Тақырыбы №8. Сарыарқа өңірінің тарихи топонимикасы



Дата07.01.2022
өлшемі17,94 Kb.
#19748
Байланысты:
Тарихи топонимика 6.11.2020


Тақырыбы №8. Сарыарқа өңірінің тарихи топонимикасы.




Автор

Дата

Сұрақтар:

1.     
Тарихи топономика дегеніміз не?.


2.     
Топонимдік атауларды мазмұнына


қарай біренеше топқа біріктіруі туралы айтындар

3.     
Географиялық немесе басқа да


терминдер арқылы қойылған топонимдер?


Тапсырма:

1. Сарыарқа


өңірінің географиялық топонимдерінің зерттелуі бойынша  қортындылар жасандар.

2. Сарыарқа


ландшафттары топонимиясының қалыптасуының тарихи- географиялық жағдайларына
талдау жасау.


Әдебиет:


2,3,4,9,10,12,15,16,17.







Cұрақтар:

  1. Тарихи топонимика дегеніміз не? Бұл ғылым саласы, біздің ойымызша, белгілі бір жерлерде немесе кез келген жерлерде адамдардың өміріне, тұрмыс-тіршілігіне маңызды оқиғалар болып, олар тарихқа айналады. Тарихи топонимика саласының басты мақсаты – сондай топонимдерді анықтап, ол жерлерде болған оқиғаларды сипаттау. Біріншіден, топонимдердің атауында тарихи оқиғаның болғандығы туралы мəлімет беріліп тұруы мүмкін. Қарапайым мысал келтірейік: «Қалмаққырылған», яғни осы арада қалмақ əскерлерінің соғыста жеңіліс табу оқиғасы туралы мəлімет сақталып тұр. Мұндай топоним атауы белгілі тарихи тұлғалардың атымен де аталуы мүмкін. Мысалы, «Ағыбай өткелі» — бұл жерде Кенесары көтерілісінің белді батыры Ағыбай туралы мəлімет сақталған немесе «Құнанбай қонған» — мұнда белгілі тарихи тұлға Қарқаралы аға сұлтаны Құнанбай туралы мəлімет беріледі. Екіншіден, жер-су атауларынан тарихи оқиғалардың болғандығын анықтау мүмкін емес болады. Мұндай жағдайда əр түрлі тарихи деректерде кездесетін топонимдер мен сол жерде болған оқиғаларды анықтау қажеттігі туады. «Бұл үрдіс тарихи деректерді қайта сипаттауға айналып кетпей ме деген?» заңды сұрақ тудырады. Əрине, бұл осындай жағдайға алып келуі мүмкін. Бірақ, ол үшін тарихымыздың дерек қоры сұрыпталып, жан-жақты талдаудан өткізілген болса, онда тек аталмыш жер-су атауларын карта бетіне түсіру жəне тарихымызды картаның көмегімен түсіндіру мəселесі ғана зерттеушілерді толғандырар еді. Ал, əзірге Қазақстан тарихы тəуелсіз Республика болғаннан бері жаңадан жазылып жатқанын, Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың бастауымен «Мəдени мұра» бағдарламасы негізінде ел тарихының деректерін жинақтау жəне ғылыми айналымға енгізу мəселесін алға қойылғанын ескерсек, тарихи топонимдерді зерттеу арқылы қазақ тарихының əлі де болса белгісіз немесе түсініксіз тұстарын анықтауға болады деп есептейміз.

  2. Жер-су атауларын келесідей ретпен топтастырады:

  • гидрографиялық: мұхит, теңіз, өзен, көл, тоған, арық, құдық атаулары;

  • орографиялық: тау, шың, биік, төбе, асу, жазық, орман, тоғай атаулары;

  • микротопонимдер: шалғын, батпақ, жайылым, төбешік жəне елді мекен, ауыл, тұрақтардың атаулары;

  • астионимдер: қала атаулары

  1. Географиялық атаулар мен қымбат металдардың аты бойынша: жайық, еділ, сарытоғай, көкше, ақтас, қайнар, алтын, темір, болат, болатшы жəне т.б.

