Тақырыбы: Африка. Материк жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. Зерттелу тарихы. Мақсаты



бет7/13
Дата07.01.2022
өлшемі83,67 Kb.
#20227
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
қмж

Күтілетін нәтиже

Оңтүстік Америка ішкі суларының ерекшеліктерін, Атлант және Тынық мұхиттар алаптары өзендерінің ерекшеліктерін көрсетеді, өзен сипаты мен көлдер торын анықтайды.

Дереккөздер, құрал-жабдықтар

Оқулық, Атлас және кескін карта 7кл, «Қызықты география» Алина Әлімжанова Алматы-2011, «Географиялық аймақтар» балаларға арналған танымдық энциклопедия.

Сабақтың барысы

уақыты

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе


17

мин


Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушылармен амандасу
- Оқушы назарын сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау:

Кесте арқылы

Клим. белдеу

Географ. орны

Климат типі

Орташа t0

Орташа ж-ш мөлшері

Экваторлық белдеу

Амазонка ойпаты мен Тынық мұхитының экватор сызығынан солтүстікке қарай

Экваторлық ылғалды

Жыл бойы +250-тан төмен түспейді.

Жыл бойы мол, амазонкада 1500-3000 мм, Тынық мұхит жаңалауында 3000 мм-ден артық































Торнадо, шаңды дауылдар, ураган дегеніміз не?

Оқушылар мұғаліммен амандасады. Оқушылар назарын сабаққа аударады. Үй тапсырмасына материктің климатын әңгімелей отырып жауап береді. Кестені толтырады. (ауызша) Кескін картаны бір-біріне тексертеді.

Торнадо – жылдамдығы сағатына 800 км-ге жететін және кенеттен пайда болатын мен құйын тәрізді қозғалатын дауыл.

Шаңды дауылдар – шаңмен бірге жүретін күшті желдер.

Ураган – Атлант мұхиты жағалауындағы тропиктік ендіктерде жаздың аяғы мен күздің басында мұхиттан соғатын өте күшті апатты дауылдар.



Тұсаукесер


5 мин

Жаңа сабақ.

 «Миға шабуыл»

1. Оңтүстік Американы қандай мұхиттар шайып жатыр?

2. Материктің қандай ірі өзендерін білесіңдер?

Оңтүстік Америка материгін молы сулы өзендерге, тұщы сулы терең көлдерге бай екенін, алаптар жайында айтып береді.


Оқушылар мұғалімді тыңдап, сұрақтарға жауап береді. Оқушылар тақырыпты айқындайды.

Негізгі бөлім


18 мин

Мәтінмен жұмыс:

Мәтінді оқи отырып керек жерлерін белгілеуді тапсырады.



Жұптық жұмыс.

Бірін-бірі оқығандары туралы сұрақ-жауап арқылы пікір алмасу.

Атлант мұхитына құятын өзендердің ерекше басым болатынын, Атлант мұхитына құятын өзендер ағынынан 12 есе асып түсетінін оқушыларға айтып береді. Анд тауларындағы ішкі тұйық ағын алабы шамалы ғана ауданды қамтиды. Өзендердің су жинау ерекшеліктері мен маусымдық құбылыстарға байланыстылығын білу үшін оқушыларға атластағы және оқулықтағы климаттық карталар бойынша жауын-шашын мөлшері мен олардың өзендерінің су жинау алаптарында қандай маусымда жауатынын анықтау қажет.

Мұғалім үндістер тілінен аударғанда «Парана» - теңіздің анасы, «Ориноко» - өзен деген мағыналарды білдіретінін айтады.

Гвиана таулы үстірттіндегі Ориноко өзеніне келіп құятын Чурун өзенінің тармағы Карониде д.ж. ең биік сарқырама Анхель (биіктігі 1054м), ал Парананың саласында д.ж.тағы бір ірі сарқырама Игуасу (80м) бар. Оңтүстік Америка өзендері су энергиясының қорына өте бай. Амазонка өзеніне толығырақ сипаттама беру керек.

