Бүйрек үсті бездері жұп бездер болып табылады. Бұл эндокриндік мүше, тіршілік үшін аса маңызды. Бүйрек үсті безі екі қабаттан тұрады: қыртысты қабат және милы қабат.
Бүйрек үсті безі қыртысты қабатының гормондары
Бүйрек үсті безінің қыртысы 3 аймаққа бөлінеді: сыртқы (түбірлі), ортаңғы (бүршікті) және ішкі (торлы). Сыртқы аймағында, негізінен, минералокортикоидтар, ортаңғыда – глюкокортикоидтар, ішкіде - жыныс гормондары (андрогендер) өндіріледі.
Бүйрек үстілер қыртысты қабатының глюкокортикоидтары түзілуін аденогипофиздің АКТГ стимулдейді. Глюкокортикоидтардың қандағы артық мөлшері АКТГ синтезі мен гипоталамустың кортиколиберинінің тежелуіне әкеледі.
Бүйрек үстілер қыртысты қабатының глюкокортикоидтары түзілуін аденогипофиздің АКТГ стимулдейді. Глюкокортикоидтардың қандағы артық мөлшері АКТГ синтезі мен гипоталамустың кортиколиберинінің тежелуіне әкеледі.
Сондықтан, гипоталамус, аденогипофиз және бүйрек үстілердің қыртысы қызметті біріккен болады. Сондықтан, ол бір жүйе – гипоталамо-гипофизарлы-бүйрек үстілер жүйесі деп аталады.
Бүйрек үсті безінің милы қабатының гормондары
Бүйрек үсті безінің милы қабаты катехоламиндерді өндіреді: адреналин және норадреналинді. Адреналиннің үлесіне - 80%, норадреналинге - 20% гормондық секреция мөлшері келеді. Адреналин мен норадреналин секрециясы хромаффиндік жасушаларда тирозин аминоқышқылынан синтезделіп атқарылады.
Адреналин бауыр мен бұлшықетте гликогеннің ыдырауын күшейту арқылы көмірсулар алмасуының реттелуіне қатысады. Нәтижесінде, қан плазмасындағы глюкоза мөлшері жоғарылайды.
Қорытынды
Реттеуші гипоталамус пептидтерінің кейбіреулері тек бас миының нейрондарында ғана емес, сонымен бірге басқа мүшелердің ерекше жасушаларында да (мысалы, ішекте) табылған. Бұл пептидтерді өндіретін жасушалар, қазіргі көзқарас бойынша, әртүрлі мүшелер мен ұлпалардың жасушаларына таратылған диффуздық нейроэндокриндік жүйені құрайды деп есептеледі.