Ерік туралы спиритуалистік түсінік
Ерік туралы спиритуалистік түсінік мінез-құлықтың шын күмәнсіз формалары мен құбылыстары да лақтырылып тасталуы керек деп ойлау қате болар еді. Оны байрығы психолгия бұрыс талқылап, сипаттаған еді. Бұл мағынада Геффдинг ырықсыз іс-әрект ырықты іс-әрекеттің негізі мен мазмұнын құрайды деген. Ерік еш нәрсені жасамайды, ол құрамайды, әрқашан тек өзгертеді және таңдайды. Ол «ерік өзге психикалық процестердің ағымына процестердің өзіне тән заңмен араласады» деді.
Психоаналитикалық зерттеулер
З.Фрейд пен Э.Фроммның психоаналитикалық зерттеулерінің нәтижесінде «ерік адам қылықтарына дем беруші» ерекше қуат деген түсінік ғылымға енді. Бұл ғалымдардың болжамынша, адам қылықтарының көзі психикалық формаға келтірілген жанды ағзаның қандай да биологиялық қуаты. Ал бұл қуат, З.Фрейдше, санадан тыс, ақылдан алшақ, «либидо» (махаббат) жыныстық құмарлықтың психо-сексуальды энергиясы. Мұндай тұжырымдаумен З.Фрейд адам қылығын осы тіршілік жалғастырушы, яғни «либидоның» «мәдениеттестірілген» алғашқы көрінісі (эрос) деп, ал кейін бұл қылық адамның арғы дүниеге (өлімге) ұмтылысының белгісі (танатос) екнін түсіндіріп бақты.
И.М.Сеченов пен И.П.Павлов
Еріксіз әрекеттердің физиологиялық негізі болып табылатын шартсыз байланыстар тізбегі –инстинкт әректі ырықсыз орындалады. Психологияның табиғи – ғылыми негіздерін қалаған И.М.Сеченов пен И.П.Павловтың ілімі ерікті әрекеттердің негізі мұндағы материалдық процестер, сыртқы әсер мен мидың уақытша байланыстары шартты рефлекстер деп түсіндіреді. И.М.Сеченов ерікті әрекеттердің физиологиялық механизімін зерттей отырып, адамның ассоциациялық рефлекстердің жиі қайталану жолымен өзінің қимылдарын жіктеп ажыратуға бейімделетіндігін және сол рефлекстер арқылы қимылдарын тоқтатын қабілетерді игеретіндігін дәлелдейді. Ал И.П.Павлов ерікті әрекеттердің механизімін жоғары жүйке қызметінің барлық заңдарына бағынатын, шартты ассоциациялық процесс деп анықтайды.
Нағыз ерікті әрекет адамның алға қойған мақсатына жету үшін белгілі тоқтамға келіп, шешім қабылдауынан көрінеді.
Әрине, адам белгілі шешім қабылдап, оны жүзеге асыру жолдарын жоспсрлап алғанымен, көптеген объективті, кездейсоқ қиыншылықтарға ұшырайды. Мұндай жағдайда қолайлы жағдай туғанша, адамның өзі қабылдаған шешімін қоя тұруына тура келеді. Алайда, қажеттілігін қалайда орындау үшін ол оған барлық саналы еркін бағыттайды. Күш салуда адам:
а)мақсатына жете алмағанына қайғырады, бұл мінездегі ерікті әрекетінің көрінісі.
ә)іштей ойланып, бойын мақсатына жетуге деген борыштық сезім билейді, ал борыштық сезімнің көбеюі – азаматтық сана.
Шешімдердің бөліну теориясы
Ерік-жігерді шынықтыруға бола ма?
Әрине, болады! Бұлшықетті шымыр ету үшін оны үнемі шынықтырып, қажетті жаттығуларды қайталап отыру керек. Дәл сол сияқты ерік-жігерді шынықтыру үшін де қалыптастыруды қажет ететін әдетті күнде қайталаған жөн. Мысалы, ерік күшін шыңдауға көмектесетін мынандай жаттығуларды жасаңыз.
№1 ЖАТТЫҒУ: «Спортпен шұғылдану»
№2 ЖАТТЫҒУ: «Пайдасызды пайдалыға алмастыру»
№3 ЖАТТЫҒУ: «Декларация қабылдау»
№4 ЖАТТЫҒУ: «Заттардың тәртібі»
Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |