Тақырыбы Алматыдағы желтоқсан оқиғасы және оның саяси бағалануы



бет5/5
Дата29.09.2023
өлшемі4,41 Mb.
#111452
1   2   3   4   5

Желтоқсаншылар үстінен жүрген сот істерінің өзектісі Қ.Рысқұлбеков, Т.Тәшенов, Ж.Тайжұманов, Қ.Күзембаевқа арналған сот үрдісі екені мәлім. Өлім жазасына кесілген Қайрат Рысқұлбековтың, Мырзағұл Әбдіқұловтың, түрлі мерзімге кесілген басқа да азаматтардың Отанның берілген тұлғалы жандар екендігін, сондықтан да олардың нақақтан нақақ отаршыл, зымиян, әділетсіз жүйенің рахымсыз құрығына іліккендерін іштей түсінді де тыңды. Желтоқсан ерлерін соттау барысында билік саясатына жол берілді. Оқиғаларға қатысушылардың қозғалған қылмысты істерін сот пен тергеуде заңдылықтың өрескел түрде бұзылуына жол берілді. Солар бойынша тергеу қысқа мерзімде, үстірт және айыптауға айқын бейімділікпен жүргізілді. Өлім жазасына кесілген Қ.Рысқұлбековтың ісі оның айғақты дәлелі еді. Желтоқсан қозғалысы қоғамның даму барысында қалыптасып, пісіп жетілген-ді. Оның шығу, өрбу себебі – жүйенің шала дүмбілездігінде, оның империялық, тоталитарлық, казармалық табиғатында жатты.

Қазақ жастарының 1986 ж. желтоқсандағы бас көтеруінің түрі ұлттық болғанымен мазмұны ұлтшылдық емес еді. Ол басқа халықтарға, соның ішінде орыс халқына қарсы бағытталмаған болатын. Бұл ереуіл саяси сипаттағы бейбіт демонстрация еді, мемлекеттік құрылысты құлатуға шақырған жоқты. Бірақ республиканың және орталықтың партиялық-бюрократиялық құрылымы тарапынан ол экстремистік (экстремист – шектен шыққан көзқарасты жақтаушы) пиғылдағы ұлтшыл жастар тобының бүлігі деп бағаланды. Өмір сүріп тұрған жүйе оны “Қазақ ұлтшылдығы” деп айыптауға дейін барды.

Желтоқсан оқиғасы бойынша тергеу барысында 99 адам сотталды, 264 адам жоғары оқу орындарынан, 758 адам комсомолдан шығарылды. 1164 комсомол мүшесіне, 210 партия мүшесіне әртүрлі жаза берілді, 52 адам КОКП қатарынан шығарылды. Ішкі істер министрлігінен 1200 адам, Денсаулық сақтау және Көлік министрліктерінен 309 адам жұмыстан босатылды, жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды.

Қорыта айтқанда, жастар нан үшін, күн көріс қамы үшін ғана емес, ең алдымен халықтың намысы үшін, басқалардан тәуелсіздігі үшін күресті. Желтоқсан қозғалысында қала көшесін кернеп, алаңды толтырған жастар халқының намысын қорламауды талап етті. Қазақстандағы 1986 ж. Желтоқсан қозғалысы ел есінде сақталды. Бұл тәуелсіздік үшін және Қазақстанның егемендігі үшін күрестің бастамасы болды.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет