Кез-келген компьютерлік желіні құру үшін маңызды есептерді шешуден бастау керек:
Кез-келген компьютерлік желіні құру үшін маңызды есептерді шешуден бастау керек:
• Құрылатын желінің мақсатын анықтау; • Желінің топологиясын анықтау; • Желіге тасымалдау ортасын және рұқсат әдісін таңдау; • Желілік аппараттық және программалық қамтамасыз етуді таңдау; • Басқаруды ұйымдастыруды таңдау.
Компьютерлік желіні құру кезіндегі мақсат - оны құру кезіндегі негізін салушы тапсырма болып табылады. Берілген тапсырманы дұрыс шешу тек қана құрылатын желінің нәтижелігіне әсер ете қоймайды, сонымен қатар аппараттық және программалық қамтамасыз ету желісін алудың мақсатқа лайықтылығының экономикалық есептеуін жүргізуге мүмкіндік береді. Желінің топологиясын таңдау, оның ішіндегі қажетті есептеу және информациялық процестердің мақсаты мен мінезіне қатысты орындалады.

Қазіргі уақытта желілік конфигурацияның екі негізгі түрі қарастырылады:
• Хабарды кең тарататын (широковещательный) • Біртіндеп тарататын (последовательный). Хабарды кең тарататын желіде әрбір дербес компьютер кез-келген компьютермен қандай да бір шектеулерсіз мәлімет алмаса алады деп ұйғарады.
Топологияның бұл типі компьютерлік желінің логикалық және программалық структурасын оңайлатуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, желіге қосылған компьютерлердің біреуінің істен шығуы,желінің жұмысқа қабілеттігін бұзбауы,желінің сенімділігін арттырады. Алайда кабельдік шинаның бұзылуы мұндай желідегі ақауды іздеуді қиындатады. «Ортақ шина» топологиясы бар желіде мәлімет алмасуды ұйымдастыру мәліметті селекциялау әдісі арқылы жүзеге асырылады. Берілген топологияның нақты желілерде қолданылуының мысалы ретінде «Квант-С» және Ethernet (АҚШ) желілерін қарастыруға болады. Біртіндеп тарататын конфигурацияда әрбір компьютер желіде тек қана бір компьютермен мәлімет алмасу жүргізеді. Берілген кластың топологиясының үлгілерінің бірі болып «сақина» (ring) топологиясы саналады. «Сақина» топологиясы жоғары өткізгіштік қасиетті, желідегі энергия жұмсалуының аздығын және қарапайым басқару әдісін қамтамасыз етеді.