Амазонканың су жинау алабының ауданы Аустралия жерінен аз ғана кем екенін айтқан жөн, оның 5 млн.км2-ден астамын Амазонка ойпаты алып жатқанын айтады. Амазонка өзенінің су жинау алабына Амазонка ойпатынан басқа, Анд тауларының шығыс беткейі, Гвиана таулы үстіртінің оңтүстік беткейлері және Бразилия таулы үстіртінің солтүстігі мен орталығы жатады. Өзеннің негізгі ағысы экватор және 50 о.е. аралығында жатыр, онда жылына 1500-3000 мм жауын-шашын жауады. Амазонканың ең ірі салалары – Мадейра мен Риу-Негру. Амазонканың суы сарғыш және үнемі майлы келеді. Мұхитқа құйған тұсында өзен суы сағадан 300 км ұзағанға дейін сарғайып көрінеді. Өзен бір жыл ішінде мұхитқа 1 млрд тонна шамасында тұнба жыныстар алып келеді. Мұхитқа құяр жерде өзен арнасы ұлан-байтақ атырауға айналып қалады.

Мұнан кейін мұғалім Оңтүстік Америкада көлдердің аз екенін айтады. Солтүстікте бөлініп қалған тұйық көлдер Анд тауларының оңтүстігінде мұз бен жанартаулардан пайда болған шаығн көлдер бар. Материкте тектоникалық жолмен пайда болған аса ірі көл – Титикака (үндістер тілінен аударғанда «қорғасынды немесе қалайлы тау» деген сөз) орналасқан. Көл ағынды болғандықтан суы тұщы келеді. Титикака көлінің түбінде қалған қазына жөніндегі инктердің аңызы бар. Инктердің бір аңызы бойынша қазынаны испан конкистадорларының қолына түсірмеу үшін үндістер барлық алтынды жинап алып, орасан зор шынжыр құйған да, өздері түбі жоқ деп есептеген көлге тастаған. Жак Ив Кусто бастаған техника жағынан жақсы жабдықталған француз экспедициясы екі шағын қайықпен сегіз апта бойы іздеп, Титикака көлінің ешқандай да құпиясы жоқ екенін анықтады. Экспедиция «түпсіз» көлдің тереңдігі 320м екенін дәлелдеді.

Сосын айтылатын барлық көлдерін, өзендерді, сарқырамаларды картадан оқушыларға көрсетеді.



Мәтінді оқи отырып керек жерлерін белгілеп отырады.

Бір-біріне оқығандары туралы сұрақ-жауап арқылы пікір алмасады.

Оқушылар жауын-шашынның Амазонка өзені ағып өтетін экваторлық бөлігінде ғана мол жауып қоймай, сонымен қатар өзеннің бүкіл өн бойында да жыл бойы жауатынын айтып көрсетеді. Парана мен Ориноко өзендерінің алаптары үшін жауын-шашын ең көп жауатын мезгілі жаз екенін айтады

Өзендердің су жинау жолдарын анықтау үшін, оқушылар климаттық карталар бойынша шілде(қысқы) изотермаларының барысын тексереді. Өйткені өзендер жаңбырдан жеткілікті су жинайды, ал қар мен мұздық суы тек сол, қар сызығынан жоғары жатқан тау өзендерін ғана сумен қамтамасыз ететін қиыр оңтүстікке ғана тән келеді. Оқушылар физикалық картадан өзендер орта және төменгі ағыстарында ойпат арқылы ағатынын көреді. Бұл тұстарда өзен ағыстары баяу, құламасы шамалы, болып келеді. Жоғарғы ағысында өзендер таулар мен таулы үстірттерді жарып өтіп, терең шатқалдар жасайды.




Қорытынды


7 мин

Тақырып соңындағы сұрақтарды қояды.

Бағалау.


Үй тапсырмасы. § Кескін картаға материктің өзендері мен көлдерін, табиғат зоналарын түсіру.

Кері байланыс. «Талқылау бойынша серіктестер»



Алған бағаларын күнделіктеріне қойдырады. Үйге тапсырманы жазып алады.

Кері байланысты толтырады.



Сабақ талдауы












Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет