткерді. Гитлерлік әкімшілік жергілікті өкімет органдарын құрып, старосталар тағайындады, полиция ұйымдастырды. Арнаулы шаруашылық инспекциялары азық-түлікті, қымбат заттарды, ресурстарды реквизициялады. 5 млн-ға жуық кеңес адамдары Германияға ықтиярсыз жұмыс істеуге әкетілді. Жергілікті тұрғындар жолдарды тазарту және минадан аршу, бекіністер салу жұмыстарына пайдаланылды. 1942 жылдың жазы мен күзінде гитлершілдер тұрақты әскерлерінің 24 дивизиясын майданнан алып, оларды партизандармен күресте пайдалануына тура келді. Қазақстандықтар (Қ. Қайсенов, Ғ.Ахмедьяров, А.С. Егоров, Н.В. Зебницкий, Ф.Ф. Озмитель, Ә.Шәріпов, Н.А. Морозов, С.Телешов, В.И. Шаруда, Ж.Саин, Т.Жұмабаева, Н.Байсейітова, З.Хусанов, т.б.) Украина мен Белоруссияда, Смоленск жерінде, Ленинград облысындағы партизан соғысына, шет елдердегі қарсыласу қозғалысына белсене қатысты.
Соғыстың екінші кезеңіндегі (1942ж. 19 қараша 1943 жылдың аяғы) Сталинград шайқасы жаудың таңдаулы әскерлерін талқандап қана коймай, Ұлы Отан соғысы мен II дүниежүзілік соғыс барысында түбегейлі бетбұрыстың басталуына жағдай жасады. Қазақстан Сталинград майданының ең жақын тылына айналды. Батыс Қазақстан қалалары мен елді мекендерінің кең көлемді бөлігі соғыс қимылдарының аумағына айналды. Атырау қорғаныс комитеті кұрылып, Орал майдан өңіріне, әуе шабуылынан қорғану пункттерінің қатарына енгізілді. Жау Қазақстан аспанында 30-ға жуық ұшағынан айрылды. Сталинград шайқасына Қазакстанда жасақталған 27, 29 және 38-атқыштар дивизиялары, 292 және 387-атқыштар дивизиялары, 81-атты әскер дивизиясы, 74-дербес теңіздік атқыштар бригадасы, 152-атқыштар бригадасы, 129-миномет полкі және 156-жеке көпір құрылысы батальоны қатысты. 29, 38-атқыштар дивизиясы көрсеткен табандылығы мен қаһармандығы үшін 72, 73-гвардиялық атқыштар дивизиясы атанды. 73-гвардиялық атқыштар дивизиясына "Сталинградтық" кұрметті атағы қоса берілді. 4 қазақстандық ұшқыш Н.Әбдіров, полк командирі Т.С. Позолотин, взвод командирі Г.Г. Рамаев және минометші К.Сыпатаев Кеңес Одағының Батыры атағымен марапатталды. Кавказды жаудан қорғау Сталинград шайкасымен өзара байланыста жүзеге асты. Кавказ үшін соғыста фашистер 400 мыңдай адамын, көп мөлшерде әскери техникасын жоғалтты. 1943ж. 23 тамызда Харьковтың азат етілуімен 50 күн мен түнге созылған атақты Курск шайқасы аяқталды. Курск түбіндегі жеңіс және Днепрден өту Ұлы Отан соғысында түбегейлі өзгеріс жасады. Фашистік Германия стратег үстемдіктен айырылып, қорғанысқа көшуге мәжбүр болды. Курск шайкасында қазақстандық 72 және 73-гвардиялық дивизиялар мен 8-атқыштар дивизиясы асқан ерлік көрсетті. 1943ж. 28 қараша 1 желтоқсан аралығында Тегеран конференциясы болды. Оған КСРО, АҚШ, Ұлыбритания мемлекеттерінің басшылары: Сталин, Ф.Д. Рузвельт, Черчилль, сыртқы істер министрлері, штаб басшылары, т.б. кеңесшілер қатысты. Күн тәртібінде соғыстың барысы мен соғыстан кейінгі бейбітшілік мәселелері талқыланды.
