Тақырыбы: Абай өлеңдеріндегі түр-түс концептісі кіріспе жұмыстың өзектілігі



бет17/21
Дата06.01.2022
өлшемі160 Kb.
#12899
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Абай олендериндеги тур тус

Ала жылан, аш бақа күпілдектер

Кісі екен деп ұлықтан ұялмай жүр.

Ақын өлеңіндегі ала түсі мұнда өмір, тіршілік, қарама-қайшылық сияқты ұғымдармен байланысты алынады. Мына өлең жолында «ала» лексемасы түсті ғана білдіріп тұрған жоқ, жылан сөзімен, яғни метонимиямен қатар келіп, зұлымдық, жаманшылықты береді.



Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?

Аласы аз, қара көзі айнадайын,

Жүрекке ыстық тиіп салған сайын,

Үлбіреген ақ етті, ашық жүзді,

Тісі әдемі көріп пе ең қыздың жайын?

(Білектей арқасында өрген бұрым,87 бет)

Ала – тура мағынасында да қолданылған.

Демек, ала түс ақ пен қара түстерінің араласуынан туған тура мағынасының негізінде абстракцияланып, бір жақты емес мәндерімен астасып жатады.

Халқымыздың жанына жақын түстердің бірі – қоңыр түс. Қоңыр түстік мағынасынан басқа мынадай:қоңыр күй, қоңыр дауыс, қоңыр күз, қоңыр кеш, қоңыр жел, қоңыр қабақ, қоңыр саз, қоңыр самал, қоңыр салқын, қоңыр тірлік, майда қоңыр, қоңыр дала сияқты тіркестермен келіп, әр түрлі құбылыстың небір жанға жайлы, құлаққа жағымды,жүрек тебірентетін нәзік те әсем сәттерін, өмір-тіршіліктің жайбарақат, мамыражай, кейде тіпті жұпыны да сыпайы қалпын суреттейтін ерекшеліктері көзге түседі. Осы бір қоңырлық халқымыздың мінезіне тән қарапайымдылығы мен момындығын сездіретін тәрізді. Халқымыздың жанына жақын түстердің бірі – қоңыр түсі.

«Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» қоңыр түсіне байланысты тура және ауыспалы сөздер тізбегі берілген, мысалы: қоңыр, қоңыр ала, қоңыр аю, қоңыр ән, қоңыр бел, қоңыр дауыс, қоңыр жел, қоңыр жүз, қоңыр көлеңке, қоңыр күз, қоңыр қаз, қоңыр леп, қоңыр салқын, қоңыр тарту, қоңыр үн». Қоңыр – жер түсі, тірлік, өмір бейнесі. Қазақ нанымында бұл түс ерекше орын иеленеді. Қоңыр– алдымен қауіпсіздік, тыныштық, мамыражай тірлік белгісі. Қоңыр сөзі түстік мағынадан басқа мынадай: қоңыр күй, қоңыр дауыс, қоңыр күз, қоңыр жел, қоңыр әңгіме, қоңыр қабақ, қоңыр тірлік, қоңыр сөз, қоңыр самал, қоңыр дала, қоңыр салқын, қоңыр кеш, қойдай қоңыр, майда қоңыр сияқты тіркестермен келіп, әртүрлі құбылыстың небір жанға жайлы, құлаққа жағымды, жүрек тебірентетін нәзік те әсем сәттерін, өмір, тіршіліктің жайбарақат, мамыражай, кейде тіпті жұпыны да сыпайы қалпын суреттейтін ерекшеліктері көзге түседі. Мысалы: қоңыр кеш, қоңыр үн, қоңыр үй, қоңыр көлеңке, қоңыр төбе, қоңырқай көз, т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет