Тақырыбы: Абай өлеңдеріндегі түр-түс концептісі кіріспе жұмыстың өзектілігі


Күңгірт көңілім сырласар Сұрғылт



бет20/21
Дата06.01.2022
өлшемі160 Kb.
#12899
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Абай олендериндеги тур тус

Күңгірт көңілім сырласар

Сұрғылт тартқан бейуаққа,

Төмен қарап мұңдасар,

Ой жіберіп әр жаққа.(Көлеңке басын ұзартып, 205 бет).
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.

Сұр бұлт тек бұлттың түсін ғана сипаттап тұрған жоқ, сонымен бірге ызғар, күзгі суық, жаңбырлы, қыс ызғарының лебі сұр түс арқылы бірге өріледі.

От жақпаған үйінің сұры қашып,

Ыстан қорыққан қазақтың құрысын заңы. (Күз,52 бет)

Сұры қашып, күйісі кетіп, берекесі кетіп деген ауыспалы мағынада жұмсалған.



Сұрғылт тұман дым бүркіп

Барқыт бешпент сулайды.

127 бет (Сұрғылт тұман дым бүркіп)

Тұманның түрі ғана емес, суықтық та беріледі.

Демек, кез – келген мәдениеттегі түр-түс өзіндік символдық мәнге ие болып келеді. Бұл тәрізді символдар адам баласының сан ғасырлық тәжірибесінен қорытылып шыққан, тарихи жағынан қалыптасқан белгілі бір түсініктің, философиялық ой мен ұлттық дүниетанымның жемісі.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қай халықтың болмасын, тұрмысы мен танымындағы бар дүние сол халықтың жадында сақталып, тек тілінде ғана көрініс табады. Тіл арқылы мәдениетті: халықтың тарихын, салт-дәстүрін, мінезін, менталитетін танимыз. Халықтың дүниетанымы негізінде қалыптасқан мәдениеттің кейбір құпия сырлары тілдегі символ сөздерде жасырынған. Қазақ халқының ұлттық танымында қалыптасқан әрбір түр-түстік символдар халықтың рухани-материалдық мәдениетінен де, салтынын да орын алады. Бұл әр халықтың түр-түс табиғатын өзінше танып, өзінше анықтап, өз тілінде ат қойып, күнделікті қолданысына енгізуіне байланысты болса керек. Әлем бейнесі мен ұлттық мәдениет, халықтың салт-дәстүрлері мен сенімдері, сол тілде сөйлейтін халық тарихы көрініс табатын кез-келген халық ұғымындағы түр-түстік символдар баға жетпес лингвистикалық қазына болып табылады. Мәдениет ұғымының кең мағынада қолданылатыны белгілі.

Қазақ тіліндегі түр-түс атауларының атқаратын қызметі мен аңғартатын мағынасы мен мәні сан алуан. Түр-түс атауларының бұл қасиеті жай уақытта байқала бермейтін, бірақ тілдің ұзақ даму тарихында қалыптасып қолданысқа енген, оның күші мен құдіретін, әсерлілігі мен әсемдігін танытатын қасиет. Түр-түстердің бұл қасиетін тілдің ішкі заңдылығына, табиғатына сүйене отырып қарастырғанда, түр-түс атауларының түстік мағынасынан тыс ауыспалы мағынасының өзі бірдей емес екендігін байқадық. Біздің қарастырғанымыз Абай Құнанбаев өлеңдеріндегі түр-түстік символдар. Түр-түс лексемаларының табиғаты ерекше, ол ерекшелік символ-сөздің танымдық, ұлттық, мәдени, фондық мағыналарын сол тілде сөйлейтін халықтың дүние тануымен, құбылыстарға баға беруімен, әлемнің тілдік бейнесімен тығыз байланысты. Түр-түстердің қоғамда, ондағы әдет-ғұрыптарда, дәстүрлерде, белгілі бір ұлтта, кейде жеке тұлғаның түсінігінде өзіндік орны болады.

Мәселен, ақ сөзімен келген тіркестердің мазмұны қазақ халқының ұлттық дүниетанымында қасиеттіліктің символдық галереясын сомдайды. Қара сөзі тіркескен сөзіне орай бірде қайғы, қаза, өлімнің, жамандықтың, арамдықтың белгісі, бірде қара сөзі қасиеттілікті, киелілікті, қарапайымдылықты аңғартады Халқымыздың жанына жақын түстердің бірі – қоңыр түсі мінезге тән қарапайымдылық пен момындықты белгілейді. Сары түсіне байланысты ұғым-түзілімдердің басқаларға қарағанда азырақ болуы да қазақ халқының менталитетіне, көзге ерекше түсіп жүруді қаламағандығына байланысты болса керек. Ал көк түс қашан да қазақ халқы үшін биіктікті, адалдықты, тұрақтылықты, мәңгілікті сипаттайды.

Қорытындылай келгенде, тіліміздегі түр-түстер өздерінің символикалық қасиеттері арқылы түр-түске мүлдем қатысы жоқ не одан бүгінде тым алыстап кеткен ұғым-түсініктерді, мән-мағыналарды білдіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет