Сигналдарды беру механизмі және рецепторларының орналасуы бойынша негізгі екі топқа бөлінеді:
Сигналдарды беру механизмі және рецепторларының орналасуы бойынша негізгі екі топқа бөлінеді:
рецепторлары цитоплазма мен ядро мембранасында орналасқан, цитоплазмалық немесе жасушаішілік әсерлесуші суда еритін гормондар ( мысалы, стероидтар, йодтирониндер, кальцитриол)
рецепторлары плазмалық мембранада орналасқан, жасушасыртылық әсер етуші немесе мембраналық әсерлесуші гормондар (мысалы, үлкен молекулалы гормондар - жасушаға өте алмайтын гормондар);
Сигналдардың табиғаты бойынша: - гормоналдық әсерді жасуша ішіне тікелей берушілер.
Биологиялық қызметі бойынша: – протеиндер, аминоқышқылдар, липидтер, көмірсулар алмасуын реттеуші гормондар (инсулин, глюкагон, кортизол, адреналин), су-тұз алмасуын реттеуші гормондар (вазопрессин, альдостерон). Кальций, фосфат алмасуын реттеуші гормондар (паратгормон, кальцитриол, кальцитонин), репродукция қызметін реттеуші гормондар (эстрадиол, тестостерон, прогестерон). Тропты әсер етуші гормондар – гипоталамустың либериндері, статиндері және гипофиздің кейбір гормондары басқа бездерден бөлінетін гормондардың синтезін реттейді.
Гормондардың жалпы қасиеттері:
Физиологиялық әсерінің қатаң түрдегі спецификалылығы (троптылығы).
Әсерінің жоғары биоактивтілігі: - гормондар өзінің физиологиялық әсерін өте аз дозада (10-6-10-10 моль\л) беретіндігі.
Әсерінің дистанттығы: - гормон әсер ететін нысана-жасуша синтезделетін орнынан алыс орналасқан.
Әсерінің генералділігі (жайылынқылығы)
Әсерінің пролонгациялануы (ұзақ мерзімділігі).
Гормондардың ағзаға физиологиялық әсері
Гормондардың ағзаға физиологиялық әсері
нің 4 типі белгілі:
- кинетикалық немесе босатушы, мысалы, белгілі бір мүшелердің қызметі атқарылуын дамыту);