Тапсырмалар:

  1. Кез келген елдің өткені мен бүгінінің сабақтастығы оның жер-су атаулары — топонимдері арқылы көрініс табады. Қазақ елінің де жер-су атаулары халықтың сан ғасырлық тарихынан сыр шертеді. Осы себепті де жəне еліміздің басынан өткен «сан қилы» заманда көптеген топонимдердің өзгеріске ұшырауына, ұмыт болуына байланыста да жер-су атауларын зерттеу бүгінгі күні өзекті мəселелердің біріне айналып отыр. Қазақ ономастикасының жетістіктері мен болашағын зерделеген бағдарламалық жинақта да осы ой алға тартылған: «Бір жағынан, төткүл дүние ел мен жер, мемлекетті ең алдымен оның белгілі тұлғаларының есімдері мен жаһанға əйгілі жер-су таулары арқылы танитын болса, сондай-ақ ғылым мен білімді байыту көзі болса, екіншіден, ономастикалық мағлұматтар халқымыздың, өсер ұрпақтың ел жандылығын, өз еліне деген мақтаныш сезімін тербейтін, тəрбиелік рухани, мəдени маңызы аса зор фактордың біріне саналады». Қарағанды облысы бойынша жүргізіліп жатқан топонимикалық зерттеулердің негізінде 9 ауданның топонимикалық сөздігін құрастыру жүргізілді . Сөздікті құрастыру барысында атаулардың классификациясы мен типологиясын жасау қажеттілігі туындап, əрбір аудан территориясындағы атауларды төменгідей түрде 4 бөлімге жүйеленді: 1) елді-мекен атаулары (ауыл- қыстау); 2) сулы жер атаулары (өзен-көл, бұлақ-құдық, тоған); 3) таулы жер атаулары (тау-тас, құз- шатқал, сай-сала, шың, биік, дөң, қырат, белес, адыр); 4) ғұрыптық ескерткіштер атаулары (бейіт, күмбез, мола, кесене, зират, қорым, құлпытас).

  2. Тарихи өткеніміздің белгісі болып табылатын 120 астам діни-ғұрыптық сипаттағы архитектуралық ескерткіштер белгілі бір жерге орналаскандықтан, топонимдік қызмет атқарып тұр. Мұндай ескерткіштердің хронологиялық шеңбері ерте ортағасырлардан ХХ ғасырдың бастапқы кезіне дейінгі аралықты қамтиды. Олардың ішінде ерте ортағасырлық дəуірге жататындары Домбауыл дыңы, Қара дың, Қосүйтас атаулары мазмұны жағынан аталмыш дəуірдің ескерткіштеріне жатқызылып отыр. Ə.Марғұланның жазуы бойынша, «тастан өріп жасаған биік дың архитектурасының жиі кездесетін жері — Орталық Қазақстан, оның ішінде Ұлытау ауданы. Бұл өлкеде онға тарта не бүтін, не бұзылып жатқан ескерткіш іргелері көрінеді» . Мұндай ескерткіштердің жасалу уақытына байланысты ғалым келесідей тұжырым жасайды: «Тастан дөңгелек үйлер, мұнаралар жасау Ғұн, Түрік қағанаты кезінде ерекше орын алған» жəне де бұл атаулардың өзі де сол ортағасырлар дəуірінен сақталып келе жатқаны да белгілі болып отыр: «Қыпшақ пен оғыздар төбесінде күмбезі бар ондай дөңгелек тас үйлерді «дың», «діңгек», «үй тас» деп атаған, ол сөздер қазақ пен түркімен тілдерінде сақталған» . Сонымен қатар оғыз-қыпшақ дəуірінің ескерткіштері де Ұлытау өңірінің топонимикалық жүйесін құрайды. Олардың ішінде ең белгілері Болған ана, Белең ана, Талмас ата болып табылады. Мысалға, Талмас ата кесенесі ескерткіш ретінде өмір сүруін тоқтатып, қазіргі күнде тек топоним ретінде сақталып отыр. Бұдан басқа, Ұлытау өңірінде монғол дəуірінен сақталып қалған тарихи ескерткіштер де орын алып отыр. Олардың ішінде ең маңыздылары Жошы хан кесенесі, Келінтам кесенесі.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет