ассоциацияны, бір типті қауымдастықты құрайды. Әр түрлі қоректік топтамалар организмдерінің жиынтығы толық экологиялық жүйенің құрылымдық ансамблін аяқтайды. Экожүйе деңгейінде заттардың тұрақты айналымы және организмдер қауым-дастығының жалпы ортасының құрылуы жалғасады. Иерархияның жоғары деңгейін экологиялық және экология-экономикалық жүйелердің жиынтығы ретінде биосфера алады.
Ағза экологиясы – аутэкология
Тірі организмдер табиғи қоршаған ортаны мекендейді және оларға әр түрлі экологиялық факторлар әрекет етеді.