Соғыстың үшінші кезеңі (1944 ж. қаңтар 1945 ж. 9 мамыр). Ленинград шайкасы нәтижесінде 1944 ж. Ленинград қаласы мен облысы тегіс жаудан азат етілді. Ленинградты қорғауға, оның түбіндегі жау әскерлерін талқандауға қазақстандық 310, 314-атқыштар дивизиялары қатысты. Ленинградты қорғау соғыстарына қатысқан С.Баймағанбетовке асқан ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Қазақстан халқы Ленинградтықтарға азық-түлік пен делегациялар жіберді. Жамбыл Жабаевтың "Ленинградтық өренім!" атты жалынды жыры жауынгерлерді жігерлендірді. 1944 жылдың 1-жартысында Қызыл Армия ірі жауынгерлік операцияларды табыспен жүргізді де, майданның кейбір бөліктерінде Кенес Одағының мемлекеттік шекарасына шықты. 1944 ж. 6 маусымда одақтастар екінші майданды ашып, Солтүстік-Батыс Францияға экспедиция күштерін түсірді. 1944 жылғы күзге қарай кеңес әскерлері КСРО шекарасына жетті. Кеңес әскерлерінің соққысынан гитлерлік блок біржола күйреді. Германия 1944 жылдың 2-жартысында үш одақтасынан Румыниядан, Болгариядан және Финляндиядан, ал 1945 жылдың басында Венгриядан айырылды. Соғыс Батыс Еуропа аймағында жалғасып, 1944 жылдың жазы мен күзінде Румыния, Болгария, Югославия, Албания, 1945 жылдың қысы мен көктемінде Польша, Чехословакия, Венгрия, Австрияның шығыс бөлігі, Норвегияның солтүстігі жаудан азат етілді. 1945ж. 4-11 ақпанда КСРО, АҚШ және Ұлыбритания үкімет басшыларының Қырым конференциясы етті. Бұл конференцияда Германияны біржолата талқандаудың әскери жоспары және дүние жүзінің соғыстан кейінгі құрылымының негізгі принциптері, сондай-ақ Еуропадағы соғыс аяқталғаннан кейін КСРО- ның Жапонияға қарсы соғысқа кірісуі туралы құпия келісім жасалды.
Берлин операциясы барысында кеңес әскерлері 2 мамыр күні Берлинді басып алды. Империя кеңсесінің жер астындағы бункерінде Гитлер Берлин кұлардан екі күн бұрын өзін-өзі өлтірді. Мамырдың 8-інен 9-ына қараған түні герман жоғары командованиесінің өкілдері Германияның сөзсіз тізе бүккені туралы актіге қол қойды. Рейхстагқа шабуыл жасауға қазақстандық 756-атқыштар полкі қатысты. Ғимаратқа бірінші болып лейтенант Р.Қошқарбаев пен қатардағы жауынгер Г.Булатов ту тікті. Алайда, Чехословакия мен Австрия аумағындағы неміс әскерлерінің топтары қаруларын тастамады. Кеңестік танк бөлімдері 9 мамырда Праганы жаудан азат етіп, Ұлы Отан соғысы аяқталды. 9 мамыр Жеңіс күні болып жарияланды. Берлин операциясында көрсеткен аскан ерліктері үшін 26 қазақстандыққа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ұшкыш Т.Бигелдинов бұл атаққа 2-рет ие болды. Фашистік Германияны жеңудің құрметіне Москвада Қызыл Алаңда 1945ж. 24 маусымда жеңіс шеруі өткізілді. 1945 ж. 17 шілде - 2 тамыз аралығында КСРО, АҚШ және Ұлыбритания үкімет басшыларының катысуымен Потсдам конференциясы болды. Оның жұмысына Сталин, Г.Трумэн, Черчилль (кейіннен К.Эттли) қатысты. Потсдам конференциясы Германияның соғыстан кейінгі құрылымы, Польша шекаралары, т.б. мәселелерді қарады. Соғыстан кейін болған Нюрнберг процесі гитлершілердің адамзатқа қарсы жасаған аса ауыр қылмыстарын ашып, әшкереледі.
Ұлы Отан соғысының салдарлары. Фашизмді талқандауда КСРО кұрамындағы халықтар шешуші рөл атқарды. Германия мен оның одактастарының кеңес-герман майданындағы адам шығыны 8 млн. 646 мыңға жетті. Соғыс ірі қолбасшыларды (Г.К. Жуков, К.К. коссовский, И.С. Конев, А.М. Василевский, И.Х. Баграмян, т.б.) дайындап шығарды. 7 млн-нан астам адам орден, медальдармен марапатталды. 12 мыңдай адам (86-сы әйелдер), оның 104-і екі мәрте Кенес Одағының Батыры атағын алды. 500-дей қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Шығыс әйелдері арасынан бірінші болып Мәншүк Мәметова мен Ә.Молдағұлова Кеңес Одағының Батыры атанса, ұшқыштар Бигелдиновке, Л.И. Бедаға, И.Ф. Павловка, С.Д. Луганскийге бұл атақ 2-мәрте берілді. Ұлы Отан соғысында Кенес Одағының 1710 қаласы күл-талқан болды, 70 мыңнан астам село мен деревня ертенді. Ауыл шаруашылығында егістік жерлер 36,8 млн. га-ға қысқарды,елдің онсыз да нашар техникалық жабдықталуы күрт төмендеп кетті. Кеңес Одағы ұлттық байлықтың 30%-ынан айрылды. Алдын ала есептеулерге қарағанда, Кеңес Одағы Қарулы Күштерінің адам шығыны - қаза тапкандар, жарақаттан және аурудан өлгендер, хабарсыз кеткендер, тұтқыннан қайтпағандар, Жапониямен соғысты қоса есептегенде 8 млн. 669 мың адамға жетті. Кеңес Одағы халқының тікелей және жанама шығыны 50 млн-ға жуық адам болды, оның тікелей және жарадан қаза болғандары, тұткында қаза тапқандары бар 27 млн. адам еді. Қазақ халқының Ұлы Отан соғысында қаза тапқан адамдарының саны - 350 мың. Бұл шығын ұзақ жылдар бойы елдің демографиялық жағдайына ықпал етті.
Достарыңызбен бөлісу: |