Синэкология немесе биогеоценология экологиялық элементтерді және биосфераны құраушы қарапайым бірліктердің: биоценоздардың, биогеоценоздардың және экожүйенің сипаттамаларын зерттейді.
Қауымдастық экологиясы –
синэкология
Экожүйе
заттық-энергетикалық және ақпараттық өзара әрекеттермен біріктірілген әртүрлі түрдегі тірі организмдердің және олардың тіршілік ету орталарының кеңістік түрінде анықталған жиынтығы.
А.Тенсли (1935ж.)
Қауымдастық экологиясы –
синэкология
Әр жер бетіндегі экожүйеге абиотикалық компонент – биотоп немесе экотоп (ландшафтылы, климаттық, топырақтық, гидрологиялық жағдайлары бірдей аумақ) және биотикалық компонент – қауымдастық немесе биоценоз (берілген биотопта мекендейтін барлық тірі организмдердің жиынтығы) кіреді.
Бір жақты қанаушылық (саңырауқұлақтар – антибиотиктер мен бактерияларды өндіруші; фитонцидтер және өсімдік зиянкестері)
+
0
Комменсализм
Бір жақты қолайлы жағдай (арыстан және күшіген – жыртқыштар; акула мен балықтар – жабысқақтар; ағаштардың бұтақтарындағы немесе қуысындағы құстар; өсімдік жемістерінің және дәндерінің таралуы)
-
-
Бәсекелестік
Тікелей қанаушылық немесе бәсекелестік ығыстыру түріндегі өзара шектеулік (қойлар және қояндар; түлкі және поляр жапалағы; орман кеміргіштерінің әртүрлі түрлері)
+
-
Ресурс-пайдаланушы
Бір жақты пайдалану (өсімдіктер және өсімдік қоректі жануарлар; жыртқыштар және олардың құрбандары (жыртқыштық); жануар-қожайын және жұмырқұрт-паразит (паразитизм)
+
+
Мутуализм (симбиоз)
Өзара қолайлы жағдай (қына – саңырауқұлақ пен балдырдың симбиозы; күрделі асқазанды күйіс қайыратын жануарлардың микроқоныстануы)
±
±
Протокооперация
Пайдаланумен араласқан өзара қолайлы жағдай (гүлді өсімдіктер және оларды тозаңдандыратын құстар мен жәндіктер; құмырсқалар)