Гормондар секреттелуші орнынан нысана-мүшелерге айналымдағы сұйықтықтар: қан және лимфа арқылы тасымалданады. Гормондардың тасымалдануы оның ерігіштік қасиетіне байланысты. Гидрофилді табиғаттағы гормондар, мысалы, (протеиндік-пептидтік гормондар) суда ерігіш болғандықтан қанда бос күйінде тасымалданады. Стероидты, қалқанша безінің гормондары плазма протеиндерімен комплекс түзіп тасымалданады. Олар спецификалық тасымалдаушы протеин болуы мүмкін (тасымалдаушы төмен молекулалы глобулиндер, тироксинбайланыстырушы протеин, кортикостероидтарды тасымалдаушы транскортин), бейспецификалық (альбуминдер), сонымен бірге қанның пішіндік элементтеріне адсорбцияланған түрде тасымлданады.