Тақырыбы Алматыдағы желтоқсан оқиғасы және оның саяси бағалануы


АЛМАТЫДАҒЫ ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫ



бет4/5
Дата29.09.2023
өлшемі4,41 Mb.
#111452
1   2   3   4   5

АЛМАТЫДАҒЫ ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫ


Бұрқ етті қазақ баласы,
Кеудеде өршіп наласы.
Алаңға қарай ағылды,
Таусылып барлық шарасы.

Желтоқсан қозғалысы басылысымен-ақ жастарды тек түрмеге ғана жабумен емес, ұжым арасында масқаралап жастардың ең жоғарғы органы саналған комсомол қатарынан шығару ісі лезде басталды. Осы орайда 1987 ж. 14 қаңтарда Қазақстан Компартиясы ОК-не Алматы қаласындағы 17-18 желтоқсан күндері барысында ұсталғандар арасында комсомол мүшелері – 759 адам болса, комсомол қатарынан қуылғандары – 595 адамды құрады. Жігіттер мен қыздар арасынан 716 сөгіс алды. Комсомолдан қуылғандардың 308 адамы жұмысшылар, 2021-і ЖОО-ның, 50-і техникумдардың студенттері, 26-сы кәсіптік-техникалық училище оқушылары, 2-уі жалпы білім беретін мектеп оқушылары, 8-і қызметшілер болды.

Желтоқсан қозғалысына тек студент жастар емес, жұмысшы жастардың да қалың қолы қатысты. Жұмысшы жастардың басым бөлігі “Алматы тұрғын үй құрылысы” тресінің “Құрылыс-монтаж” басқармасында, “Алматы ауыр машина жасау” зауытында, “Алматы мақта-мата” комбинатында, “Поршень” зауытында, “Тұрмыстық химия” зауытында, Гагарин атындағы тігін фабрикасында істейтіндер еді. Осы зауыттар мен фабрикаларда жұмыс істейтін жігіттер мен қыздарда аз қорлық көрген жоқ. Кейбірі абақтыға жабылып, 5-6 жылдан бас бостандығынан айрылып жатса, кейбірі қудалауға ұшырап желтоқсан қозғалысы кезінде соққыға жығылды.

1986 ж. Желтоқсан оқиғасы тек Алматыда ғана емес, аймақтарда да арпалыс туғызды. Бұл кезде митінгілер мен шерулер Жезқазғанда, Қарағандыда, Талдықорғанда, Арқалықта, Көкшетауда, Өскеменде, Сарыөзекте, Семейде, Талғарда, Шымкентте және т.б. қалаларда өтті.

Сөйтіп, кеңестік жүйенің құрсауын қақыратуға тырысқан қазақ жастарының бұл көтерілісі аяусыз басып жанышталды. Шеруге күшпен тойтарыс беруге бұйрық алған құқық қорғау қызметкерлері өте анайы түрде әрекет жасады. Ұсталғандарды ұрып-соғу, жартылай жалаңаш жандарды ақ қар, көк мұзда ұстау, прокурордың санкциясынсыз қамауға алу және тағысын-тағы заңсыздықтар орын алды. Жастарды алаңнан қуып шығу үшін дубинкалар, сапер күрекшелері, қызмет иттері, өрт сөндіргіш машиналар және басқа да техникалар қолданылды. Құқық қорғау органдарының бұл заңға қайшы әрекеттерінің соңы бейбіт шеруге қатысушыларды қуғын-сүргінге салуға ұласты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет