Тақырыбы Алматыдағы желтоқсан оқиғасы және оның саяси бағалануы



бет3/5
Дата29.09.2023
өлшемі4,41 Mb.
#111452
1   2   3   4   5
Байланысты:
6-сабақ

Желтоқсан қозғалысының үшінші сатысы – бұл баррикаданың екі жағындағы күштердің арбасудан алысуға, текетірестен сүзісуге, жұлысуға ұласуы, қозғалыстың бунт-стихиялы көтеріліске айналу сәті, жүйенің қарулы жазалаушы отрядының күш жұмсап, наразы топты еріксіз қорғаныс жасауға, күшке күшті қарсы қою кезеңі болды. Сөйтіп, жастар бастаған бейбіт шеру “экстремистік пиғылдағы ұлтшылдар тобының бүлігі”, – деп бағаланып, Кремль көсемдерінің шешімімен жаппай жазалауға ұласты.

Бой көрсетушілерді қуып таратудың арнаулы жедел жоспары “Құйын – 1986” деген кодтық атпен жасалынды. Операцияны өткізуге 5700 адамнан тұратын Алматы горнизонының күштері мен құралы тартылды. Мұнан басқа КСРО ІІМ-нің арнайы ішкі әскерлері Фрунзе, Ташкент, Челябі, Новосибирь, Уфа, Свердловск, Тбилиси қалаларынан – барлығы 2169 адам жұмылдырылды. “Ығыстыру операциясы” деп аталатын шаралар заңға қайшы, адамшылыққа жат әдіс-тәсілдерді пайдаланумен, әрі ақтаушысы жоқ, мәнсіз қатыгездікпен жүргізілді. 1986 жылы 18 желтоқсанда Қазақ КСР прокурорының орынбасары А.Д. Мызников бастаған тергеушілер тобы желтоқсан оқиғасына қатысушылардың үстінен қылмыстық іс ашуға қаулы шығарды.

Әсіресе, 1987 ж. 5 қаңтарда Қазақ КСР прокуратурасының қазақтың қайсар ұлы Рысқұлбеков Қайрат Ноғайбайұлының үстінен қозғаған қылмыстық ісі тергеу тобы жүргізген істердің ішіндегі ең жан-түршігерлік іс еді. Ішкі істер ор­га­нының қыз­меткер­лері Қ.Рысқұлбековті С.Са­виц­кийдің өліміне кінәлі етті. Қазақ КСР-і Жоғарғы Со­тының қыл­мыстық істер жөніндегі кол­ле­ги­ясы­ның төрағасы Е. Гра­бар­никтің 1987 ж. 16 ма­усым­дағы Үкімімен Рысқұлбе­ков - ең жоғары жа­за өлім жа­засы атуға бұйырыл­ды. Кейіннен Рысқұлбе­ков­тың ату жа­засы амал­сыздан 20 жылға бас бос­тандығынан айыру жа­засы­мен ауыс­ты­рыл­ды. Бірақ Рысқұлбе­ков Се­мей түрмесіне жеткізіліп, 1988 ж. 21 мамырда құпия жағдай­да қас­тандықтан көз жұмды. Жел­тоқсан көтерілісінің бас құрба­ны болған Рысқұлбе­ков еліміз еге­мендік алған­нан кейін Қазақстан Жоғарғы Со­ты Пле­нумы­ның 1992 ж. 21 ақпан­дағы шешімімен то­лықтай ақтал­ды. Оған «Ха­лық Қаһар­ма­ны» атағы берілді. Желтоқсан құрбандары арасында Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова және Сәбира Мұхамеджанова есімдері ерекше орын алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет